Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет75/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193
Байланысты:
Verstka

тұсау кесер рəсімі өтті. /А.Ақшамы/.
Жаңа  фразеологизмдердің  пайда  болуы  мына  төмендегі  экстра-
лингвистикалық факторларға байланысты:
è қоғамда болып жатқан əлеуметтік жəне саяси оқиғалар: елдегі са-
яси тынышсыздық, «қайта құру», посткеңестік кездегі күнкөріс үшін 
адамгершілік-моральдық сипаттың өзгеруі тілде де көрінеді. Мысалы, 
«жаңа қазақ», «түнгі көбелек», «көкек ана» т.б. ; 
è урбанизация кезінде дала тілінің қала тіліне қарай жағымсыз əсерге 
ұшырауы, варваризмдердің, жаргондардың тілдік қолданысқа жаппай 
енуі. Мысалы, «базар жоқ», «косякқа кіру», «крышасы бар»; 
è қылмыстық факторлардың нəтижесінде адамдардың моральдық 
азғындауы, қылмыстың көбеюі де тілде дөрекі стиль элементтері дис-
фемизммен  еркіндікке  ие  болады.  Мысалы:  «шеккіш»,  «наркоша»  – 
нашақор; «нары», крытая» – түрме; «шөп», «травка» – марихуана т.б.
è масс-медиялық деректер: 
«жас жұлдыз», «жұлдыз ауруы», «қара пиар», «ақ пиар», «лақтырып 
кету».
Мысалы:
•  Айтыс өнерінде тұсауын кескен Еркіннің тыңдарманның 
таоап-талғамына сай, жүрек баурайтын əндер орындап жүрген 
жас жұлдыз екеніне дау жоқ. («ЖА»).


94
• Қазір қазақ эстрадасында көпшілік жас таланттарымызға тəн 
бір ауру бар. Мойындасақ та, мойындамасақ та ол – жұлдыз 
ауруы. («ЖА»).
•  «Ырғақтың» өткен нөмірінде «Қайрат Нұртас  қызылжар-
лықтарды  «лақтырып кетті»  деп аталатын  мақала 
жариялағанбыз. («ЖА»).
è əлеуметтік диалектілер – жастардың тыйым сөздерге əуес болуы, 
жаргон сөздерді қолдануды өздерінше сəнге айналдыруы. 
Мысалы: «Фарын сындыру» – көзін көгерту; «Құлақтан тебу»; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет