– сүт, жесе – ет, кисе – киім болған жылқының күнделікті тұрмыста
орны маңызды еді. Сондықтан қазақтың «жылқының сүті – шекер, еті
– бал», «жақсы ат – жанға серік», «Ат – адамның қанаты»,»"Тұяқ
тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, Ат
мұратқа жеткізер» т.с.с. мақал-мəтелдер саны өте көп.
Жылқы, əсіресе, жаугершілік көне заманның талабына сай өте құнды
мал ретінде саналды. Себебі ол кезде жауды қуып жетуге немесе одан
қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Бұл жерде ескерте
кететін бір жай, отырықшылар атқа оң жағынан, көшпелілер сол жағынан
мінеді. Бұл – жаугершіліктен қалған салт. Ол кезде атқа қонған адамның
қолы бос болу керек. Себебі, ол барлық қаруды осы қолымен ұстайды.
Ал сол жақтан мінгенде, оң қол бос болады. Оң жақтан мінгенде, қаруды
тез жұмсауға ыңғайсыз, оң қол бос болмайды.
Қазақ халқының жылқы малына деген ықыласын ауыз əдебиеті
үлгілері, ертегі, аңыз, жырлардағы жылқы бейнелері-ақ дəлелдеп
тұрғандай. Сондықтан халық аузында қалыптасқан жылқы малына
байланысты тұрақты тіркестер де оған деген ерекше ықыластың айқын
көрінісі. Мыңдаған жылдар бойы жылқы баққан көшпелі халықтарда
оны өсіру, баптау, сұрыптаудың өзіндік дəстүрі мол тəжірибесі ерекше
сөз айшықтарының қалыптасуына негіз болды.
Ат жалын тартып міну, ат кекілін кесісу, ат бауырына алу, ат
төбеліндей, ат үсті, ат шаптырым, ат құлағында ойнау, ат құйрығын
шарт түю, құлындай даусы шығу, бесті айғырдай азынау, ат басын тір-
кеу, ат сабылту, ат құрғатпау т.с.с тұрақты тіркестер осының айғағы
болмақ. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде ат/жылқы сөзінің
жүзден астам тұрақты тіркес жасауға негіз болғандығы байқалады.
165
Қазіргі қолданыста « ат арылту /сабылту/» түрінде де айтылып
жүрген «ат сабылту» тұрақты тіркесінің беретін мағынасы – əуреге
түсу (ҚТФС, 57-б). Мысалы:
• Бір айғыр үйірімен ықтап кетіп, соны іздеп, ат сабылтып келе
жатқан бетім еді. (Қазақ етегілері)
• Шабытына мінген жырау, ат сабылтып келе жатқан аңшы
тəрізді, бекер тоқтаттың, хан ием, – деді Асан қалың қабағын
түйіп, сөйтті де ар жағынан келіп қалған ызасын ұстай түксиген
қабағына қыраулы қыстай кəрін төгіп, көптен бері айтайын
деп жүрген өкпе ашуын толғай кетті. (І.Есенберлин. Алмас
қылыш).
Бұл тұрақты тіркестің «ат арылту» нұсқасы – уақыт өте келе жол жүру,
атты арытуға байланысты бастапқы «сабылтудың», «арылту» түрінде
өзгеріске түсу нəтижесі.
К.К.Юдахиннің Киргизско-русский словарь [1965, 72 б.] деген еңбе-
гінде берілген «ары» сөзінің «шаршау мағынасын ескерсек, «ат арылту»
дегенге ұзақ жүріс нəтижесінде аттың шаршауы негіз болғаны байқалады
. Осы тұрақты тіркестің бастапқы нұсқасы «ат сабылту» екендігінің не-
гізін осыдан бес ғасыр бұрын жасаған, яғни XV ғасырда өмір сүрген
ғалым, қара-үзген шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік баян» атты еңбегінен кездестіреміз. Мұнда сегіз «ат
сабылтқы» туралы сөз етеді [1994:20 б.]. Ат сабылтқылық көмек, ат
сабылтқылық шабарман, ат сабылтқылық есірткі, ат сабылтқылық
сүйінші, ат сабылтқылық аттан, ат сабылтқылық есалаң, ат
сабылтқылық қашу, ат сабылтқылық қуу. Бұл асығыс суыт жүрістің
белгілі бір себебі болатындығының, яғни халқымыздың салтында атпен
жүрудің де өзіндік мəні барлығының куəсі. Сондықтан, қазір «əуреге
түсу» мағынасын беретін «ат сабылту» тіркесінің мəні, түп-төркіні,
қазақтың атқа міну дəстүрімен байланыс табатыны байқалады.
Сонымен қатар, тілімізде « ару, жүдеу» мағынасында қолданылатын
« жілік майы таусылу, жілігі татымау» деген тұрақты тіркестерді жиі
кездестіреміз.
Бұл тұрақты тіркестің мəнін атты күтіп, баптаумен байланысты
166
қарастырсақ, қазақ атбегілерінің тұлпардың жілік майының толуына
ерекше назар аударғанын байқаймыз.
Осы тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болып тұрған сөз
– жілік. «Жілік» жан-жануарлардың қол-аяғында болатын негізгі он
екі мүшенің жалпы аты. Жілік өз ішінен асықты жілік, кəрі жілік, ор-
тан жілік, тоқпан жілік деп бөлінеді. Ендеше, осы тұрақты тіркестің
қалыптасуына негіз болған қай жілік?
Қазақтың бұрынғы тəжірибесінде жүйріктігіне əбден көз жеткен
сəйгүліктің қасына бір құрбандық жылқы қосып жіберетін болған. Неме-
се ұзақ шабысты, қан майданнан арып шыққан тұлпарды бағым-күтімге
алғанда, оның қасына басқа ат қосып, екеуін бірдей жағдайда ұстап,
екеуін бірдей күткен. Арыған тұлпардың жіліншігіне май толды-ау деген
кезде немесе сəйгүліктің жілік майының ағарып, жаратуға жеткен-жет-
пегенін анық білу үшін оның жанындағы бірге оттап, бір жүрген қосар
жылқыны сойып көреді. Егер жілік майы ағарып, шынылана бастаса
ғана сəйгүлікті жаратуға кіріседі, оның қасындағы қосалқы атты сойып,
жіліншігін шағып қарау тəжірибесі кең жайылған. Кəнігі атбегілер аттың
жіліншік майы толып, ешбір қара дақсыз, аппақ болып біткенін көргенде
ғана, күтімдегі тұлпардың күйіне көңілі толған. Яғни о баста «жілік майы
таусылу» немесе «жілігі татымау» тұрақты тіркесі жіліншік майының
толуына байланысты қалыптасса керек.
Жіліншік – аяқтың тізеден төменгі жіңішке сүйегі. Жілік майы
таусылуға ұқсас қырғыз тілінде жилиги үзүлүү тіркесі бар.
Ол туралы қырғыз ғалымы былай дейді: Жилиги – үзүлүү малдың
өтө эле арыктап, абалга жетиши. Жилик бир топ түрк тилдеринде сөөктүн
ичиндеги чучугу. Мал арыктап кеткенде сөөктүн ичиндеги чучугу улам
ичкерип отуруп үзүлгөн кезде мал өлүп калат окшайт. Эмне себептен
кыргыздар сөөктү жилик деп калганы белгисиз [Карасаев, 78 б.]. Бұл
арада қырғыз тілінде жілік сөзі май (чучуг) мағынасында қолданылып
тұр.
Қазақта үйіріңмен үш тоғыз олжа көбейсін деген тілек мағынасында
қолданылатын тұрақты тіркес түрі бар. Бұл фразеологизм де халықтың
малға қатысты күн кешкен тұрмыс-тіршілігіне қатысты жасалған.
Əсіресе, көшпелі мал шаруашылығының өзіндік дəстүрінен туатын
тəжірибелік іс екенін байқатады. Төрт түлік малдың басын көбейту үшін
үйірге еркек малдардан бура, айғыр, қошқар салғанда олрдың арасына
167
тоғыз ұрғашыдан бөліп отырған. Бұл тəжірибе үйір-келе салу деп атала-
ды. Мал ішінен тұқым сұрыптау түрі осылай жүзеге асырылатын болған.
Мəселен, бірыңғай күрең немесе мақпал қара, ақ боз сияқты болып келуі
үшін жылқы малының сырт түсінің де дұрыс сұрыпталуын қадалаған.
Көшпелі қазақтардың осындай тəжірибелік дəстүрі қытайдың бұрынғы
жазбаларында кездесетіндігі туралы мəлімет бар. [қараңыз: Кюнер Н.В.
Китайские известия народах Южной Сибири, Центральной Азии и даль-
ного Востока. М., 1961, 12 с.].
Алайда бұл дəстүр қазақтардың басқа да салттық түрлерінде өзгеше
мағынамен көрініс береді. Мысалы, аса үлкен сый-құрмет жасағанда, со-
нымен қатар, құн төлетіп, ерекше айып-жаза тарттырғанда тоғыз-тоғыздан
атап көрсетіп, межелік өлшем етіп белгілеуді қалыптастырған.
Қазақ тілінде тыныштыққа байланысты «Құлаққа ұрған танадай»
деген тұрақты тіркес бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде бұл
тұрақты тіркес тып-тыныш, жым-жырт деген мағынаны береді делінеді.
Мысалы:
• Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома
түскен. Ұлы сыншы ойын ешкім бұзар емес, құлаққа ұрған тана-
дай
бəрі бірдей тына қалған. (І.Есенберлин. Алмас қылыш.).
• Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық
жұрт құлаққа ұрған танадай үн түнсіз. (Алмас қылыш).
Осы тұрақты тіркестің қалыптасу мотивіне үңілсек, неге басқа емес
тана жəне оның құлаққа қандай қатысы бар деген сұрақтар туары сөзсіз.
Бірақ тұрақты тіркестердің көпшілігінің қалыптасуында белгілі бір мо-
тив болатынын ескерсек, мұның да бір негізі болуға тиіс. Ол негізді біз
халық тұрмысымен, халық тіршілігімен байланыстыра қарастырдық.
Сиырдың жас төлінде (бұзау, тана, баспақ) «айналшық» деген дерт
кездеседі. Оны ғылыми түрде « ценуроз» деп атайды. Бұлай ауырған мал
сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Қазақтарда осыған байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |