Монография «Елтаным баспасы»


Сөз қолданысындағы реңктер



Pdf көрінісі
бет132/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   193
Байланысты:
Verstka

3. Сөз қолданысындағы реңктер. 
Тілдегі  синоним  сөздер  қаншалықты  мағыналас,  мəндес  болса  да 
бірінің орнына бірін емін-еркін ауыстырып қолдана беруге болмайды. 
Сөздердің  ежелден  қалыптасқан  қолданыс  орны,  қолданыс  жиілігі, 
басқа  сөздермен  тіркесімділігі  дейтін  заңдылықтары  бар.  Бұрыннан 
қалыптасқан тіркестер құрамындағы сөздердің орнына мағыналас кез 
келген сөзді ауыстырса, мағынасына нұқсан келеді жəне сөз бойындағы 
ерекше реңк бұзылады. Мысалы: өмір сүрді ≈ ғұмыр сүрді, биік тау ≈ 
бойшаң тау. 
Ал мағыналас фразеологизмдердің фразеологизмдердің лексикалық 
синонимдерден едəуір айырмашылықтары бар. Олар:
♦ Тұрақты тіркестердің семантикалық нəтижесі – фразеологиялық 
мағына. Адамдар сөйлеу қажеттілігін өтеу кезінде фразеологизмдерді 
алдымен  айтайын  деген  ұғымының  мағынасына  қарай  таңдайды. 
Сондықтан мағыналас фразеологизмдердің қатар басы фразеологиялық 
мағынаға бағыт беретін тірек сөз /доминант/ – лексикалық мағынадан 
басталады.  Мысалы,  к ө ң і л с і з д і к ұғымына  қатысты  мынадай 
мағыналас тіркестер қатар түзеді:
Бас терісі салбырау
Еңсесі түсу
Екі иығы салбырау
Жүзі сынық
Жүні жығылу
Жігері құм болу
Илеген терідей болбырау


178
Көңілі жер болу
Көңілі құлазу 
Қабағы салбырау т.б.
♦  Мағыналас  қатарға  біріктірілген  фразеологизмдер  тек  жалпы 
ұғымды беру шарт. Мағыналас фразеологизмдер лексикалық синонимдер 
сияқты тек белгілі бір сөз табына жатпайды, бір семантикалық өрістегі 
тұрақты тіркестер ретінде жалпы ұғым мен түсінікті қамтиды. Сол се-
бепті мағыналас фразеологизмдер қатарына əр сөз табынан ұшыраса бе-
ретін жəне құрылым құрылысы əр түрлі болып келетін фразеологиялық 
тірккстер енеді. Ұғымның жан-жақты берілу формалары басты мəселе. 
Мысалы, ұ я л у жалпы ұғым. Ал оның фразеологиялық көрінісі:
Бетінен оты шығу 
Өлмегенге қара жер
Өлген жері осы
Кір келтіру
Беті күю
Жер шұқу
Жүзі шыдамау
Құлағының ұшына дейін қызару т.б.
♦ Мағыналас қатарда тұрған фразеологиялық тіркестерде жалпы ұғым 
мен түсінік басты ерекшелік болғандықтан қатар жасайтын мағыналас 
тіркестер түрлік сипатпен емес ұғымдық сипатпен іріктеледі.
♦  Ұғым  жалпылылыққа  негізделеді,  ал  түсінікке  нақтылық  тəн. 
Сондықтан, мағыналас фразеологизмдерді топтастырғанда тіркестердің 
мағынасы тепе-тең сөздер емес, мағынасы жақын, мəндес квазисиноним-
дер басты орында болады. 
♦ Мағыналас фразеологизмдер қатарын тілдегі адамдық фактор, яғни 
антропоцентризм тұрғысынан жалпы ұғымдық катыста біріктірілетін 
фразео-семантикалық тақырыптық топтар құрайды.
♦ Фразеологизмдердің басты ерекшелігі – бейнелілік, затты, құбылысты 
бағалау, сипаттау. Мағыналас қатарлар эмоцияның алуан түрлі реңктерін 
жан-жақты көрсете алады. Əсіресе, жоғары эмоция түрлерін ерекше си-
паттайтын синонимдік қатарлар саны жоғары дəрежеде.
♦ Мағыналас фразеологизмдер қатарларының доминанты, тірек сөзі 


179
болып жеке сөз де тұруы мүмкін немесе тірек мағына ретінде жеке фра-
зелогизм де болуы мүмкін. Мысалы, р е н ж у : қабағында кірбең болу 
 көңілі құлазу  тауы шағылу т.б 
Ал мына мағыналас қатарларға: бағы жанбау  сормаңдай болу ≈ 
тұмсығы тасқа тию  басынан бағы таю т.б. жеке сөз тірек сөз /до-
минант/ бола алмайды, мұнда тек ұйытқы немесе тірек мағына ж о л ы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет