11
Қазығҧрт ӛңірі физика-географиялық жағдайының аймақтық
топонимиялық жҥйеде бейнеленуі
Қазығұрт ӛңірі топонимиясының ӛзіндік, яғни аймақтық кейпін
қалыптастырудағы географиялық фактордың мәні мен маңызы ерекше.
«Кез келген аймақтық топонимиялық жүйеде белгілі бір ӛңірдің
географиялық ортасы, физика-географиялық жағдайы заңды түрде аймақ
топонимдер жиынтығында (кешенінде) бейнеленеді, ӛз кӛрінісін табады.
Жалпы алғанда, географиялық фактордың, ортаның (ал оған табиғи
ресурстар, халықтың экономикалық-географиялық жағдайы, табиғи және
ӛндірістік территориялық кешендер мен оның жеке түрлері жатады)
қоғамға әсер етуі, қатынасы жан-жақты, кӛп қызметті және кӛп қырлы.
Табиғи-географиялық ортаның қоғамға әсер етуі ... жан-жақты, әр
саламен қоғамның барлық бӛлігін қамтиды – ӛндіргіш күштер, ӛндірістік,
экономикалық қатынастар, базис саласы, базисті басқарудағы саяси
қатынастар, қоғамдық сана бірлігі және жалпы саяси құрылым, қоғамдық
сана деңгейіндегі қатынастар және оның формалары, яғни негізгі
компоненттер түріндегі құрылымдық салалар» [6, 79 б.].
Қазақтың ата кәсібі кӛшпелі малшаруашылығы географиялық
ортамен тығыз, біртұтас байланыста ғана «ӛмір сүре» алады, себебі
шаруашылықтың бұл түрі ӛзіндік физика-географиялық, табиғи
ерекшелігі бар белгілі бір геоэкологиялық зоналарда ғана болады.
Кӛшпелі малшаруашылығымен айналысқан халық ӛзі мекен еткен,
тіршілік құрған географиялық ортаға бейімделген және сол ортаның
табиғи ресурстарын пайдалана білген. Сол себептен белгілі бір ӛңірдің
физика-географиялық жағдайлары заңды және нақты түрде халықтық
географиялық терминдерінде, аймақтық топонимдерде бейнеленген, тілдік
ӛз кӛрінісін берген.
Қазақ
халқының
географиялық
терминологиясын
зерттеген,
Қазақстанда топонимиканың географиялық ғылым ретінде негізін салған
географ-ғалым Ғ.Қонқашбаев былай деп жазған: «Қазақстан жерінің
кеңдігінен оның табиғаты да әртүрлі, оңтүстігі құмды ыстық шӛлдер
болса, солтүстігінде орманды далалар, ал оңтүстік-шығысында бір
белдеуде созылып жатқан таулар. Осындай табиғи ерекшеліктер
шаруашылықты жүргізу, жерді күтіп баптауға ӛз әсерін тигізбей қойған
жоқ. Ертеректе қазақтар кӛшпелі малшаруашылығымен айналысқан,
малға жайылым іздеп, жыл бойы бір жерден екінші жерге кӛшіп жүрген.
Шаруашылықтың осы түрімен айналысқан қазақтар территорияның
ландшафттық ерекшеліктерін, әсіресе, ең негізгі қажеттілігі – мал
жайылымына байланысты табиғи ерекшеліктерді жан-жақты меңгерген»
[7, 19 б.].
12
Сондықтан халықтық географиялық терминдер мен топонимдік
атаулар кез келген аумақтың физика-географиялық ерекшеліктерін дәл,
айнытпай бере алады. Жалпы географиялық атаулардың жергілікті жер
ерекшеліктерін дәл бейнелеген жағдайда ӛміршең келетінін ғалымдар
кӛрсеткен болатын [8, 20 б.].
Топонимдерде табиғат, қоршаған орта компоненттерінің бейнеленуі
аймақтық, яғни жергілікті ерекшеліктерге, географиялық нысандардың
шаруашылық маңызына байланысты болады.
Қазығұрт ӛңірі Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарына
жатады, сол себепті тауалды, таулы ландшафтарының физика-
географиялық
жағдайлары
аймақтық
топонимдер
мен
микротопонимдердің бірқатарында ӛз кӛрінісін тапқан.
Оңтүстік Қазақстан облысы орталық бӛлігінде солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай 217 км-ге созылған Қаратаудың аласа және орта
биіктіктегі жоталар орналасқан (биік нүктесі Бессаз тауы, 2176 м.).
Облыстың оңтүстік-шығыс бӛлігін Ӛгем және Қаржантау таулары алып
жатыр.
Қаржантау Келес және Ӛгем ӛзендерінің аралығында 85-90 км
созылған, ал Қаржантаудың солтүстік-батысқа қарай Қазығұрт тауы (биік
нүктесі 1600 м) орналасқан. Қазығұрт солтүстік-шығыстан оңтүстік-
батысқа қарай шамамен 55 км созылған. Жер бедерінің сипаты және
ерекшеліктері Қазығұрт ӛңірі оронимиясында ӛзіндік кӛрінісін тапқан.
Қазақ тіліндегі кӛптеген оронимдер орографиялық терминдер арқылы
жасалады. Мәселен, биік орографиялық нысанды атайтын «тау» термині
арқылы Қазығұрт аймақтық топонимиясында Әлімтау мен Қаржантау
оронимдері құралған.
Қазығұрт аймақтық оронимиясында «тӛбе» термині арқылы жасалған
табиғи нысандардың атаулары кездеседі. Тӛбе сӛзінің мағынасы былай
түсіндіріледі: «биіктеу дӛң жер» [9, 223 б.], «беткейлері жайпақ, жұмыр»
[10, 161 б.], «басы дӛңгелек немесе сопақша» [11, 329 б.].
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физика-географиялық
астарларын зерттеген географ-ғалым З.Қ. Мырзалиева тӛбе терминіне
қатысты географиялық ақпараттарды береді: «Жер бедерінің оң
пішіндеріне қатысы бар 300-ден астам атауды құрамындағы индикатор-
терминдер бойынша топтастырғанда, ең үлкен топты «тӛбе» терминінің
қатысуымен жасалған топонимдер (60 атау) құрады. Олардың кӛпшілігі
жазық бӛліктегі биіктігі 400 м-ден аспайтын тӛбелердің немесе тауалды
аудандардағы кішігірім таулардың атаулары болып табылады.
«Тӛбе» термині жазық ӛңірде қатар орналасқан тӛбелердің
атауларында жиі кездесетіні анықталды. Бұл атауларда тӛбенің нақты
13
сипатын айқындай түсу үшін «тӛбе» терминіне міндетті түрде анықтауыш
сӛз қосылады» [12, 35 б.].
Қазығұрт ӛңірі топонимиясында тӛбе термині арқылы жасалған
орографиялық нысандар: Алтынтӛбе, Әбдірәсілтӛбе, Бекзаттӛбе,
Жаументӛбе, Кӛктӛбе, Қытайтӛбе, Тӛрткүлтӛбе т.б.
Тӛбе термині арқылы жасалған орографиялық нысандардың физика-
географиялық сипаттары аталмыш терминнің алдында тұрған анықтауыш
сӛздермен кӛрсетіледі. Мәселен, Тӛрткүлтӛбе орониміндегі тӛрткүл
термині тӛбенің (жер бедерінің) нақты кӛрінісін сипаттайды. Кӛне түркі
тіліндегі tortkil («тӛрт бұрышты») атақты географ-топонимист
Э.М.Мурзаевтың сӛздігінде былай түсіндірілген: «Шӛгінді жыныстардан
тұратын, маңындағы негізгі үстірттен немесе қыраттан жекелеген тӛбе
түрінде оқшауланып тұратын тегіс үстел тәрізді қалдық тау жұрнағы» [13,
567 б.]. Жалпы алғанда, тӛрткүл жер бедері Тұран ойпаты аумағына тән
реликт пішін екендігін атап ӛтуге болады [12, 110 б.].
Қазақ оронимиясында қолданылатын бел халықтық географиялық
термині Қазығұрт аймақтық топонимиясында «тау жоталарындағы кең
асу» мағынасына ие. Алайда кейбір оронимиялық атауларда аталмыш
термин аса биік емес орографиялық нысандарды атау үшін де
қолданылады. Қазығұрт топонимиясында (оронимиясында) Беласар, Бел,
Кӛкібел атаулары кездеседі.
Кейбір халықтық географиялық терминдер жергілікті жер
ерекшелігіне қарай семантикалық «ығысуға» ұшырайтындығы дәлелденді
[14, 11 б.].
З.Қ. Мырзалиеваның деректеріне сүйенсек: «Қазақ оронимиясындағы
бел халықтық географиялық термин ретінде оңтүстік ӛңірде кӛбінесе «тау
жоталарындағы кең асу» мағынасында пайдаланылады. Оған Жамбыл,
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кӛптеген асу атаулары
(Мұзбел, Кӛкбел және т.б.) дәлел бола алады. Облыс аумағында біз
тіркеген кейбір атаулардың мағынасын нақты географиялық нысанның
сипатымен салыстырып кӛргенде, жоғарыда аталған мағыналық
жүктемеге сәйкес келмейтінін байқадық. Қазақстанның солтүстік және
шығыс аудандарындағы онша биік емес, созылыңқы келген дӛңестердің
атауларында бел термині жиі кездесетіні белгілі. Біз бұл терминнің кей
жағдайда оңтүстік ӛңірде де осы мағынада қолданылатынын анықтадық.
Сырдарияның оң жақ жағалауындағы жазықтық ӛңірдегі кішігірім тӛбелер
Мұзбел (200 м), Сарыбел (372 м) деп аталады. Айналасындағы кішігірім
жазықтардан оқшауланып тұратын, бірақ пішіні айқын ажыратылмайтын
бұл нысандардың атаулары оңтүстік ӛңірге тән, «бел» терминіне
мағыналық жүктемесі жағынан тіпті қарама-қайшы келіп тұр» [12, 111 б.].
14
Аймақтық топонимдердің (әсіресе микротопонимдердің) мағыналық
жүктемесі жалпы ұлттық топонимдер семантикасымен кей жағдайда
сәйкес келе бермейді. Ондай семантикалық «ығысудың» басты себебі
шектеулі аймақ (ӛңір) жер ерекшеліктеріне байланысты деп айтуымызға
болады.
Қазығұрт аймақтық топонимиясында ұшырасатын, жер бедерінің
ерекшеліктерін айқындайтын оронимдер құрамында тас орографиялық
термині де қолданылады. Сондай оронимдер қатарында Күйеутас,
Келіншектас, Түсіктас, Тесіктас, Айнатас, Үйтас, Адам тас, Ата тас,
Ана тас, Бесіктас, Емдік тас, Керегетас, Қаратас, Монтайтас,
Түйетас, Тұғыртас, Шілде тас сынды атаулар. Құрамында тас термині
бар оронимиялық атаулар айрықша кӛрініп тұратын жеке тастарға немесе
қатты жыныстардан тұратын қалдық тауларға, тӛбелерге қатысты
қойылған. Тас термині алдындағы анықтауыш сӛздер орографиялық
нысанның пішінін, түсін айғақтайды немесе ұқсату негізінде қойылады.
Осындай
оронимдердің
кейбір
анықтауыш
сӛздері
елеулі
этнолингвистикалық ақпараттарға ие. Құрамында тас термині бар
аймақтық оронимдердің этнолингвистикалық сипаты келесі тараушасында
қарастырылады.
Қазығұрт ӛңірі оронимиясында кездесетін Ақтас, Қаратас атаулары
орографиялық нысанның табиғи ерекшеліктерін кӛрсетеді. Белгілі ғалым-
түрколог А.Н. Кононовтың мәлімдеуінше, «қара» сӛзі түркі тілдеріндегі
тұрақты сӛз тіркестерінде алты мағынаға ие [15, 159 б.]. Бұл терминнің
топонимиялық мағынасы Ғ.Қонқашбаевтың еңбектерінде қарастырылып,
ірі, қошқыл түсті қатты жыныстардан тұратын, алыстан қарауытып
кӛрінетін тӛбе немесе шоқы атауларының құрамында кездесетіні
кӛрсетілген.
Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипатын
зерттеген Б.М. Тілеубердиев былай деп жазады: «Бірінші бӛлігінде қара
термині бар Оңтүстік Қазақстан жер-су атауларының семантикасын
қарастырудың
этнолингвистикалық
мәні
айрықша.
Біздің
материалдарымыз тау, тас, су, бұлақ, құм, тӛбе, дӛң т.б. географиялық
терминдер жер-су атауларының екінші бӛлігі, ол қара бірінші бӛлігінде
келгенде топонимдердің лингвистикалық және географиялық мазмұны
ӛзгеретінін байқатады. Мәселен, топонимдер құрамындағы қара екінші
бӛлігі тӛбе, дӛң терминдерімен келгенде шӛптесін тӛбелерді, дӛңдерді,
үстірттерді білдіреді. Е.Қойшыбаев Қаратӛбе дегендегі қара «тӛбенің»
(түрік-моңғолша) орнына жүреді, сондықтан Қаратӛбе «Тӛбе-тӛбе»
болады деп санайды. Біздің байқауымызша, қара сӛзінің түсті
білдірмейтін кӛне мағынасын жер-су атауларының екінші бӛлігінде
кездескенде ғана сақтайды: Найзақара, Үшқара, Қылышқара және т.б.
15
немесе күрделенген -ты аффиксімен келгенде қара сӛзі түр-түсті
білдірмейді, мысалы, Қараты. Бірінші қара, екінші тау, тас, шоқы
терминдерінен жасалған орографиялық объектілердің атауындағы қара
олардың «қара» (қаралау) түсті болып келетінін кӛрсетеді. Қаратау осыдан
қара түсті, жартасты, аласарақ тау, сондықтан да жазда қар жамылмайды.
Э.М. Мурзаевтың дәлелдеуінше, Оңтүстік Сібірдегі Қаратау қылқанды
тайга жамылған қара орман.
Біздіңше, кез келген жағдайда мұндай объектілерге ат қоюдың
айқындаушы факторлары осы таулардың баурайларын жауып тұратын
тастар немесе ормандардың (қара, қаралау) түстерімен байланысты
болады. Қаратас сӛзбе-сӛз алғанда «қара-тас», бұл объектілер тасты
жыныстардың құрамында осы объектілерді қаралау (қара) түске
«бояйтын» темір бар (әсіресе геолог мамандар) дегенге меңзейді [16, 56-57
бб.].
Сонымен, топонимдердегі қара компоненті тек түр-түсті білдіріп қана
қоймай, сонымен бірге табиғи нысанның басқа да сипатын кӛрсетуі
мүмкін. Ал енді Ақтас орониміне келетін болсақ, геологтардың пікірінше,
Ақтас, Ақтасты, Ақтау сияқты оронимдердегі ақ осы аталған
орографиялық объектілердің құрамында «гипс», «әк», «мәрмәр» т.б. бар
екенін кӛрсетеді [16, 53 б.].
Геолог М.М. Бакенов ӛзінің «Топонимику на службу геологии» атты
мақаласында әктас, гипс, ақ мәрмәр, монокварцит, барит және кварц
желілері бар жерлерде Ақтау, Ақшоқы, Ақтас, Ақбастау, Ақкемер
атаулары кездесетінін атап кӛрсетті [17, 25 б.]. Қатты жынысты (тасты)
орографиялық нысандардың пішіні де жанама түрде геологиялық
сипаттағы ақпараттық жүктеме бере алатынын М.М. Бакенов атап кеткен.
Тау жыныстарының үгілу әрекетінен қалыптасып, ерекшеленетін
Тесіктас (гранит және құмтастарда), Қақпатас, Қотыртас (мүжілген
жартас), Сандықтас (қарама-қарсы жатқан гранит бӛліктері), Керегетас –
керегеге ұқсас тор тәрізді гранит және әктастан тұратын, тік біткейлі кетік
жартастас жергілікті жердің геологиялық құрылысы, тау жыныстарының
құрамын, пайдалы қазбаларды бейнелейді [17, 29 б.].
Топонимдерде, яғни жалқы географиялық есімдерде қазба байлықтар,
тау-кен жыныстарының текстуралық ерекшеліктері жӛнінде ақпараттар
болатынын
геолог-академик
Қ.Сәтбаевтың
мына
пайымдаулары
дәлелдейді: «Кӛктас. Бұл аталған жерде мыс бар деп топшылауға болады»;
«Алтынтапқан атауы – алтынның бар екенін аңғартады. Әрине, тегін
емес». Ғалымның қойын дәптерінде жазылған осы пікірлерді жариялай
отырып, А.Сейдімбеков кӛреген ғалымның топонимиядан халықтың ӛмір
тәжірибесімен сабақтас сыр іздеп, оны ғылыми шындықпен ұштастыра
білгенін баяндайды [18, 179 б.].
16
Қазығұрт ӛңірі топонимиясының физика-географиялық астарларын,
жағдайларын кӛрсететін жер-су атаулары баршылық. Солардың бірі –
Аққұм. Аққұм – үлкен, терең сай, аңғар атауы. «Қазығұрт»
энциклопедиясында Аққұм жӛнінде былай делінген: «Аққұм каньоны.
Қазығұрт аймағындағы бірден-бір каньон (Жалпы Оңтүстік Қазақстанда
осындай кішігірім каньондар Машатта және Алғабас аудандарында ғана
бар). Ол Тұрбат ауылынан 5-6 шақырым солтүстіктен басталып, тауға
қарай ӛрлеп, Таң ауылының етегіне дейін жетеді. Осы аралықта он екі
жота бар. Каньон негізінен тасқа айналған ақ құмдардан құралған. Олар
адам тістері секілденіп, білеуленіп тұрады. Кей тұстарында сол ақ тастар
екі қабатты үйдің кӛлеміндей болып тұрады. Жергілікті тұрғындар осы ақ
құмдарды әк орнына да пайдаланады. Каньонның аты «Аққұм» аталуы
осыдан болса керек» [19, 22 б.].
Әдетте аққұм халықтық географиялық термин ретінде «ӛсімдік
жамылғысы жоқ, сусыма барқанды құмдарға» қатысты қолданылады [13,
43 б.]. Қазығұрт топонимиясындағы Аққұм жоғарыда кӛрсетілген термин
мағынасына сәйкес келмейді, себебі «сусыма барқанды құмды» емес,
«тасқа айналған ақ құмдардан құралған» каньонды меңзейді.
Қазығұрт аймақтық топонимиясы негізінен таулы, тауалды
ландшафттардың ерекшеліктерін бейнелейді, сол себепті шӛлейт және
шӛл зоналарына тән құмдар және құмды массивтер Қазығұрт
топонимиясында жоқтың қасы. Салыстырмалы түрде Қызылқұм (шӛл)
топонимиясын алып қарасақ: «Қызылқұм топонимдерінің құрамында құм,
үрме, қобы терминдері жиі кездеседі. Тұтас құм басып жатқан шӛлдің
басым бӛлігінде құм атаулары оқшауланып берілмеген. Құм атаулары
кӛбінесе Cырдария аңғарына жақын маңдағы жекелеген құмды
масcивтерге қатысты алғанда неғұрлым жіктелген сипатқа ие болған.
Мұнда Айымқұм, Астарқұм, Аққұм, Базарқұм, Бәйбішеқұм, Қарақұм,
Қоянқұм, Тӛбеқұм сияқты қоныс атауларын тіркедік. Құмды ландшафттар
облыстың Отырар, Шардара аудандарына, Арыс қалалық әкімдігінің
аумағына тән. Атаулардағы термин құмдардың сипатын айқындай түсетін
анықтауыштармен толыққан. Мұндай атаулар қатарына Аққұм, Маяқұм
(Отырар ауданы), Жаушықұм, Қызылқұм (Шардара ауданы), Байырқұм
(Арыс қ.ә.) ауылдарының атауы жатады» [12, 73 б].
Қазығұрт топонимиясында кен, қазба байлықтарға қатысты атаулар
кездеседі:
Кӛмірлісай,
Алтынтӛбе,
Алтынтыққан,
Алтынарық,
Күмісбұлақ т.б.
Ежелгі замандардан бері (б.з.д. ІІ мыңжылдықтардан бастап) Орталық
Қазақстан (Жезқазған) мен Оңтүстік Қазақстан (таулы аймақтар)
ӛңірлерінде кен, металлургия орындары болған, зергерлік ӛнер дамыған.
Академик Ә.Марғұланның пікірінше, кейбір кӛне атаулар геологиялық
17
барлау жұмыстарында қосымша дереккӛзі бола алады. Мәселен,
Алтынтӛбе, Алтынқазған, Мыңшұқыр, Шұрық, Кентӛбе, Кеншоқы,
Кӛктас сияқты топонимдер бұл ӛңірде ежелгі кен ӛндіру ісінің
ӛркендегенінен хабар береді [20, 5 б.].
Қазығұрт ӛңірі топонимиясында алтын сӛзімен байланысты
Алтынарық, Алтынтӛбе, Алтынтыққан атаулары бар. Жергілікті
тұрғындар осы атаулардың мағынасын, шығу себептерін кӛне кен
орындарымен байланыстырмайды. Кейбір топонимдердің этимологиясы
халықтық, яғни жалған болып келеді. Осындай халық танымынан
хабардар ететін ақпараттарды «Қазығұрт» энциклопедиясындағы
аталмыш топонимдерге арналған мақалалардан да байқауымызға болады.
Тӛменде «Қазығұрт» энциклопедиясынан алынған мақалалар беріледі.
«Алтынарық – жерді суландыру жүйесінің аты. Келес пен Ұя су
ӛзендерінің қоспасынан бастау алған. Үшбұлақ, Жұмысшы елді
мекендерінен ӛтіп, Жіңішке елді мекеніне дейін 31 шақырымға созылған
арық 400 га жерді суландырған. Егіннен мол ӛнім алғандықтан, «бұл арық
керемет қой» «алтын арық» екен ғой» дегеннен «Алтынарық» деп
аталыпты» [19, 12 б.].
«Алтынтӛбе – Алтынтӛбе ауыл әкімшілігі елді мекен атауы.
Әкімшілік орталығынан батысқа қарай бес шақырымдай қашықта Қаржан
ӛзенінің сол жағында орналасқан ел.
«Алтынтӛбе» орта мектебі, Байсүгір мешіті және «Бӛріш» бұлақ бар»
[19, 12 б.].
«Алтынтӛбе ауыл әкімшілігі – Қосмола тауының етегінде орналасқан.
Батысында Қарабау, түстігінде Тұрбат, теріскейінде Жаңабазар, Кӛкібел
әкімшіліктерімен шектеседі. Теңіз деңгейінен 800-900 м биіктікте
жатқандықтан, таулы аймағында қысқы суық 25-27 градусқа дейін жетеді.
Аязсыз мерзімі 200 күнге жуық. Жауын-шашын жылына 250-300 мм дейін
түседі. Қосмола тауы 2700 метр теңіз деңгейінен биік жатса, айналасы
мыңдаған шақырымды алып, Ӛгем, Тянь-Шань тауларының сілемдері
ретінде жалғасып жатыр. Қаржан ӛзені 49 шақырымға, Шынар ӛзені 12
шақырымға, Аққұм ӛзені 35 шақырымға созылып барып Келес ӛзеніне
құяды. Таудың «Кӛл аталатын сағасында алтын кенінің» жас қоры барын
геологтар зерттеу үстінде. Бұрын да алтын тауып алушылар болған деген
анық негізінде ауыл «Алтынтӛбе» аталады» [19, 13 б.].
«Алтын тыққан – Қақпақ ауылындағы Заңғар тауының қарсы
бетіндегі тау үсті үңгір. Үңгірдің іші жалпақ, үлкен тас бар. Аңызға
сенсек, осы тастың астына алтын тыққан деседі. Сол үңгір ішімен жүре
берсе, Тұрбаттан шығады деп те айтады. Енді бірі Қаңлы мемлекетінің
қасиетті кітабын сақтайтын қоймасы болған екен деп те әңгімелейді. Бұл
Қытай саяхатшысының жазбасында бар. Түркі әдебиетінің негізін
18
қалаушылардың бірі Атоии еліне қайта оралғанда, қуғыншылардан
қашып, осы үңгірге кіріп кетіп, Тұрбаттан бір-ақ шыққан деген
жобаны ӛзбек жазушысы Тураб Тӛле «Жеті зағара» повесінде айтады»
[19, 13 б.].
Қазығұрт ӛңірі топонимиясының бір топ атаулары (кӛбінесе
оронимдер) аймақтың геологиялық құрылысын бейнелесе, басқа бір топ
топонимдер кен, қазба байлықтарға қатысты туындаған деп айтуымызға
болады. Кен, қазба байлықтарды меңзеген географиялық атаулар кейде
жанама, кейде тура кен немесе қазба байлықтар түрін ӛз семантикасында
кӛрсетеді. Алтын лексикалық компоненті бар топонимдер кен, қазба
байлықтар туралы ақпараттар жанама түрінде берілсе, мәселен, Кӛмірлі
сай оронимінде мұндай ақпарат тікелей берілген: «Ӛгемдегі Кӛкбел ӛрі
басталар жердің сол жағындағы сай. Сайдан биіктеу күнгей тӛрінде (600
м) жер бетіне кӛмір кесектері шығып жатады» [19, 138 б.].
Таулы аймақтар жер бедерінің ерекше кӛріністерінің бірі – тау
шатқалдарының болуы. Әдетте, тау шатқалдары тар болып келеді, яғни
олар ӛткел, есік сипатында кездеседі. Қазақстан топонимиясында тау
шатқалдары Қапшағай (моңғол тілінен енген), дар (дара) (иран (тәжік)
тілінен енген), дарбаза (иран тілінен енген), қақпа терминдерімен
беріледі.
Қазығұрт аймақтық топонимиясында Қақпақ – ӛзен аты, Қақпақ –
ауыл аты, Қақпақ тас-тау қойнауындағы жер (тас) аты бар. Біздің
ойымызша, таудың тар шатқалын меңзейтін қақпа термині ӛзен, ауыл
аттарына негіз болған, яғни шатқал аты транстопонимизацияға ұшыраған.
«Қазығұрт» энциклопедиясында кӛрсетілген деректерге жүгінсек:
«Қақпақ – ауыл аты. Сонау ерте заманнан бері адамдар мекендеп, тіршілік
етіп келген жер. Қарауылтӛбе, Тӛрткӛлтӛбе т.б. жерлерде жүргізілген
қазба жұмыстары кезінде табылған заттар куә. Заңғар тауының етегінде
Қақпақ дейтін ел орналасқан. Нақ осы жер тау қойнауына енетін
жолдармен даланы таудан бӛліп тұратын қақпақ секілді. Сонау бір
кездердегі түркі әлеміне байланысты қытай мен араб-парсы авторларының
жазбаларында кӛрсетілген «Темір қақпаның» бірі осы.
Қақпақ атауы туралы дүниеден озған және кӛзі тірі қариялардың
арасында айтылатын екі түрлі нұсқа бар.
1. Қақпақтағы «Базарбай бұлақ» деген жердің тұсында «Қақпақ тас»
деген тас бар. Ол жерде қамауда 10 мыңға дейін қара мал ұстауға болады.
Осы қақпақ тасқа байланысты еліміз қақпақ аталған дейді кӛнекӛз
қариялардың бірқатары.
2. 1723 жылдары жоңғарларға қарсы қазақ елі ес жиып, күш бірік-
тіріп, жауға тойтарыс беру үшін Заңғар тауының бойына топтап тас
үйгізеді. Жақсы қаруланған 60-70 қарулы азамат Заңғар тауының ішіне
19
кіреді. Ол жердің ӛзі қақпаға ұқсас тарлау қуыс болады. Жаудың негізгі
әскері кіріп болды-ау дегенде, таудың тӛбесінен тастарды домалатып,
жаудың кӛбін қырғынға ұшыратады. Сол себепті бұл ара қақпақ аталып
кеткен [19, 201 б.].
Таулы аймақтардың (ландшафттардың) тағы бір кӛрінісі – үңгірлер.
Үңгірлер әдетте тау баурайларында, биіктерінде, шатқалдарында
орналасады. Қазығұрт аймақтық топонимиясында тӛмендегідей үңгір
атаулары (спелеонимдер) бар.
Үңгірлер туралы деректер «Қазығұрт» энциклопедиясынан алынған.
Бір ауызды, үш ауызды үңгір – табиғи ескерткіш.
Қазығұрт тауының оңтүстік жағында Келес пен Жүзімдік және
Қызылата ӛзендерінің қосылар саласында, әсіресе Кӛкібел ауыл
әкімшілігіне қарасты Майбұлақ елді мекенінен ӛтетін Жүзімдік ӛзенінің
бойында, ауылдан 2-3 шақырым жерде бір ауызды, үш ауызды үңгірлер
бар. Бір ауызды үңгір бір бӛлмеден тұрады, биіктігі үш метр, ені екі
жарым метр.Үш ауызды үңгірдің іші үлкен бір бӛлмеден тұрады.Үңгірдің
биіктігі екі метр, ені бір жарым метр. Үңгірдің ішкі жағында әр метрден
кейін үш тесік бар.
Кӛне
кӛз
қариялардың
айтуынша,
үңгір
бұрынғы
ата-
бабаларымыздың жерасты жолы болған деседі. Олардың айтуына
қарағанда, Тұрбат жерасты жолы деп айтылады. Бірақ бұл үңгірлерді кім,
қашан ойғанын, қай замандарда болғанын дәл қазіргі күнге дейін ешкім
айта алмайды.
Жалтыр үңгір – Шетсу ӛзенінің бас жағында, Тұрбаттан 15 км
қашықтықта. Естемес хан жасағын жасырын сақтау үшін әдейі жасатқан
үңгір деседі.
Қазір ол үңгірді жазғы ыстықта малды қамап қою үшін пайдаланады.
Жеті үңгір – ауылдан 42-47 шақырым қашықтықтағы жер атауы.
Қабырға сияқты тік жартас. Қатар тұрған жеті тас үңгір. Әрқайсысына ат
сияды. Ілгеріде малға жай болған. Шыңы Ӛзбекстан Республикасымен
шектеседі. Үңгіртау – тау атауы. Ӛгем тауының құзынан асып, ұшар
шыңдармен ӛрмелеп, 10-12 сағат жүретін, Сайрам ауданы мен Қазығұрт
ауданының екі арасындағы тау. Ел арасында Битӛбе деп те аталады, Ӛгем
қақпасы деп те аталған. Осы тӛбенің бел ортасында ӛте үлкен үңгір бар.
Батыр бабаларымыз 300 қолмен осы үңгірге тығылып жатып, бейғам келе
жатқан қалмақтарды қырып салған деседі. Тыныштық заман орнаған соң,
билер тӛбе басына шығып, алдағы күнге шешім айтады екен. Содан тау
Битӛбе деп те аталған.
Үңгір термині арқылы құралған спелеонимдер дара бір лексика-
семантикалық
топ
құрайды,
демек,
Қазығұрт
ӛңірі
таулы
ландшафттарының ерекшелігін бейнелейді.
20
Қазығұрт аймақтық топонимиясында аз болса да, «саз» термині
арқылы жасалған топонимдер кездеседі: Тортасаз, Сопбексазы ауыл
аттары.
Географтардың зерттеулеріне қарағанда, саздардың екі түрі болады:
бірінші тобы кӛлдер мен ӛзендер маңында, жалпы ойыс жерлерде артық
ылғалдану әсерінен қалыптасса, екінші тобын едәуір биіктікте
орналасатын тау саздары құрайды [21, 64 б.]. ХХ ғасырда Шымкент
уезінің аумағын зерттеген орыс ғалымдары Қаратаудан бастау алатын
кӛптеген кішігірім ӛзендердің таудан шығар жерде саздарды құрайтынын
атап кӛрсеткен [22, 46 б.].
Оңтүстік Қазақстан облысы физика-географиялық жағдайының
топонимдерде бейнеленуін қарастырған З.Қ. Мырзалиева былай деп
жазды: «Облыс аумағында «саз» термині негізінде жасалған 10-нан астам
атау тіркелді. Олардың басым кӛпшілігі Қаратау аумағында шығарылған.
Бұл атаулар арасында ойконимдер (Бессаз, Бӛрібенсаз, Топшақсаз,
Семізсаз, Тышқансаз), оронимдер (Бессаз, Кішібайпақсаз,) және
гидронимдер (Дӛңгелексаз, Ерменсаз, Бәйменсаз) бар. Қаратаудың биік
нүктесінің атауы да саз терминімен байланысты Бессаз деп аталады.
Біз
анықтаған
саздардың
кейбіреулері,
шындығында
да,
салыстырмалы түрде биікте жатыр. Мысалы, Қаратаудағы Бессаз тауының
теңіз деңгейінен биіктігі 2176 м, ал Топшақсаз қонысы 2890 м биіктікте
орналасқан» [12, 46 б.].
Қазығұрт ӛңірінде жоғарыда сипатталған саздар түрі кездеседі.
Мәселен, «Шарапхана ауылындағы ӛзеншенің суы аз, ащы, әр жердегі
бұлақтардан бастау алады. Бір қызығы, ӛзен теріс ағады. Тәтті бұлақтың
тӛменгі жағындағы жырадан басталып, ауылдан ӛтіп, ілгерідегі «Бірлік»
колхозының етегінен оңтүстікке бұрылып, топханаға қосылады. Қамысты
ӛзенмен ағып келіп, Шарапхананың етегінен Келес ӛзеніне құяды.
«Талдыбұлақ» ӛзеншесінің тӛменгі жағын Майлаш ауылы дейді.
Тӛменгі ауылдағы әулие маңындағы жотаның етегінен тӛбесіне дейін
ені мен ұзындығы квадрат, сопақша болып терең жарылып жатқан қызыл
топырақты жер бар.
Адам басса, құм-құм болып езіліп, аяқ жерге 4-5 см кіріп отырады.
Астын қазса, сабын сияқты жабысқақ саз. Жазда жарылып, кӛктем, күз,
қыста езіліп жататын жер. Ел «Борбас» атап кеткен [19, 79 б.].
«Қазығұрт» энциклопедиясынан келтірілген осы сӛздік мақаласында
Борбас атты саздың сипаттамасы берілген. Бір қызығы, облыс
аумағындағы сазды жерлерді атағанда саз термині қолданылса, Қазығұрт
ӛңіріндегі бұл және тағы бір сазды Борбас, Үшборбас деп атаған. Қазақ
тілінің диалектологиялық сӛздігінде борбас//борпас Алматы облысының
Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында кездесетін «сор» мағынасындағы
21
диалект сӛзі ретінде кӛрсетілген: Біздің жерде борпас аз кездеседі (Алм.,
Еңб.қаз.) Борпас жерде су болмайды, қарт адамда әл болмайды (Халық
мақалы). Ал енді Қытай Халық Республикасында сазды, балшықты жерді
борбастаң деп атайды екен [23, 175 б.].
Аймақтық
топонимиялық
жүйесінде
географиялық
ортаның
жергілікті ерекшеліктерінен мағлұмат беретін және белгілі бір ӛңір
топонимиясының тілдік сырларын ашатын борбас (Борбас) сынды
халықтық географиялық терминдер мен топонимдер (микротопонимдер)
болып табылады. Осы жайт, әсіресе, аймақтық микротопонимдерге тән.
Ӛйткені кӛп жағдайда тек микротопонимдер ғана тарихи географияның
бізге белгісіз деректерін, баяғыда ұмыт болған жергілікті географиялық
терминдерді, сӛз жасалудың кӛне үлгілерін бойында сақтап,осы кезге
дейін жеткізеді [24, 5 б.].
Қазығұрт ӛңірі Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарына
жатады, сол себепті таулы ландшафттың физика-географиялық
жағдайлары микротопонимдердің бірқатарында ӛз кӛрінісін табады.
Ландшафт ерекшеліктерінен кӛрініс беретін топонимдер немесе
микротопонимдер құрамындағы географиялық апеллятивтер, әдетте,
диалектік семантикасы (мағынасы) аңғарылмайтын немесе жартылай
ұмыт болған сӛздер болып келеді.
Мәселен, Қазығұрт ӛңірі микротопонимиясында аңқи деген жергілікті
географиялық термин кездеседі. Оның семантикалық уәжділігі ұмыт
болған, табиғи географиялық негіздері аңғарылмайды, сол себепті бұл
термин (осы термин арқылы жасалған топоним) халықтық, яғни жалған
этимологияға ұшыраған.
Ала қысырақ аңқи – Рабат ауыл әкімшілігі Аманкелді бӛлімшесінде
он шақырымдай батысындағы жер атауы. Жергілікті тұрғындардың
айтуынша, бұл микротопонимнің этимологиясы былай түсіндіріледі:
«Қатты қыста болған жұтта барлық жылқысынан айырылған бай аңқиып
тұрған ала қысыр байталын кӛрген екен. Сол жер осы уақытқа дейін Ала
қысырақ аңқи деп аталады».
«Аңқи – Қазығұрт тауынан қырық-қырық бес шақырым қашықта,
оңтүстік батыста созылып жатқан кең жайлау. «Аңқиды кӛрсең, аузың
аңқайып тұрып қаласың», деген ел ішінде әңгіме бар. Әсіресе кӛктем
айларында кӛрікті. Қызғалдағы құлпырып, шырыш, сасыр, құлқайыры
жайқалып, кӛз тартып тұрады» [19, 33 б.]. Аңқи атауына берілген бұл
этимология, әрине, халықтық, яғни жалған этимология екені айтпаса да
түсінікті.
Қазығұрт микротопонимиясында осы терминмен байланысты тағы бір
атау кездесті – Аңқи-Ыза бұлақ.
22
Эндемикалық түрде, яғни басқа жерде кездеспейтін жергілікті
географиялық терминдер заңды түрде диалект сӛздері болып келеді. Қазақ
тілінің диалектологиялық сӛздігінде аңқи сӛзі ұшыраспады. Бірақ, осы
сӛзбен түбірлес келетін географиялық мағынасы бар аң сӛзі Сайрам,
Қызылқұм аудандарында: 1. «Шұңқыр, жыра жер»; 2. Түлкібас
ауданында, «аңыз жер, егіндік жердің орны» мағыналарында
қолданылады екен [23, 62 б.].
Аңқи жергілікті халықтық географиялық терминімен тағы бір түбірлес
географиялық апеллятив-термин – аңғар. Аңғар – «жоғарыдан тӛмен қарай
бірыңғай егісті болып келетін жер бедерінің тӛмен жатқан түрі» [11, 92
б.]; «Аңғар – ӛзен әрекетінен пайда болады және бір жағына қарай еңіс
келеді. Оның түбі, беткейі, жайылмасы, ескі жағасы болады» [10, 49 б.];
мектеп оқулығында аңғар жайлы мынадай түсініктеме берілген:
«параллель орналасқан бірнеше тау жоталарын бӛліп тұратын бойлық
ойыстар» [25, 62 б.]. «Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде» аңғар «тау
аралығы, сай сала» [26, І, 272 б.].
Сонымен, аңқи терминімен түбірлес болып келетін аң, аңғар
сӛздерінің ортақ мағынасы мен құраушы семантикалық компоненттері тау
аралығындағы аңғарды, сайды, кең шатқалды, тау жайлауын меңзейді (тау
жайлаулары, әдетте, тау бӛктеріне ұласатын тау етегіндегі немесе тау
биігіндегі қыраттармен қоршалған алқаптардағы жайлаулар). Аңқи
термині және оронимдік атау, міне, осы мағыналарда қолданылған болуы
керек деп топшылауға болады. Уақыт ӛте аңқи термині семантикалық
редукцияға, десемантизацияға ұшыраған, бұрынғы (бастапқы) мағынасы
ұмытылған және де басқа сӛзге (аңқиға) ұқсатылып, халықтық (жалған)
этимологияға ие болған.
Ал енді Ала қысырақ аңқи атауының басқа лексикалық
компоненттеріне келсек, қысырақ сӛзінің мағынасын диалектік
қысыраңыз, қысырпая сӛздерінің мағыналарына жақындастыруға болады.
Мәселен, қысыраңыз деп Шу ӛңірінде айдалмаған, егін егілмеген жерді
атайды, ал қысырпая Түлкібас ауданында «бұрын егін салып, тыңдалып
тұрған жер» [23, 490 б.]. Ал енді қысыр сӛзі тӛлдемеген, бойдақ малды
сипаттағанда қолданылатын сӛз болса, қысырақ деп үйірге жаңа қосылған,
әлі құлындамаған жас биені атайды.
Сонымен, аңқи таулы жайлауды атайтын термин (топонимі), болатын
болса, анықтауыш сӛз қысырақ сол жайлаудың сипатын, ерекшелігін
кӛрсетуі керек. Демек, аңқи жайлау аты қысырақ сӛзімен тіркескенде
«тың», «соны», «малдың тісі тимеген» мағынадағы жайлау аты болғаны
(қысырақ жайлау). Қазақ тілінде жайлау терминологиясы ӛте дамыған.
Тілші-ғалым Н.Уәлиев жайлаудың мерзімдік түрлері мен орналасу
жағдайына қарай түрлерінің бірқатар атауларын кӛрсетеді: Қанжайлау,
23
Саржайлау, етек жайлау, бӛктер жайлау, тер жайлау, кер жайлау [27, 120
б.]. Ала қысырақ аңқи атауындағы бірінші лексикалық компонент ала ала-
құла түсін немесе «үлкен (кең)» мағынасында қолдануы мүмкін
(салыстырыңыз – Алатау (үлкен, биік тау).
Қазығұрт микротопонимиясында аңқи терминімен байланысты тағы
бір географиялық атау – Аңқи-Ыза бұлақ. Аталмыш гидронимдік атаудың
екінші сыңары қазақ әдеби тілінде қолданылмайтын, сол себепті баршаға
мағынасы мәлім емес, бірақ диалекттерде белгілі халықтық географиялық
термин ретінде де қолданылатын сӛз.
Диалектолог-ғалым Ш.Бектұровтың Сырдария ӛңірінен жинақтаған
мәліметтері бойынша, ыза//ызалау жерді ылғалдау мағынасын кӛрсетеді.
Ыза жердің соры бетіне шығып жатады. Оңтүстік ӛңірде жергілікті
халықтың сӛйлеу тілінде «сыз» мағынасында да айтылады [28, 83 б.]. Ал
диалектологиялық сӛздікте берілген деректерге сүйенсек: «Ызалы (Орал,
Чап.; Қост.,Жанг.; Гур.,Маңғ.) сызды, дымқылды. Ызалы жер (Орал,
Чап.). Бұдан басқа да ызалы, сулы жерлерді пайдаланып жатырмыз
(«Соц.ауыл», №40, 1941).
Ызалы жер (Қост.,Жанг.; Гур., Маңғ.; Шымк.; Арыс) – сулы,
шабынды жер. Жаздыгүні қой малына ызалы жер керек қой (Қост.,
Жанг...) Ызалы жерге ыза соғады (Шымк., Арыс).
Ыза кӛтерілу (Шымк., Арыс) – су кӛтерілу. Құдықтың суы молайды
шамасы ыза кӛтерілді-ау деймін (Шымк., Арыс) [23, 762-763 б.].
Рабат ауыл әкімшілігіндегі Аманкелді бӛлімшесі аумағында бей-
берекет әр жерден шыққан сулардың барлығының жаппай атауы –
Қотырыза.
Қотырыза бұлақтарының пайда болуы және топтасып (сырт
қарағанда денеге шыққан қотырлар сияқты), әр жерден су қайнары болып
шығуы жерасты сулары жер бетіне ӛте жақын орналасуына байланысты
деп айтуымызға болады. Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының
физика-географиялық астарын зерттеген З.Қ. Мырзалиеваның айтуынша,
Сырдарияның оң жақ жағалауындағы Ызакӛл орналасқан жерде жерасты
сулары ӛте жақын жатыр: «Ызакӛлдің жағалауы батпақты, сыз болып
келеді. Кӛл маңында мал қоралары орналасқан. Олай болса, ылғалды
сызды жерге қатысты қолданылатын ыза термині лимноним құрамында
ӛзінің жергілікті диалектік мағыналық жүктемесіне сәйкес келіп тұр. Бұл
терминнің қатысуымен жасалған атаулар облыс бойынша санаулы ғана.
Мысалы, біз осы терминнің негізінде қалыптасқан Ызакӛл (Отырар ауд.)
Ызақұдық (Сарыағаш ауд.), Ызабұлақ (Қазығұрт ауд.) сияқты атауларды
анықтадық. Сонымен, бұл терминнің ареалдық сипаты ландшафт
ерекшелігімен түсіндіріледі» [12, 87 б.].
24
Қазығұрт аймақтық топонимиясында кең тараған географиялық
атаулардың түрі – бұлақ аттары. Оның себебі тау бӛктерлері мен тауалды
жазықтарында табиғи су кӛздері бұлақтар молынан шоғырланады.
Бұлақтардың таралу ареалы ландшафт ерекшелігіне, жердің физика-
географиялық жағдайына байланысты болып келеді.
Бұлақ атауларының басым кӛпшілігі «бұлақ» термині арқылы
жасалады, бұл гидрографиялық терминнің алдында тұрған анықтауыш сӛз
бұлақтың сан түрлі сипаттарын атайды.
Мәселен, Атбұлақ. «Қазығұрт» энциклопедиясында кӛрсетілгендей:
«Қазығұрт тауының оңтүстік шығыс етегінен бастап бұлақ кӛздерінен
қосылып аққан су атты адамды ағызатындай ағысы қатты болған.
Сондықтан «Атбұлақ» деп аталған. Атбұлақ ауылында мынадай бұлақ,
бастау, жер атаулары кездеседі.
«Ащы-бұлақ» – суының ащылығынан аталған.
«Ақпан» – Ақпан батырдың туған ауылы болғандықтан, батыр
атымен аталған.
«Ортабұлақ» – жоғарғы жағынан да, тӛменгі жағынан да бұлақтарға
бай болуына лайық ортадағы бұлақ есебінен «Ортабұлақ» атанған.
«Жербастау» – елді мекенге кіреберістегі жер басынан шығып жатқан
үлкен бұлақ кӛзінің атауы.
«Қауынбайсай» – ертеректегі қауын егілген сай, сол кезде жағалай ел
қоныстанған.
«Суықбастау» – тау бауырынан шыққан суы ӛте суық бұлақтың
атауы.
Базарбай бұлақ – Қақпақ ауылынан 3 шақырымдай жерде
Базарбайбұлақ ауылы орналасқан. Осыдан 4-5 ғасыр бұрын Базарбай
деген шаруа кісі осы жердегі суы таза әрі тұщы бұлақтың басына
қоныстанып, егін егіп, бұлақтың етегінен су қоймасын (әуіз) жасаған екен.
Бӛріш бұлақ – Алтынтӛбе ауылының орта тұсында Қасымқұлов Бӛріш
деген азаматтың үйінің маңынан қысы-жазы тынбай бірқалыпты су ағып
шығатын бұлақ. Суы таза, тұщы.
Сырлы – жер астынан шығатын су. Қазылған құдықтан шыққан
құмның әртүрлі сырға (краска) ұқсастығынан «Сырлы», жабайы шыққан,
егілген жиделердің кӛптігінен «Жиделі», ауыл орталығындағы үш бұлақ
кӛзінің болуынан «Үшбастау», үлкен-үлкен тастардың бұлақ суынан
«Жамбас», үлкен-үлкен тастардың шоғырланғандығынан «Түйетас»,
жерасты суларының ащылығынан «Ащы», ӛзен бойындағы тақыр жер
«Ақсай», үш тӛбе басындағы топырақтардың үгілмелі түріне қарай «Үш
борбас» сияқты атаулар кездеседі.
25
Кӛзді ата бұлағы – Ақбастау елді мекенінің жанында. Қазір тас
қопару карьерінің салдарынан суы тартылса да, аз судың ӛзі кӛз
ауруларына ӛте ем.
Кӛктӛбе бұлағы. Судың емдік қасиетін біліп, жұрттың оны
пайдаланып жүргеніне он шақты жылдың шамасы болды. Кӛктӛбе
бұлағының суын лабораторияда химиялық жолмен тексергенде,
құрамында натрий, кальций, магний, бор, цинк, фтор, кремний қышқылы
бары анықталған. Бұл арадан Ана бұлақ, Ата бұлақ, Бала бұлақ, Қыз
бұлақ, Қотыр бұлақ сияқты кӛптеген емдік су кӛздері табылған.
Молбұлақ – Молбұлақ суы ӛте мол болғандықтан, осы күнге дейін
аудан орталығының жарты бӛлігін, Қазығұрт ауылын ауызсумен
қамтамасыз етеді.
Сасықбастау – Тұрбаттан 12-13 км-дей қашық, тау баурайында ата-
бабалардың жазғы жайлауы. Жазғы шілдеде суы тартылып, сасық иісі
шығып тұрғандықтан, сасық бастау аталған».
Қазығұрт ӛңіріндегі бұлақ, бастау атаулары жергілікті табиғат
ерекшелігіне, осы гидрографиялық нысандардың түрлі сипатына қарай
әртүрлі мағыналық жүктемеге ие болады.
Бұлақ термині арқылы құралған микрогидронимиялық аймақтық
атаулардың біразына қатысты жоғарыда ақпар берілді. Бұлақтар мен
бастаулардың түрлі сипаттарын тӛменде берілген атаулардан да
байқауымызға болады: Алты бұлақ, Ащы бұлақ, Бүлдіргенді бұлақ,
Бӛрішбұлақ, Басқыбұлақ, Дайрабайбұлақ, Жарбастау, Жылы бұлақ,
Жылысу, Жалғызбастау, Жамау бұлағы, Жыландыбұлақ, Ембұлақ,
Есбұлақ, Кӛмешбұлақ, Кӛздіката бұлағы, Күмісбұлақ, Кезенбұлақ,
Кӛкбұлақ, Кемербастау, Кӛлбастау, Кекілікбастау, Қарабастау,
Қызылбұлақ, Қотырбұлақ, Құндыбұлақ, Маржанбұлақ, Молбұлақ,
Майбұлақ,
Ортабұлақ,
Суықбастау,
Сасықбастау,
Талдыбұлақ,
Тасбастау, Тәттібастау, Тасбұлақ, Терісбұлақ, Ұябұлақ, Үшбастау,
Шарбұлақ, Шошқабұлақ, Ызабұлақ т.б.
Бұлақтар мен бастау атауларының тізімінен кӛріп отырғанымыздай,
Қазығұрт аумағы жӛнінде мол географиялық мәліметті сол аймақта
орналасқан аталмыш гидрографиялық (микрогидронимиялық) нысан
атауларын талдау барысында алуымызға болады. З.Қ. Мырзалиева атап
ӛткендей: «Белгілі бір атаудың ӛзі жергілікті табиғат ерекшелігіне қарай
әртүрлі мағыналық жүктемеге ие болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан
аумағында Тасбұлақ атауы алты рет тіркеледі. Олардың жазықтарда
таралғандарының атауларын негізінен суының жаз кезінде де суық
болуымен (қазақ тілінде «тастай суық» тіркесі бар) байланыстыруға
болады, ал тау беткейіндегі Тасбұлақтар тасты жыныстарға қатысты
қойылған деп пайымдаймыз» [12, 51 б.].
26
Қазығұрт ӛңірі топонимиясында сол аймақтағы ӛсімдік және жануар
дүниесі де бейнеленген.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 8 мыңға жуық ӛсімдік түрлері
таралған, олардың 250 түрі эндемиктер болып табылады [29, 16 б.].
«Таулы аудандарда жазықтардан күрт айырмашылық жасайтын
ӛзіндік ӛсімдік дүниесі қалыптасады. Таулардағы күрделі жер бедеріне,
ондағы климат сипаты алуан түрлілігіне байланысты ӛсімдік
жамылғысының түрлік құрамы да жазықтарға қарағанда анағұрлым
күрделі болады. Әсіресе, 600 м жоғары жатқан тау белдеулерінде
кӛршілес шӛлді жазықтарда мүлде кездеспейтін ӛсімдік түрлері таралған.
Олардың арасында тау шалғындарын құрайтын әртүрлі гүлді ӛсімдіктер,
ксерофильді сирек ормандар мен бұталар, жапырақтары, жеміс
ормандары, арша шоқтары бар. Тау ӛзендерінің бойында терек пен
талдың, жеміс ағаштарының сирек кездесетін түрлері таралған» [12, 60 б.].
Қазығұрт ӛңірін ӛсімдіктер дүниесінің жеке түрлері ғана аймақтық
топонимияда ӛз кӛрінісін берген. Оның негізгі себебі: адамның (жергілікті
тұрғындардың) шаруашылық әрекеттеріне және күнделікті тұрмысына
қатысы, маңызы бар ӛсімдіктер атаулары ғана жалпы және де аймақтық
топонимикада қамтылады. Б.М. Тілеубердиевтің пікірінше: «Қайсібір
ӛсімдік түрінің топонимиядан орын алуына екі жағдай әсер етеді: 1) мал
жейтін шӛптер аты болуы тиіс; 2) осы физика-географиялық объектіде
ӛсетін ӛсімдіктердің ішіндегі жиі кездесетінінің аты болуы тиіс» [16,12 б.].
Қазығұрт топонимиясында ӛсімдік атауларымен байланысты
тӛмендегідей жалқы географиялық есімдер бар: Алмалы, Бадам,
Бүлдіргенді бұлақ, Доланалы сай, Жалғыз долана, Жалғыз тал, Жүзімдік,
Кӛкжаңғақ, Кәтіреңкі әулие, Қауынбайсай, Пиязды, Талдыбұлақ,
Қызылтал, Жиделі, Сарыалма т.б.
ХІХ ғасырда қазақ жерін аралаған орыс зерттеушісі А.М. Никольский
атап ӛткеніндей, «малшаруашылығымен айналысатын қазақтар үшін
ӛздері мекен еткен жердің флорасы айрықша маңызға ие болғандықтан,
олар зоологияға қарағанда ботаниканы тереңірек білген» [30, 93 б.].
Қазығұрт аймақтық топонимиясында осы ӛңірде ӛсетін мынадай
ӛсімдік атаулары кездеседі: бүлдірген, жаңғақ, алма, кәтіреңкі, күріш,
терек, жүзім, бадам, пияз, тұт, тал, долана, жиде, ағаш.
Ӛсімдіктердің сирек түріне жататын кәтіреңкі ағашының атауы
Кәтіреңкі әулие топониміне негіз болған. «Қазығұрт» энциклопедиясында
кәтіреңкі ағашы жӛнінде былай делінген: «Кәтіреңкі – тасты болып
келетін тау бауырларында ӛсетін алып ағаштардың бір түрі. Бұл ағаш кӛп
кездесе бермейді. Қазығұрттың тӛбесіне жақын жерлерде кӛбірек
кездеседі. Қазығұрт ауданы кӛлемінде бұдан басқа Қақпақ пен Тұрбатта
27
некен-саяқ кездесіп қалады. Сондықтан бұл ағаш түрінің негізгі ӛсетін
жері Қазығұрт деп есептеуге болады» [19, 129 б.].
Тау ӛзендері мен бұлақтар бойында Қазығұрт ӛңірінде талдар ӛседі:
Талдыбұлақ, Жалғыз тал, Қызылтал т.б.
Жеміс атауларынан құралған аймақтық топонимдер Жиделі,
Жүзімдік, Алмалы, Сарыалма, Бадам, Доланалы, Кӛкжаңғақ, Жалғыз
долана сынды болып келеді.
Аймақтық топонимияның негізгі ерекшеліктерінің бірі – жергілікті
географиялық атауларда ландшафттың, ӛсімдік жамылғысының, аң, құс
және үй жануарларының кӛрінісі сипаттама алатындығы. Топонимдер
құрамындағы аң, жануар, құс атаулары сол ӛңірде аңдардың кейбір
түрлері кең тарағандығын және солардың аңшылық т.б. маңызы
болғандығын аңғартады.
Атақты кеңес зоолог-ғалымы А.Н. Формозов: «Қазақстан картасын-
дағы ӛзен-су және ежелгі мекен атаулары жабайы аңдардың атымен
байланысты. Ӛйткені Қазақстанның ландшафт ӛмірінде жануарлар әлемі
үлкен рӛл атқарады» – деп жазған [31, 168 б.] Ғ.Қонқашбаевтың пікірінше,
кӛшпенділердің күн кӛрісіне жер бедері (рельеф), ауа райы (климат), су
(гидрография), ӛсімдіктер және аңдар үлкен септігін тигізген [32, 85 б.].
Қазығұрт ӛңірінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тараған
кейбір аңдардың түрлері кездеседі; яғни таулы аудандарына тән аң түрлері
ұшырасады. «Облыстың жануарлар дүниесін жануарлардың 1400-ге тарта
түрі құрайды. Олардың арасында тянь-шаньдық қоңыр аю, жабайы
шошқа, түркістан сілеусіні сияқты ірі сүтқоректілер, арқар, тау ешкі, елік,
марал, күзен мен борсықтар бар, ал шӛлді алқаптарда қарсақ, түлкі,
қасқыр, шиебӛрі тараған. Таулы аудандарда осы аңдардың атымен
байланысты географиялық атаулар тобын анықтадық. Мұның ӛзі сирек
кездесетін ірі жануарлардың мекен ортасын айқындап кӛрсету мақсатынан
туындаған деуге болады. Облыс аумағында құстардың 240 түрі кездеседі.
Әсіресе, бүркіт, ителгі, лашын, жамансары тәрізді жыртқыш құстардың,
кәсіптік маңызы бар су құстарының таралу аралығын халық ежелден бері
топонимдерде белгілеп отырған» [12, 64 б.].
Қазығұрт географиялық атауларының құрамында тӛмендегідей аң,
құс, жәндік аттары кездеседі: теке, қошқар, киік, айғыр, ит, түйе, қозы,
шошқа, құндыз, жылан, доңыз, лашын, кекілік, кӛбелек т.б.
Таутеке, жабайы ешкі таралу ареалдарын кӛрсететін Қазығұрт
топонимиясында (оронимиясында) мынадай оронимдер кездесті:
Азартеке, Текесу, Текеқамау, Ешкілі (Әлімтаудың бұрынғы аты), Дегерес
(моңғол тілінде «жабайы ешкі»).
Қазығұрт ӛңірінде жылан сӛзімен байланысты топонимдер бар:
Жыландыбұлақ, Жыланды, Жылан ордасы. Құрамында жылан сӛзі бар
28
топонимдер аталған географиялық нысандарда жыланның бар екенін
аңғартады. Кейбір тауларда немесе терең сайларда жыландардың ордасы
да кездеседі. Жергілікті тұрғындар ордалы жерлерді қасиет тұтып,
жыландарға тимейді.
Осы наным-сенімдер кӛне замандағы жылан культімен байланысты
кӛрінеді. Мысалы, жыландыбұлақтың тарихы ордалы жылан күзететін
алтын қойманы тонаған хан ӛлімімен байланыстырады.
Аңыз бойынша, ордалы жыланды ӛлтіріп, мол қазынаға ие болған
ханды бұлақтан су ішіп отырған жерінде бір шұбар жылан шағып ӛлтіреді
де, сол бұлақ «Жыландыбұлақ» атанып кетеді.
Қазығұрт ӛңірінде кездесетін үй жануарлары атауларына байланысты
топонимдерді бір бӛлек лексика-семантикалық топқа жатқызуға болады.
Олардың құрамында үй жануарларының мына тәрізді атаулары кездеседі:
бие, айғыр, түйе, нар, теке, қозы, қошқар, ит, ешкі т.б.
Үй жануарлары аттары негізінде қалыптасқан топонимдердің болуын
мал түріне қатысты оқиғалармен, ұқсату негізінде қойылған метафоралық
аттармен, кейбір жануар түрлерінің таралу аралығымен байланыстырып
түсіндіруге болады: Айғырұшқан – айғыр құлаған жартас, Айғыржыққан –
айғырды ағызып кеткен ағыны қатты су. Сол сияқты Нарқұлаған
(жалғызаяқ жол), Итӛлген (соқпақ), Қошқарсойған (тӛбе), Текесу (су),
Текеқамау (жер), Азартеке (шың), Қарақозы (жазық) атаулары да үй
жануарлары аттарымен байланысты қойылған жергілікті топонимдер
(микротопонимдер).
Қазығұрт топонимиясында құс атауларына байланысты да жер аттары
кездеседі: Кекілікбастау – су кӛзі, Лашынхана – биік шың, Бүркітұя –
шың. Бұл атаулар таулы аудандарда (биік тауларда) мекендейтін құс
түрлерін және олардың кәсіптік (саятшылық) т.б. маңызын кӛрсетеді. Ұсақ
жәндік аттарынан қойылған микротопонимдер бұл ӛңірде жоқ деуге
болады. Тек Кӛбелек оронимі ғана кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |