Монография «Елтаным баспасы»


«құдай дескен», «құдай бұйырса», «ағып тұрған (сөзге)», «салып ұрып»



Pdf көрінісі
бет152/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   193
Байланысты:
Verstka

«құдай дескен», «құдай бұйырса», «ағып тұрған (сөзге)», «салып ұрып», 
«абырой болғанда» тіркестері осы үлгіде ғана қолданысқа түседі. 
Алайда тұрақты тіркестердің кез келгені тіркесімділікті талғамай-ақ 
қолданыла бермейді. Міне, осы тұстан фразеологияның синтагматикалық 
апектісі сөз етіледі.
Фразеологиялық синтагматика  туралы  біз зерттеу  еңбектерімізде 
айтылған тұстарына қайта оралсақ:
«Бүкіл фразеологиялық материалдардың семантикалық парадигмаларға 
жіктелуі, мəселен, вариантты, синонимдес, антоним тұлғалар, сондай-ақ 
олардың көп мағыналылығы мен жеке нақты мағынасы жəне жалпы 
семантикалық тақырыптық қатарларға бөлінуі фразеологимздерді толық 
зерттеп, танып білуге аздық етеді. Тілдік жүйедегі екінші аспекті синтаг-
матикада фразеологизмдердің ең алдымен өзі тіркесе алатын сөздермен 
грамматикалық байланысы арқылы ғана фразеологиялық материалдардың 
функционалдық қызметінің шегі белгіленеді. Семаникалық синтагма-


196
лар аясында фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары 
соңынана тұратын, əрі сол мағынаның толық жұмсалуына себеп болатын 
бір сөз тұруы шарт. Мұндай сөздерді қазақ тілінде сүйемел сөздер деп 
атадық. 
Сүйемел сөздер фразеологизмдердің қатарына кірмейді. Олар еркін 
қолданыста жүрген белгілі бір сөздер тобы. Мысалы, жел аяқ, жел жет-
пейтін, табаны жерге тимейтін, алдына қара салмайтын тіркестерінің 
сөйлем ішінде нақты жұмсалына, мағынасын айқындай түсуге жүйрік 
сөзі сүйемел сөз ретінде тұрады. Сол сияқты ат үсті, қалай болса солай, 
нем кетті тіркестері тек қарау етістігімен ғана тіркесіп, жұмсалады. 
Немесе бір нəрсеге, кейде кісіден көз алмау, ішіп-жеп бара жатыр, 
жеп жібере жаздау, жеп жіберердей, көзі өңменінін өту, көзінің сұғын 
қадау, оқты көзімен ату – фразеологизмдеріне да қарау етістігі сүйемел 
сөз ретінде тұрады» (Смағұлова, 1998, 41). 
Сонымен, қазақ фразеологиясының синтагматикалық аспектілерін-
дегі: 
ü фразеологизмдердің тіркесімділік шектері,
 
ü синтагмалық оралымдары,
 
ü сүйемел сөздер 
арқылы тұрақты тіркестрдің өте күрделі синагматикалық байланыстарын 
айқындауға болады. 
Мысалы, БАРМАҒЫН ШАЙНАУ/ ТІСТЕУ – өкінді, аса қатты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет