Монография «Елтаным баспасы»


ройын төгу», «қыл мойынға тақалу», «қайрап салу», «тұмсығы тасқа



Pdf көрінісі
бет188/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193
Байланысты:
Verstka

ройын төгу», «қыл мойынға тақалу», «қайрап салу», «тұмсығы тасқа 
тию», «шоқтығы асып тұру», «басын тауға да тасқа соғу», «қолымен 
от  көсеу»,  «қырына алу»,  «ұзында өші, қысқада кегі»  т.б.  толып 
жатқан сөз мəйегі. Сірə, бұл тіркестерге сай балама фразеологизмдердің 
жоқтығы немесе сөзбе-сөз аударуға болмайтын жағдайлар аталған фазе-
ологизмдерді «ысырып қоюға» мəжбүр еткен. (аудармашы Л.Соболев). 
Бұл арада аудармашы стратегиясына əлеуметтік-мəдени ықпал пəлендей 
əсер етті дей алмаймыз. Жоғарыдағы бейнелі тіркестерге «аударма тілінің 
қысқалығы» қол байлау болғанға ұқсайды. «Проблема непереводимости 
в языке – это прежде всего проблема несводимости культурных идиом
а не онтических картин мира» деген пікір еске түседі [Телия В.Н., 1996, 
226].
«Абай жолының» орысша нұсқасының өн бойында мұндай олқылықтар 
жетіп  артылады.  Ал  еркін  аударма  нəтижесінде  қазақ  тіліндегі  біраз 
фразеологизмдердің  оқушы  үшін  де,  ұлт  тілі  үшінде  «бағы  жанған» 
түрлері бар. Жоқтан гөрі барға қанағат тұтуға тура келеді.
Мысалы: 
• кəрі құлақты – уши много слыхали 
• қанын ішіне тартып – бледный и разъяенный 
• ақ түйені қарны жарылды – у белого верблюда брюха распоро-
лось
• ауыл итінің құйрығы қайқы – в своем ауле хвост у собаки крюч-
ком
• шаш ал десе, бас алған – дерзость и наглость
• қас-қабағына қарап құрақ ұшу – чутко следить за малейшей 
переменой в настроении
• көзіне көк шыбын үймелету – обсели зеленые мухи, глаза зале-
пили т.б.
Түпнұсқадағы ұлттық сөздің бояуы қандай шамада қалғанын оқушы 
өзі-ақ аңғарады. Бұл арада калькаланған жəне тіркестер мағынасын бе-
румен шектелген. Кейде калькалаудың кесірінен ой мүлдем түсініксіз 
болып қалады. Мысалы, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін-
дегі «Бізде дұрыс айтады ...ағасы бардың жағасы бар» (164) мақалдың 


241
аудармасы: «Унас говорят вполне справедливо: у кого есть брат, у того 
и воротник» (151) (аудармашы М.Балыкин). 
Қазақ мəдениетінің бір ерекшелігі туысқандық қарым-қатынас – ұлт 
ерекшелігінің  ең  маңызды  қасиеттерінің  бірі.  Ал  туыстық  атауларға 
түркі тілдерінің ішінегі ең бай тіл қазақ тілі. Мақалдың мазмұны кімнің 
алдында ағасы тұрған болса, ақылшысы, көмекшісі, қорғаушысы бар 
деген мағынада айтылады. Аударманың сəтсіздігінен басқа мəдениеттегі 
оқушы үшін «воротник» сөзі нендей түсінікті ассоциациялауы мүмкін? 
Негізінде түпнұсқада бар фазеологиялық тіркес сол шығарма үшін 
орасан  тілдік-көркемдік-стильдік  қызметті  атқарумен  қатар,  ұлттық 
мəдениеттен  дерек  беретін  мəдени  ақпар  көздері.  Кез  келген  ұлттық 
мəдени лексика мен фразеологиялық тіркестерде сол ұлттың мəдени өмірі 
жатыр. Сондықтан мүмкіндікке қарай, еркін аударма ондай ақпарларды 
қамтуы тиіс.
Мысалы:
• Бүгін мынау Абай тап бір ет асым жапа-жалғыз өзі сөйледі. (27 б.). 
• Вот хотя бы этот Абай, говорит один без умолку. Целый котел 
мясо успел свариться, пока он тут болтал. (с. 28).
• Сонымен, енді бір шай қайнатым ішінде айтқанындай отыз құр ат 
кедей үйлерінің босаға-босағасына кеп байланып қалды. (193).
• И не успел бы вскипеть чай, как в аулах уже были привязаны к 
юртам тридцать самых лучших коней из табуна. (188). 
Бір ет асым уақыт, бір шай қайнатым, сүт пісірімдей т.б. уақыт 
өлшеміне  негізделген  тіркестер  қазақи  ойлау,  қазақи  болмыс  үшін 
пəлендей түсініксіз емес. 
Уақыт, кеңістік, өлшем ұғымдары қазақ мəдениетінде ежелден өзіндік 
ұлттық қабылдау ерекшеліктерімен түсіндіріліп келген. Секунд, минут, 
сағат  сияқты  дəлдікпен  есепке  алынбаған  уақыт  бедері  əлем  суретін 
танудағы қазақ ұлтының кеңістік пен өлшем туралы ұғымдарының да 
тек қазақ менталитетіне тəн болмыс түрлерін танытады. Шындап кел-
генде қазақты дүниедегі басқа елден ажырататын да осындай болмысы 
мен тіршілігі дейміз. 
Түпнұсқада (1 мысалда) небары он бір компонент бар. Ал аударма-
сында ой екі сөйлемге бөлінген, он сегіз компонентпен түсіндіріледі. 


242
Басқа  тілдегі  оқушы  үшін  бірінші  сөйлеммен-ақ  қалдыруға  болатын 
еді. Мұндағы мəселе кейіпкердің сөйлеген уақытын түсіндіруге екін-
ші сөйлемдегі баламасыз тіркес – аударуға келмей тұрған бір ет асым 
тіркесі.  Сондықтан  Целый  котел  мясо  успел  свариться  болып  еркін 
аударылған.  Аудармашы  екінші  сөйлемдегі  фразеологизмдегі  ойды 
беру арқылы ғана бейнелілікті сақтап отыр. Ал түпнұсқадағы фразео-
логизмдерді сөзбе-сөз аударғанда компонент құрамында соншалықты 
өзгерістер бола қоймайды. 
Мысалы:
• Кеткеніңде қанаты қайырылып қалған елің бар еді. (42).
• Когда ты уходил, народ твой остался с надломленным крылями. 
(44).
• Ақ түйенің қарны жарылды. Жігітектің жылаған жасын құдай 
иді. Көз жасымды тыятын арысым қайтты. (29).
• У белого верблюда брюхо распоролось! Сам аллах сжалился над 
жигитеками! Вернулся, говорит, заступник, который высушит мои 
слезы. (29).
Мұндағы фразеологизмдердің сандық құрамы дəлме-дəл аударылған. 
Алайда аялық білімнің жеткіліксіздігінен «ақ түйенің қарны жарылу»: 
«пир на весь мир», «молочные реки», «киселные берега», «из рога изоби-
лия» деген орыс тіліндегі баламаларының бірі алыну керек еді. Қазақтың 
күн  көрісінде  ақ  түйе  қолдағы  малдарының  ішінде  бастысы  жəне 
тұрмысының жақсы екендігінің белгісі деп есептелген. Ш.Уəлиханов 
жазады:  «…раньше,  когда  кто-либо  из  близких  людей  отправлялся  в 
опасный поход или дальнее путешествие, или когда долго ждали на-
следника, родственники клялись принести в жертву белого верблюда 
при счастливом исходе» (Валиханов Ч.Ч.,1996, 477). Академик А.Кайдар 
«Это объясняется тем, что верблюд белой масти у казахов символизиро-
вал собою нечто святое, сакральное. И, естественно, приношение именно 
белого верблюда, с другой стороны, доставляло большой запас прови-
зии, который хватил бы для угощения масыы народа, т.е. устроить пир 
на весь мир. Таковы мотивы образования фразеологизма» [Кайдар А., 
2003, 26].
Аудрмашының кейде ұлттық болмыс лексикасын қосымша түсіндіргені 
оқушы үшін өте қолайлы.


243
Мысалы: 
•  Кербез  дұрыс  айтқан  екен,  бір  күні  Майраның  да  айттырған 
күйеуі ұрын келіпті. (478 б.) 
•  Кербез  была  права,  однажды  приехал  и  жених  Майры 
«урын»  –  украдкой,  тайно  –  как  называют  обычно  люди  этот 
обычай (510 б.).
Мысалдар Ғ.Мүсіреповтың «Атақты əнші Майра» əңгімесінің аудар-
масынан алынды. Аудармашының ана тілінде еркін жүзіп сөйлейтін жəне 
ұлттық менталдықтан хабары мол екендігін əңгімені бастан аяқ оқып 
отырғанда-ақ байқалады. 
Аудармамен шұғылданатын кəсіби тəржімашылар координативті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет