Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет111/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   193
жер ұғымы бəрінен де жоғары екендігін қалыптасқан тұрақты тіркестер 
бойынан табамыз. 
Мысалы:
Өлген мола, туған жер жібермейді, 
Əйтпесе тұрмас едім осы маңда. (Абай)
Ал қазақ халқында сұлу қызды аспандағы айға, күлімдеген күнге, 
судағы құндызға теңеуі, мысалы, Ай мен күндей; Ай десе аузы, күн десе 
көзі бар; Жаңа туған айдай деуі ұлттық ұғымға, ұлттық сезімге жақын 
көркем сөз айшықтары осының дəлелі. 
Ерте замандағы қазақ қауымның ұғымында жер жүзіндегі барлық 
жаратылыстың  түпкі  тегі  төрт  нəрседен:  топырақ,  су,  от  жəне  жел-
ден (ауадан) жаратылған. Барлық болмыстық өмір сүру тетігі: жарық 
пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Олардың ойынша: жарық 
–  жылудың,  күннің,  өмірдің,  жақсылықтың,  бақыттың  нышаны;  ал 
қараңғылық – суықтың, түннің, өлімнің, жамандықтың нышаны. Бұларды 
бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептеген.
Қазақ көне дəстүрі бойынша, жер – адамзат, жан-жануар, ағаш-шөптің 
анасы. Аспан – жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші ата-
сы деп есептелген. Сондықтан, ерте кездегі қазақтар көк тəңірге, жер 
анаға табынған. Қазақтың ұғымында: көк аспан бейнесі қазақтардың 
үйі сияқты, барлық өмірге пана болған көк күмбез. Аспан əлеміндегі 
жұлдыздар – осы көк күмбезге жағылған шырақтар, олардың ойынша: 
аспандағы жұлдыздардың адам өмірмен тығыз байланысы бар. Əрбір 
адамның өмірін жаратып, тағдырын бейнелейтін бір жұлдызы болады. 
Ол жұлдыз жоғарылса, бұл адамның бағы өрлейді, ал жұлдыз төмендесе, 
бұл адамның бағы қайтады. Жұлдызы оңынан туса, барлық іс сəтті бо-
лады, жұлдызы солынан туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе, 
бұл адам өледі де, оның жаны көкке ұшады дейді. Қазақтар ісі оңалған 
адамды «жұлдызы оңынан туды» дейді.
Мысалы: 
•  Олар  Ресей  патшасының  айы оңынан, жұлдызы солынан туып
жолы  болып  тұрғанын,  құрығының  ұзын  екенін  жақсы  білгені.  (Хан 
Кене. 233 б.).


134
«Айы оңынан туу» фразеологизмінің астарында халықтық бақылау 
тəжірибесі жатыр. Адамдар жаңа туған айдың алғашқы формасына қарап, 
жауын-шашынды немесе жайлы болатынына қарй алдағы күн-көріс тір-
шілігі мен шаруашылығын жоспарлай алған. Егер ай шалқалап жатып 
туса, «өзіме жайлы, шаруаға жайсыз» деп айтады деген түсінік бар. 
«Жұлдызы  солынан  туу»  –  ежелгі  түсінік  бойынша  адамдардың 
жұлдыздары əр алуан: кейде топырақ, кейде су, кейде от, кейде жел сияқты 
болып келеді, бұл сол адамның мінездемесін, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды белгілейді. Жұлдызы су сипатты адам жұлдызы от сияқты 
адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-зайыптыларды 
көргенде «бұлардың жұлдызы жараспады» дейді, өмірі бір біріне өш 
болып өткен немесе жауласып өткен адамдарды «бұлардың бірі-бірі-
не жұлдызы қарсы» дейді. Қазіргі бұл наным-сенімнің сарқыншақтары 
аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді (Ғызыхан, 342).
Түркі халықтарының мəдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары 
да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл 
мағынада, əсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Қазақ ертегілерін-
де ертегі кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей жəне т.б. деп 
бекер атамаған. Азиялық өркениетте Күнмен қатар қастерленген аспан 
шырағы Ай болған. Ай көне түрік мəдениетінде Күннің орынбасары, 
сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда əйел тіпті құдай ретінде танылған. 
Көшпелілер үшін де Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар 
қараңғы  түнде  айдың  тууы  мен  батуын  бақылаған,  одан  өздерінше 
қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа 
туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет