Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет153/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   193
Байланысты:
Verstka

қынжылды деген мағынада. Бұл тіркесте бармақ сөзі тек шайнау, тістеу 
етістіктерімен ғана тіркеседі. Фразеологизмнің жұмсалу қызметі бойын-
ша, тіркесімділік дұрыс сақталған. Синтагматикалық қатынаста шындық 
болмыс пен ойлау, тілдік форманың болуынан, сөздердің бір-бірімен 
мағыналық үйлесуінің арқасында фразеологиялық мағына жасалған. 
Егер етістіктердің орнын «ауырту» сөзінмен ауыстырса, мағына мүлде 
бұзылады. Бұл арада шайнау, тістеу етістіктері өмірдегі жағдаяттарды 
нақты сипаттауымен ерекшеленіп тұр. Бұл ретте синтагматикалық бай-
ланыс екі жақты: ішкі жəне сыртқы байланыс міндетті түрде сақталуы 
тиіс. Өйткені айтушының логикалық ойлауы осындай тілдік форманы 
қажет етіп тұр. 
Мысалы:
• Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да 
бір. (Қ.Ж.)
• ... Ақбала тұрып кетіп қалды. Өз бармағымды өзім шайнап қала 
бердім. (Ə.Н.)


197
• Бұл сөзді Сыздықпен бірге естіген жігіттер əңгіменің бетімен 
тегіс өкінгендей болып, əрқайсысы əртүрлі сөз айтып өздерін 
кінəлап, бармақтарын шайнады.(М.Əуезов.)
Сонда келтірілген мысалдар бойынша, етістіктердің өзгеріске түсуі 
фразеологизмдерге тікелей байланысты болады. Етістік формасы тіркес-
імге түскен фразеологизмдер арқылы анықталады.
«Синтагматикалық қатардың бір мүшесінің семантикалық тəуелсіздігі 
əлсіреген  сайын, синтагматикалық қатардың басқа мүшесі  сүйемел 
сөздің көрсеткіш күші артады. Осы сөздер мен фразеологизмдердің тір-
кесім құруы кезінде семантикалық компенсация құбылысы байқалады» 
[Жуков, 2006:108]. Мəселен, қазақ фразеологиясында кейбір етістікті 
тіркестердегі, етістік компоненттің семантикалық тəуелсіздігі жоққа тəн 
болатын құбылыстар аз емес. 
«МҰРНЫНАН ШАНШЫЛУ» – өте жұмысбасты, қолы тимеу. 
Сөйлемдерде бұл фразеологизмнің «шаншылу» етістігі көсемшенің -ып 
формасынан басқа еш уақытта түрленбейді. Сондықтан бұл арада етістік 
сүйемел сөз керек.
Мысалы:
• Ертеңнен қара кешке дейін базарда «жол,жол» деп айқайлаудан 
тамағым да бітіп қалады. Оның үстіне жүк арбаны итеруден 
иығым мен қолым талып, дем алуға уақыт жоқмұрнымнан шан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет