сылу ↔ Жүрегі алып ұшу. ♦ Кейде болымсыз жұрнақтардың қызметі компонеттер арасында ан-
тонимдік мағына туғызады: Куəлі істі куə табар ↔ Куəсіз істі күмəн табар. ♦ Фразеологизм құрамындағы кейбір компоненттер өзара қарсы мəндде
айтылмай, бірақ мəнмəтінде /контексте/ анонимдік мағына жасайды:
Қысқа күнде қырық рет шабу, Мұңын мұңдау, жырын жырлау; Бұлар
прагматикалық антонимдер деп аталады. Антонимя құбылысы жеке
сөздер мен фразеологимздерде əр түрлі көрінеді. Ал олардың арасындағы
жалпылылық – антонимияның лингвистикалық құбылыс екендігі. Жеке
сөз бен фразеологиялық бірліктердің екі басқа тілдік фактор болуы – ере-
кшеліктері. Сондықтан фразеологизмдер мен сөздердің антонимиялығы
лексикалық, фразеологиялық талдауды қажет етеді.