71
зат пен құбылыстың кеңістікте контуры, сұлбасы, (геометриялық пішіні)
фигура болады. Когнитивтік санада сыртқы сингалдар мен ішкі сезім-
дер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда танытуда
схеманың өзіндік рөлі бар.
Мысалы, қазақ танымында «əйел» концептісінің схемалық құрылымда
танылуын «сұлулық» микроконцептісінен:
ай десе аузы, күн десе көзі бар
(асқан сұлу);
атқан таңдай (ерекше сұлу); т.б.
Немесе фразеологиялық тіркес қолданысынан кейін көзалдында əлде
бір сурет, сұлбаның келуі:
Қаққан қазықтай – адам немес заттың кеңістікте орналасу сипаты,
қозғалмай тұруы;
Күлін көкке ұшыру –бір нəрсені
талқандау, жоқ қылу;
Құрыққа сырық жалғау – айтатын сөзіне өтірік қосып, өсіре
сөйлеу;
Бір аяғы анда, бір аяғы мұнда – өте асығыс жүру.
Бұл фразеологиздердің жасалуына нақты, іс-əрекет, құбылыс,
жағдаяттар негіз болып, еркін тіркестер ауыспалы мағынада
қолданылғандықтан, схема елестету, бейнені көру сияқты сəтке ие бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: