181
келеді.
Мысалы:
Ыстық қанды ↔ суық қанды,
Дүниеге келу ↔ дүниеден кету,
Қолы ұзару ↔ қолы қысқару,
Маңдайының бес елі бағы бар ↔ маңдайының бес елі соры бар
– бір құрылымды антонимдер.
Ал антоним фразеологизмдер лексикалық құрылымы мен синтаксистік
құрылысы
жағынан ерекшеленіп тұрса, онда олар
əр құрылымды.
Мысалы:
Ауылы аралас, қойы қоралас болу ↔ ит пен мысықтай болу
Ит арқасы қиянда ↔ таяқ тастам жерде
Əмпей-жəмпей болу ↔ жүз жыртысу
Ит жеместі жесісу ↔ ауыз жаласу
Фразеологиялық антонимдер көбінесе етістікті фразеологизмдер
құрамында кездеседі.
Етістіктердің қарама-қарсы мəнде кездесуінен мысалы,
жанды
– сөнді, түсті – көтерілді, кеңіді – тарылды т.б. сияқты сөздерден
эквиполентті антонимдер жасалады.
Шырағы жану ↔ Шырағы сөну
Еңсесі түсу ↔ Еңсесі көтерілу
Пейілі кеңіу ↔ Пейілі тарылу
Кейде қарама-қарсылық ұғымдарды əр түрлі фразеологиялық
мағыналарды салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, компонет-
тер жеке тұрып қарма-қарсы мəнде айтылмай-ақ, /басына
ақ күн туу ↔
қара күн туу дегендегі
ақ – қара сияқты/ қарсы мəндегі ұғымды беретін
тіркестер бар.
Мысалы:
Үлде мен бүлдеге орану ↔ үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ, Аспан
айналып жерге түскендей ↔ сақылдаған сары аяз.
Достарыңызбен бөлісу: