Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет41/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

таным – мəдениет – тіл 
үштігіне сүйене отырып, қазақ əйелдері 
туралы этнотанымдық мəні мен маңызы зор тілдік фактілер – фразеоло-
гизмдердегі əйелдер бейнесін когнитологиялық құрылым мен концеп-
тілік модельдер арқылы антропоцентрлік парадигма аясында талдау адам 
болмысын нақты, жан-жақты танытады.
Жер бетіндегі ұлттар мəдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық. 
Бұл əсіресе адамдардың қарым қатынасынан, өмір сүру формаларынан, 
тіпті гендерлік ерекшеліктерінен де анық байқалады. 
Жалпы адамзаттық, жалпы ұлттық құндылықтардың ерекшелік-
терін таныта алатын күрделі ұғымдардың бірі – Əйел. Əйел күллі адам-


59
зат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге ұрпақ əкелуші, жылулық 
пен мейірімділіктің, тəрбиенің, отбасы берекесінің бастауы ретінде 
ұғынылады. Тілдік бірліктер арқылы танылатын əйел бейнесі санада 
өміршеңдік, заттық, тұрақтылық, сезімталдық т.б. белгілермен ерекшеле-
неді. Əр түрлі ситуациялар мен тақырыптарда сипатталатын əйел бейнесі 
дүние моделін жасауға қызмет етеді. 
«Əйел» лексемасы қазақ тіліндегі фразеологизмдердің когнитивтік 
аспектіде зерттелуіне тілдік фактор бола алады жəне ерекше-концеп-
тілер қатарынан орын алады. Əйел атауымен кешенді ұғымдық сапаға 
ие жəне прагматикалық ықпалы əр қилы фразеологизмдер əйел атауына 
қатысты мағыналық ассоциациялық байланыста мағыналас жəне қарсы 
мəнде семантикалық категориялардың парадигмаларын түзеді. Сонымен 
қатар, адам баласының ұрғашы жыныстылар ұғым жүйесін құраушы 
түсініктердің ішіндегі қолдану аясы барынша бейтарап, бөлшектен 
бүтінге қарай топтастырғанда кешендік жалпылылық сапаға ие кон-
цепт ретінде тұжырымдалып, əйел атауына қатысты фразеологизмдердің 
когнитологиялық құрылымы анықталады. 
Қазақ тілінде əйел атауына қатысты жасалған фразеологизмдердің 
семантикасынан ұлттың мəдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған 
дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымы ерекшеленеді. Қазақ 
тілінде əйел атауына қатысты танымдық мəдениеттің ақпараттық ере-
кшеліктерін айқындайтын концепт құрылымдар бар. Концептілік 
құрылымдардың санада бейнеленуі əр түрлі формада көрініс табады.
Қазақ тілінде əйел атауына қатысты танымдық мəдениеттің ақпараттық 
ерекшеліктерін айқындайтын концепт құрылымдары əйел болмысын та-
нытатын əрбір сема санада 
фрейм, гештальт, скрипт, сценарий, схема, 
ойсурет, стеоретип 
ретінде
 
сақталған. 
Концепт құрылымдар арқылы фразеологизмдердегі əйелдер бейнесінің 
лингвомəдени мазмұны сипатталады жəне фразеологизмдердегі əйел 
бейнесінің этнолингвисткалық мазмұны ашылады. Əйел бейнесінің 
этнолингвистикалық мазмұнын концепт құрылымдар арқылы сипаттау ұлт 
мəдениетінің тілдегі көрінісін анықтауға мүмкіндік береді. «Əйел» кон-
цептісі өміршең құрылым деп танылып, оның лингвомəдениеттанымдық, 
психолингвистикалық, лингвокогнитивтік ерекшеліктері көрсетіледі. 
Қазіргі лингвистикада концептінің заттық жəне бейнелілік ерек-
шеліктері қабылдау арқылы қалыптасқан дағдылы жағдаяттардың 


60
жалпыланған құрылымы фрейм ретінде белгіленеді. Фрейм – адамның 
жадында жинақталған барлық білім қорының өлшемі мен сипаты. Əлем 
сан қырлы, сан сипатты болғандықтан, жадыда дүние үзіктері əр түрлі 
бейнелермен сақталады. Фреймде тілдік сананың этномəдени ерекшелік-
тері айқын байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет