Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет60/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   193
Ойсурет – санада бейне, метафора, символ көмегімен танылатын 
концепт қалыптастыратын ең күрделі форма. (Н.Уəлиұлы енгізген тер-
мин). Мəселен, метафора «білімнің моделі» ретінде түсіндіріледі. Ме-
тафорада концепт қалыптастыратын құрылымдық элементтердің бей-
нелену қызметі бар. Метафора арқылы адам тəжірибесіндегі ассоциа-
тивтік, стереотиптік, символдық таным айқындалады. Мысалы, «əйел» 
концептісінің құрылымдық элементі – Ана. Ұлттық танымда мəселен, 
«ана  сүтін  ақтау»  деген  тіркесте  ананың  балаға  деген  үміті  мен  ізгі 
тілегінен шықты, ана сенімін орындау деген ұғым жатыр. Сол сияқты, 
«Анаңды Меккеге үш рет жаяу апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» де-
ген тіркесте қазақ түсінігі бойынша баланың алдында аналық парыздың 
еш өтеусіз екендігін ұғындырады. 
Метафоралау  нəтижесі  концептілік  құрылымдардың  модельдену 
көрінісін қалыптастырады. Бұл əрекет когнитивтік санадағы сенсорлық, 
перцептивтік қабылдаулар арқылы жинақталған ақпараттар негізінде 
жүзеге асады. Концептілік құрылымдарды модельдеу барысында сана-


72
да салыстыру, категориялау сияқты логикалық операциялар жұмысы 
жүргізіледі. Мысалы, «Ұжмақ анаңның аяғының астында» деген діни 
фразеологизм бар. Бұл қолданыста үлкен ой жатыр. Анаңды қастерлесең 
төбеңе көтеріп сыйла, құрметте. Демек, метафора – когнитивтік санадағы 
логикалық операциялардың динамикалық көрінісі, ой тудыру мəселесі. 
Бұл жағынан алғанда, қазақ ұлтының аса бай көремдік ой қуаты əйелдер 
бейнесі туралы не бір ғажап тілдік бірліктерді жасаған. 
Мысалы:
Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер;- əке-шеше тəрбиесін 
бірдей көрген ұл мен қыз ата-анасынан бір тəлім алып шығады демек-
ші. 
Ақылды əйел ішінде алтын бесікті ұл жатыр; Ақылды əйел болашақ 
ұрпақ  қамын  ойлайды,  текті  баланы  өмірге  əкеледі.  Кейбір  қазақ 
отбасыларындағы ұлдар тек атақты, талантты адамдардан тұрады. (Мы-
салы, Жұбановтар əулеті осыған мысал). 
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді; Бұрын жігіттер алдымен қыздың 
жеңгесімен танысып, оған түрлі сый-сыяпат жасай жүріп, қызбен таныса 
алған. (Осыған ұқсас қазір «интернет-жеңгетай» деген тіркес қалыптасып 
келеді). 
Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір əйел толтырады; Əйел 
отбасының берекесі. Егер үйде əйел болмаса, еркек қанша ақылды болса 
да əйелдің орнын баса алмайды. 
Күндестің күлі де күндес;  Бұл  «Бəйбіше-тоқал»  тақырыбында 
жиі айтылған фразеологизм. Бұрын екі əйел алған еркектің əйелдерін 
жағымсыз мағынада күндес деп суреттеген. Күндес сөзінің мəні орыстың 
«соперница» сөзінің мағыналық реңкінен басқа, тек бəйбіше мен тоқал 
арасына қатысты қолданылады.
Мысалы, когнитивтік құрылымдағы этносимволикалық мəні айқын 
кодқа  салынған  тілдік  таңба  ретінде  біздің  тілдік  санамызда  жан-
жақты қатталған лексемалардың бірі – əйел. Өйткені концепт ретінде 
танылатын іргелі ұғым əйел лексемасымен байланысты қалыптасқан 
салт-дəстүрлерден, ырым-жоралғылардан, мақал-мəтелдерден, фразе-
ологизмдерден, сан түрлі тілдік қолданыстардан мол дүниетанымдық 
ақпараттар жүйесін құралады.
Ұғым танылатын объектінің мəнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы 
болса,  концепт  ұлттық  болмысқа  негізделген  ментальды  білімінің 
жиынтығы деп түсіну керек. 


73
Əйел
 макроконцептісін мазмұн межесінде қарастырғанда, ұжымдық, 
тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры көрінеді. «Əйел» 
лексемасының  мазмұн межесін толықтыратын  микроконцептілерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет