Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет56/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193
Байланысты:
Verstka

Екінші ақпараттық мағыналық бөлік. Көл-көсір жыртысты дайындау 
оңай шаруа емес. Оған үлкен дайындық жасалады. Той жасаған немесе 
ас берген жерде жыртысты дайындауға сол үйдің ет жақын туыстары, 


66
құрмет тұтатын адамдары қатыстырылады. Əдетте жыртысты əйелдер 
дайындайды, жыртады. 
Үшінші
 ақпараттық мағыналық бөлік. Жыртысты орнымен, жасы-
на  лайық,  құрметіне  қарай  тарату  жағын  сол  ортаны  жақсы  білетін, 
тапсырылған  жұмысты  ерекше  жанашырлықпен  орындап  шығатын 
адамдар атқарады. 
Сонымен жыртысын жырту фразеологизмінің мағынасы көмектесу, 
жанашырлық  таныту.  Фреймнің  аталған  бөліктерін  «менталдық 
кеңістіктер» дегуе болады. 
Фразеологизмдердің негізінде жатқан фреймдерде адамдардың дағдылы 
білімдері,  оларға  қатысты  түрлі  жағдаяттары  тек  статикалық  түрде 
ғана емес, динамикалық сипатта да болады. Динамикалық жағдаяттар 
фреймнің ерекше түрі – сценарийлермен құрылымданады. Олар орын-
далатын  іс-əрекеттердің  қайталанбалы  стеоретиптерін  динамикалық 
жағдаятта көрсетеді. Фрейм тармақтары төңірегінен оқиғалар мен ситуа-
циялар (жағдаят) жүйесі жинақталса, оны сценарий құрайды. Сценарий 
концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады. Сценарий сөзіне 
ағылшын термині skript скрипт cəйкес келеді. Когнитивтік фразеологияда 
бұлар бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді.
Фразеологиялық фрейм-сценарийлерде типтік жағдаяттар орын ала-
ды. Мысалы, қазақтың би-шешендерінің дискурсында көрінетін мəдени 
этикет үлглері бар. Қазіргі тілмен айтсақ – сөз сұрау. 
Тілімізде «қамшы» төңірегінде айтылатын əр түрлі əдет-ғұрыптар, 
салттық ерекшеліктер біршама. Солардың бірі – билер арасында сөз 
кезегін алу үшін қолданылатын əдіс – «қамшы тастау». 
Мысалы:
•  Сөз  астарын  түсінген  қызба  мінезділеу  Темір  би  сөз  талас-
тырғысы келіп кетіп, ежелгі дəстүр бойынша, айыр тісті, алтын 
сыммен оралған тобылғы сапты қамшысын алдына тастай сал-
ды. 
– Ат тұяғы басқан жердің бəрі бірдей шөптей жапырылып жата 
қалмайды, – деді ол қара сұр беті күреңденіп, – Əбілқайыр ханның 
да мүйізі шаңырақтай кей батырлары Еділдің ар жағына өткен. 
Бірақ одан не ұтты? Мойындары ырғайдай, биттері торғайдай боп 
елдеріне əзер жеткен.


67
• Қамшысын енді Оспан алдына тастады.
– Атыңның жүйріктігіне тым сене берме? Талай жүйріктердің 
де мойнына бұғау салынған. Байқа, Темір би, Жəнібек ханның құрығы 
Əбілқайырдікінен ұзын болып жүрмесін! (І.Есенберлин).
Қазіргі қазақ мəдениетінде сақталып келе жатқан «құдалық», «құда 
түсу» концептісінде «үкі тағу», «сырға тағу» – этнофразеологизмдерде 
фрейм-сценарий кездеседі. 
Қазақтар үкінің құс ретінде өте үлкен маңызы, ізгі тілегі, жақсылық 
күткен жолы бар деп есептейді. Үкінің ұлпа жүнді қауырсыны əдемі, əрі 
желбіреп көрік қосып тұрады. Мұны қазақтар сəндікке, шаттық құрмет 
жолына пайдаланып келген. Бұрын хан, би, төре, батырлар өзара үкілі 
хатпен сəлем жолдасып, қатынасып тұрған. Үкілі хат апара жатқан ел-
шіні ешкім бөгемей, қайта ат, азық беріп жəрдемдесетін. Алыс жолға ат-
танатын жолаушылар өзіне, атына үкі тағып аттанатын. Хатқа үкі қосып 
беретін себебі «ел, жер тыныштығын үкідей қас қақпай қорғап отырмыз, 
сендер де сондай болыңдар деген белгі (Ана тілі, №31, 1997).
Үкі тағу бір жағы сəн болса, екіншіден пəле-жаладан аман сақтасын, 
қорғап-қолдап жүрсін деген тілек жолын да көрсетеді. 
Үкіні осылай қастерлеген бұрынғы қариялар көзіне жылы ұшыраған
болашағынан үмітті, жақсы келін болады-ау деген үйдің жас қызына 
оның ата-аналарының рұқсатын алып, «үкі тағып» құдаласатын салт 
болған. Үкіні тек қарт əже, не аналар ғана болашақ келін болар қыздың 
иығына не тақиясына апарып өз қолымен тағады. Қыздың бетінен сүйіп, 
батасын береді.
Осылай жас қызға үкі тағу «сен менің болашақ келінімсің, үкідей сақ, 
сəнді болып өс» деген ниет білдіреді.
Құдалыққа байланысты «Сырға салудың» өте ертеден келе жатқан 
дəстүр екені белгілі. Осы дəстүрдің алғашқы көрінісі ертегілік сюжетте 
орын алған. Мысалы, Ерназардың тоғыз ұлына келіншек іздеуінде осы 
дəстүр негізі аңғарылады.
... Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына 
кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздеп жолға шығады. Көп ел аралап
бір үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген 
Ерназар еңкілдеп жылай бастайды.
Үйдің бəйбішесі Ерназардан:


68
– Неге жыладың? – деп сұрайды.
–  Жылаған  себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп 
жүрген адамммын; тоғыз ұлымның бір əке-шешеден туғаны сияқты, 
тоғыз келінімнің де бір əке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адам-
мын, керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой 
деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем екен, соған жылап отырмын, 
– дейді Ерназар. 
– Ендеше, жылама, тағы біреуі бар, əне тұр,  –  деп, бəйбіше 
тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді. «Кенжекейімнің сырғасы 
еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым 
бір төбе, Кенжекейім бір төбе. Сондықтан, Кенжекейімнің сырғасы 
олардікінен бір бөлек тұрады», – деп сырғаны қайтадан орнына іліп 
қояды.
Яғни, бұл сонау ертеден келе жатқан дəстүр бойынша, əдетте үйінде 
оң босағада отырған қызы болса, керегедегі түскиізге сырға іліп қоятын 
[Ана тілі, 3.03. 1994].
Жоғарыда талданған фреймдік-сценарийдегі «қамшы тастау», «үкі 
тағу»,  «сырға тағу»  сияқты этнофразеологизмдердің репрезентаци-
ясы туралы осыларды айтуға болады. Демек кез келген концептідегі 
фразеологиялық мағына осы талдау тұрғысынан алғанда мəнмəтін не-
месе фрейммен өзара байланыста болғанда ғана ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет