1
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Тасполатов Бақыт Тоқполатҧлы
ҚАЗЫҒҦРТ ТОПОНИМДЕРІ
Монография
Шымкент, 2016 жыл
2
ӘОЖ 81’373.21
КБЖ 81
Т22
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ғылыми кеңесінде қаралды және
баспаға ұсынылды (Хаттама №8, 02.03.2016 ж.)
Пікір білдірушілер:
Рысберген Қ.
– филология
ғылымдарының
докторы,
профессор, ҚР БжҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты
Тілеубердиев Б.Т. –
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
Боранбаев С.Р.
–
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор, АӘИУ.
Т-22 Тасполатов Б.Т.
«Қазығҧрт топонимдері» Монография. – Шымкент: «Әлем»
баспаханасы, 2016 ж.,
–168 бет.
ISBN 978-9965-876-21-9
Монография белгілі бір шектеулі аймақ (регион) топонимиясын
зерттеуге арналған. Аймақтық топонимиялық жүйені қалыптастыратын
факторлар физикалық, географиялық, этномәдени, тарихи – хронология-
лық, экстралингвистикалық факторлар қазақ топонимиясының жаңа,
тың бағыттағы зерттеуге жол ашады .
Монография жоғары оқу орындарында арнайы оқытылатын
лексикология, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнология,
ономастика, топонимика пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын
жазуда, теориялық курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға,
сондай-ақ лексикографиялық тәжірибеде қолдануға болады.
ӘОЖ 81’373.21
КБЖ 81
ISBN 978-9965-876-21-9
© Тасполатов Б.Т., 2016
© «Әлем» баспаханасы, 2016
3
АЛҒЫ СӚЗ
Қазіргі кезеңдегі тіл білімі ғылымының дамуы антропоцентристік
бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулермен сипатталады.Антропоцентристік
парадигма аясында қарастыру арқылы қазақ халқының антологиялық
табиғатын, кӛп қырлы ерекшеліктерін тануға, дүниетанымын, ғасырлар
бойы тайпа жасаған бір аймақта, бір ӛлкеде қалыптасқан оның әдет-
ғұрпының нәтижесін тек қана тілдік, табиғи-географиялық тұрғыдан ғана
емес, мифологиялық, идеология, этномәдени тұрғысынан да, флора-фауна
тұрғысынан да зерттелгені осы монографияның баста ерекшеліктері
болып саналады.
Топонимдердің мәтіні (объектісі), әдетте, әр тұрғыдан қаралуы
мүмкін: тұтас бір ұлттың, халықтың топоним жүйесі, сол халықтың бір
бӛлшегінің топоним жүйесі, белгілі бір диалектісінің (ру, тайпасының
т.б.) жүйесі, шектелген жыл мерзіміндегі топоним жүйесі т.т.
Кең-байтақ қазақ даласында мұндай жер-су атаулары кӛптеп
кездеседі. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының топонимдері
аймақтың физика-географиялық жағдайы мен ежелгі дәуірлерден бері
қарай кӛне тарихтың құпиясын бойына жинаған күрделі, жүйелі кешен
екендігі осы мәселеге байланысты қалам тартқан ғалымдар еңбектерінен
белгілі.
Қазығұрт – феномендік атау, адамзаттың алтын бесігі, ұлтымыздың
бой тұмары. Бұл атауға бағышталған энциклопедия да осыны дәлелдей
түседі. «Қазығҧрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса, неге
қалған!» деген қазақ арасында кеңінен тараған. Оның себебін – Нұх
пайғамбар (ғ.с.) заманыңда жердің бетін қатпаған топан суға, одан жер
жүзіне қайта тараған адам баласы, тӛрт түлік мал деп қарайды. Бұл –
мифологиялық сарын. Монографияның мәтіні – кең-байтақ қазақ жерінің
бір ғана ауданы, этникалық жағынан негізінен бір ғана тайпасы (тарихи
тұрғыдан – Қаңлы // Кангуй тайпасы); бірақ бұл ӛлке жалпы қазақ
халқына белгілі – сол ӛңірдің тарихи, мәдени, этникалық, әдет-ғұрып,
рухани жағынан ең кӛне деректер шоғырланған аймақ екендігі белгілі.
Автордың бұл еңбегі тіл дамуына ӛте қажетті, топонимия саласында
ӛз орны бар зерттеулердің біріне жатады. Сондықтан да бұл
монографияның жарық кӛріп, таралуын қызу қолдап құптаймын.
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор Ә.Т.Қайдар
4
КІРІСПЕ
Қазіргі қазақ тіл білімінде ұлт, тіл, мәдениет арақатынастарының,
ӛзара байланысының жаңаша антропоцентристік парадигмада зерттелуі,
ономастикалық материалдарды кешенді түрде,яғни қазақ халқының
санасымен, дүниетанымымен, ӛмір сүрген табиғи ортасымен, ғасырлар
бойы қалыптасқан шаруашылығымен т.б. тұрғыда қарастыруға үлкен
мүмкіндіктер беріп отыр. Қазақ тіліндегі ӛте бай ономастикалық қорда,
соның ішіндегі географиялық жалқы есімдер жүйесінде қазақ этносына
қатысты орасан мол этнотанымдық ақпараттар жинақталған. Осындай мол
ақпараттық байлықты антропоцентристік парадигма аясында қарастыру
зерттеушілерге қазақ жалқы есімінің онтологиялық табиғатын, кӛп қырлы
ерекшеліктерін тану мен сипаттауға жаңа жол ашады.
Антропоӛзектік ұстанымда (бағытта) жүргізілетін лингвистикалық
зерттеулердің бір нысаны ретінде қазақ топонимиясының аймақтық
(регионалдық) жүйесін қарастыру, белгілі бір шектеулі аймақ жер-су
аттарының сол ӛңірдің этномәдени, рухани тарихымен байланысын
зерттеу болып табылады. Аймақтық топонимиялық материалдар сол
аймаққа ғана тән лингвотарихи, этномәдени, этнотанымдық тарихына
қатысты және сонымен бірге жалпы қазақ топонимиясына тән
заңдылықтарды айшықтап, аражігін кӛрсетіп бере алады.
Қазығұрт тауы, Қазығұрт атауы қазақ тілі ономастикалық
кеңістігіндегі түркі халқы мәдениетінде айрықша мәнге ие феномендік
атау. Қазығұрт – адамзаттың алтын бесігі, ұлтымыздың бойтұмары десе
болады.
Қазығұрт ӛңірінің топонимдік жүйесін зерттеудің ӛзектілігі,
біріншіден, оның таулы, қыратты аймақта орналасуымен, осыған
байланысты
жергілікті
топонимиканың
қапыптасуында
табиғи-
географиялық фактор алға тартылады. Жер бедері мен флора, фауна
ерекшелігімен айқындалады. Екіншіден, зерттеу ӛзектілігін арттыра
түсетін басты себеп – Қазығұрт атауының мифологиялық таным жүйесіне
сәйкес ерте заманнан қазақ халқының, жалпы түркі әлемінің рухани
құндылықтар (аксиологиялық) жүйесінен мықтап орын алғандығы. Ал
әріден алатын болсақ, жер бетін топан су басатын әлемдік аңызбен
ұштасып, қазақ жеріндегі адамзат тарихымен ерте кезден сабақтастырып
тұрған бірден-бір мәдени дерек.
Аңыздан туындаған тау тӛңірегінде кӛптеген ірілі-ұсақты топоним,
микротопонимдер, тау, тӛбе, жота, бұлақ, елді мекен атаулары аңызға,
ғажайып әнгімелерге толы. Сондықтан да Қазығұрт аймағы ерекше
мәдени, феномендік шектеулі территория ретінде микротопонимдік аймақ
құрайды. Қазақ ономастикасында микротопонимия мәселесі әлі күнге
5
арнайы зерттеу нысаны болмағандығын ескерсек, монографияда қазақ
микротопонимиясының
ғылыми-теориялық
мәселесі
алғаш
рет
қарастырылатындығы монография ӛзектілігін айқындайды.
Монографияда аймақтық топонимдер жиынтығы мен жүйесінде
кӛрініс беретін қазақ елінің әлеуметтік-рухани тарихы, ӛмір сүру жағдайы,
шаруашылығы, дүниетанымы, т.б. мәдени мұра құндылықтары санатына
жататындығы жұмыстың ӛзектілігін айқындай және арттыра түседі.
Монографияның негізгі мақсаты – Қазығұрт ӛңірі топонимиясына
этнолингвистикалық сипаттама беру. Осы мақсатты орындау үшін
тӛмендегідей міндеттер белгіленеді:
- Қазығұрт ӛңірі физика-географиялық жағдайының аймақтық топо-
нимиялық жүйеде бейнеленуін анықтау;
- Қазығұрт аймақтық топонимиясының қалыптасуындағы этномәдени
факторларға сипаттама беру;
- аймақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздерін айқындау;
- этникалық дүниетанымның Қазығұрт ӛңірі топонимдеріндегі
кӛрінісін сипаттау;
- Қазығұрт ӛлкесі топонимдеріне қатысты аңыз-әпсаналардың этно-
танымдық ерекшеліктерін анықтау;
- Қазығұрт феномені мен Қазығұрт прецеденттік топониміне
этнолингвистикалық сипаттама беру.
– Белгілі бір ӛңір топонимдерінің жиынтығы аймақтық топонимиялық
жүйе ретінде арнайы зерттелініп, этнолингвистикалық тұрғыдан
қарастырылды;
– Қазығұрт ӛңірінің физика-географиялық жағдайларының аймақтық
топонимиялық жүйедегі бейнеленуінің ерекшеліктері анықталды;
– Қазығұрт аймақтық топонимиясының қалыптасуындағы этномәдени
экстралингвистикалық факторлардың рӛлі айқындалды және оларға
сипаттама берілді;
– аймақ топонимиясы қалыптасуының тарихи-хронологиялық
негіздері айқындалды;
– этникалық дүниетаным түрлері мен формаларының Қазығұрт ӛңірі
топонимиясындағы кӛріністері сипатталды;
– Қазығұрт ӛлкесі топонимдеріне қатысты аңыз-әпсаналардың этно-
танымдық ерекшеліктері анықталды;
– Қазығұрт феномені мен Қазығұрт прецеденттік топониміне этно-
лингвистикалық талдау жасалынып, сипаттама берілді.
– Аймақтық топонимияны тілдік (топонимиялық) жүйе ретінде
қалыптастыратын және алғышарттары болып табылатындар: физика-
географиялық, тарихи-хронологиялық және этномәдени факторлар;
– жергілікті табиғат ерекшеліктерінен кӛрініс беретін аймақ
6
топонимдері мен микротопонимдері және ӛңірде орын алған этногенездік,
тарихи, әлеуметтік, шаруашылық үрдістер мен құбылыстардың
нәтижесінде қалыптасқан географиялық атаулар бірнеше этнотанымдық
стратиграфиялық қабаттарды құрайды;
– Қазығұрт ӛңірі топонимиясының лингвоменталды (этнотанымдық)
кеңістігі мифтік (мифологиялық), тарихи-топонимиялық қабаттар
негізінде қалыптасқан;
– Қазығұрт ӛңірі топонимиясының этнотанымдық жүйесін арғықазақ
(пратүркілік) мифологиясына тән «тас», «үңгір», «ағаш», «тау» ежелгі
наным-сенімдері, ислам дінімен байланысты сопылар мен әулиелер культі
және ӛңір батырлары мен тарихи тұлғаларға қатысты ұғымдар мен
түсініктер құрайды.
– аймақтық топонимияның этноменталды ерекшеліктері мен
сипатына арқау мен негіз болған тарихи-топонимиялық, жалпы
топонимиялық, діни-мифологиялық аңыздар мен әпсаналар;
– Қазығұрт феномені қазақ мәдени кеңістігінде рухани эталон,
әулиеліктің (киеліктің) бір метафорасы мен символы ретінде танылады;
бұл феноменнің және оған қатысты Қазығұрт прецеденттік топонимнің
мәдени-философиялық, тарихи-танымдық, діни, идеологиялық және
аксиологиялық мәні ӛте жоғары.
Монографияның нәтижелері мен қорытындылары ӛз деңгейінде қазақ
топонимикасы, қазақ ономастика теориясы бойынша жаңа пайымдаулар
мен шешімдер жасауға мүмкіншілік береді. Кешенді және пәнаралық
тұрғыдан
зерттелетін
аймақтық
топонимиялық
материалдармен
деректелетін болашақ зерттеу жұмыстарына осы еңбектің кейбір
теориялық ұстанымдары мен қисындары белгілі дәрежеде негіз бола
алады. Қазақ этнолингвистикасы, ономастикасы, топонимиясы, лингво-
географиясына қатысты кейбір теориялық мәселелерді шешуде ӛз
деңгейінде үлес қосады.
7
1 ҚАЗЫҒҦРТ ӚҢІРІНДЕГІ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҤЙЕНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ,
ТАРИХИ,
ЭТНОМӘДЕНИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Кез келген аймақтың (аумақтың, регионның, ӛңірдің, ӛлкенің)
топонимиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан: аймақтың табиғат
жағдайларын, сол ӛлкені мекендеген халықтың кӛне және жаңа тарихын
ӛн бойында сақтаған, ұлттың материалдық және рухани мәдениеттерінен
кӛрініс бере алатын кӛптеген жалқы географиялық есімдер жиынтығы,
кешені болып келеді. Аймақтық топонимдер кешені немесе жиынтығы
белгілі бір топонимиялық жүйе құрайды, себебі топонимдер ӛзара және
тілдегі, тілден тыс (экстралингвистикалық) факторлармен күрделі,
диалектикалық қатынастарда болады және сол қатынастар негізінде жүйе
ретінде қалыптасады. Басқаша айтқанда, аймақтық топонимиялық
жүйенің қалыптасуында қоршаған ортаның физика-географиялық
жағдайы, сол ӛлкені кӛне замандардан бері мекен еткен халықтың тарихы,
тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы т.б. алғышарттары болып табылады.
Аймақтық топонимияның жүйесін және құрылымын қалыптастырған
және топонимдердің сипаттары мен ерекшеліктеріне ықпал еткен физика-
географиялық, тарихи, этномәдени жағдайларды қарастырудан бұрын
аймақ (аумақ, регион, ӛңір, ӛлке) туралы түсініктерді айқындап алуымыз
керек сияқты.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты жӛніндегі құжаттар
жинағында аймақ термині жӛнінде мынадай түсініктеме берілген: «Аймақ
– Республиканың бірнеше елді мекендері енгізілетін, оның мүддесі үшін
құрылатын және басқарылатын Республика аумағының бір бӛлігі» [1, 14
б.]. Бұл түсініктен кӛріп тұрғанымыздай, аймақ әкімшілік-аумақтық
тұрғыдан түсіндіріледі.
Әлеуметтік лингвистика маманы, ғалым Б.Хасанұлы аймақ, тілдік
аймақ ұғымдарына мынадай түсінік береді: «Аймақ сӛзінің мағынасы –
ӛлке, ӛңір. Ғылыми тұрғыдан алғанда, аймақ – елдің табиғи және тарихи
қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшелік жиынтығымен
дараланатын бӛлігі немесе бӛліктері. Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан
алғанда, тілдік аймақ (аймақ тілдері) деген тілдік жағдаяты (ситуация),
жалпы алғанда, ұқсас болып келген, елдің жақын орналасқан әкімшілік-
аумақтық құрылыстағы буындарда (облыс, аудан, ауылдық (селолық-
округ) қоғамдық қызмет атақаратын тілдер тобы орналасқан аумақ. Аймақ
деген қазақ ұғымында ауданнан кӛлемді белгілі бір аумақтық-
таксономиялық бірлік (единица). (Таксономия гректің taxis – орналасу,
тәртіп және nomos – заң деген сӛздері негізінде қалыптасқан). Тілдік
аймақ тілдер қолданысымен туындайтын іштей тілдік ахуал ортақтығына
8
негізделген,мӛлшері жағынан ауықымды кеңістік» [2, 35-36 бб.].
Б.Хасанұлы
аймаққа
берген
дефинициясында
(түсінік-
анықтамасында)
әлеуметтік
лингвистика
мүдделеріне
қатысты
сипаттамалар айтылады. Ал енді шетелдік және Ресей ғылыми
әдебиеттерінде аймақ (регион) түсінігінің жүзге жуық түрі бар кӛрінеді.
Дегенмен, аймақтың негізгі түрлері, яғни типтері келесі ретте
ажыратылады: әкімшілік-аумақтық (территориялық), экономикалық, саяси
тілдік, ұлттық т.б. аймақтар (региондар). Аумағы (территория) жағынан
аймақтың (регионның) аталған түрлері бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Мәселен, белгілі бір ұлттық (этникалық) аймақта екі-үш экономикалық
аумақтар орналасуы мүмкін немесе қайсыбір географиялық аймақ түрлі
ұлттық немесе мемлекеттік аумақты қамтуы ықтимал.
Біз жұмыстың мақсаты мен тақырыбына сәйкес топонимиялық аймақ
түсінігін зерттеу нысандарының бірі ретінде анықтап алуымыз қажет.
Қазақ топонимикасы ғылымында топонимиялық аймақ мәселесіне
алғашқылардың бірі болып тоқтаған зерттеуші А.Жартыбаевтың
пайымдауынша: «...этникалық топонимиялық аймақ дегеніміз – ӛз
физика-географиялық территориясы (шеңбері) бар, ӛз экономикалық,
саяси, этнологиялық, этногенездік, тілдік т.б. белгілерімен ерекшеленетін
топонимиялық
жүйе.
Аймақтық
топонимиялық
жүйе
ұлттық
топонимиялық жүйенің құрамдас бӛлігі, сонымен қатар ӛзіндік аймақтық
ӛзгешіліктері бар жүйелік топонимикалық құрылым болып табылады.
Топонимиялық аймақтың межелері әкімшілік-экономикалық аумақтық
межелерімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ әкімшілік-экономикалық
құрылыстың тарихи, саяси, шаруашылық, этномәдени факторлары
аймақтық топонимиялық жүйені сипаттауда назарға алынады. Сонымен
қатар жергілікті тіл ерекшеліктерінің де аймаққа қатысы ескерілмек» [3,
10 б.].
А.Жартыбаев белгілі бір этникалық топонимиялық аймақты зерттеу
нысаны ретінде Орталық Қазақстан ӛңірі топонимиялық жүйесін алып
отыр. Зерттеушінің пікірінше, аймақтық топонимияның қайталанбас
ӛзіндік тілдік келбетін, жүйесін жасауда сол ӛңірдің тарихи тағдыры,
физика-географиялық (ландшафттық) ӛзгешелігі, кӛптеген саяси-
әлеуметтік, этносаяси және этнографиялық жағдайлары, этногенездік,
этногенетикалық байланыстары мен тоғысуларының, шаруашылық және
экономикалық факторларының үлкен рӛлі мен маңызы бар [3, 5 б.].
Ғалымның осы тұжырымдамасынан кӛріп отырғанымыздай,
аймақтық топонимияның тілдік жүйесін, ӛзіндік ерекшеліктерін сипаттау
және талдау үшін аталған экстралингвистикалық (географиялық, тарихи,
саяси, экономикалық, этномәдени т.б.) факторлар аймақ топонимиясын
қалыптастырушы алғышарттар ретінде қарастырылуы қажет.
9
А.Жартыбаев Орталық Қазақстан аймағына Қарағанды облысы,
Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Семей облысының Абралы
ауданы (Қарағанды облысымен шекаралас бӛлігі), Ақмола облысының
Қорғалжын, Вишневка, Ерейментау аудандарын жатқызады. Зерттеушінің
пікірінше: «Аталған ӛңірлердің рулық, тайпалық, тілдік, экономикалық
бірліктерінен басқа да жер рельефіне (жартылай шӛлейтті, аласа тау, тӛбе,
қыратты) қатысты жайлары топонимдерден ӛзіндік орын алып отырған.
Себебі, кӛшпелілердің бүкіл этникалық тарихы, қоғамдық ӛмірдегі
әрекеттілігі ең алдымен табиғи орта мен әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың біте қайнасқан байланыстары арқылы кӛрініс береді.
Мұндай біртұтастық сезім әрбір қауым мүшесінің бойында мекен-
тұрақтың, ӛмір салттың, тілдің, мінез-құлықтың, дүние-тіршілікті
парықтаудың, қандас-тектестіктің біртұтас болуы арқылы жүзеге асады.
Бұл жайларда, әрине, сол ӛңірдегі жердің тілі топонимдерде айқын кӛрініс
береді» [3, 10 б.].
Аймақтық
топонимиялық
жүйенің
тілдік
ӛзіндік
келбетін
қалыптастыратын қоршаған орта (географиялық фактор), әлеуметтік-
экономикалық, этнографиялық, тарихи жағдайларының біртұтастығы
облыс кӛлемінен кіші аймақтар топонимиясынан да ӛз кӛрінісін табады
және сол кіші (облыстан) шектеулі топожүйесінің экстралингвистикалық
алғышарттары болып келеді. Біздің пікірімізше, белгілі бір аудан
аумағындағы топонимдер жиынтығы аймақтық топонимиялық жүйесін
құра алады, себебі кейбір аудан (барлығы емес) топонимиясы сол
алғышарттар мен олардың топонимиялық кӛріністерінің байланысын
аймақтық деңгейде паш етеді. Яғни, аймақтық сипат сол аудан
кӛлеміндегі топонимиялық жүйеге тән, демек, аудан топонимиясы басқа
аудандар, басқа ӛңірлер, ӛлкелер топонимиясынан ӛзгеше, ӛзіндік
ерекшеліктерге ие. Әр ауданның – сол бір шектеулі аймақтың дара, ӛзге
ӛңірлерге ұқсамайтын тарихи тағдыры, физика-географиялық жағдайлары
(геологиялық
құрылымы,
жер
бедері,
ландшафтық
зоналары,
гидрографиясы т.б.), ӛзіндік тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық
ӛмірі болған және де бар. Әрине, республика, облыстар кӛлеміндегі
(территориясындағы)
топонимиялық,
жүйелерге
ортақ
физика-
географиялық негіздерінің, жалпы ұлттық топонимияның келбетін
сомдаған тарихи, этнографиялық факторлардың бар екендігін ешкім
жоққа шығара алмайды.
Кіші аймақтық топонимияның тағы бір ерекшелігі – аудан тіпті
белгілі бір ауыл әкімшілік (ұжымшар) территориясы кӛлемінде
микротопонимдік жүйе құра алатындығы.
Микротопонимдер топонимдердің ерекше бір түрі: жалқы
географиялық есімдер ретінде олардың ӛзіндік ӛзгешеліктері бар.
10
Микротопонимдердің басты ерекшелігі ретінде орыс топонимист-ғалымы
В.А. Никонов аталған микротопонимдік нысанның ұсақтығын атайды:
«...микротопонимы – названия мелких географических объектов» [4, 4 б.].
Микротопонимдердің
және
де
топонимдердің
(макро-,
мезотопонимдердің) ортақ белгілері мен сипаттары бар. Мәселен,
микротопонимдердің топонимдердегі сияқты басты қызметі – локалды
түрде географиялық нысанды атайды, кеңістіктегі орнын кӛрсетеді, ал
сӛйлесімде (речь) болған (болып жатқан) оқиғаның, эпизодтың «адрестік»
орнын нұсқайды (меңзейді). Микротопонимдер мен топонимдердің ортақ
басты белгілеріне және де: 1) экстралингвистикалық факторлармен
байланыстылығы; 2) аталған бір нысанның екі не одан кӛп географиялық
есімі болуы; 3) географиялық жалқы есімдер жүйесінің бірлігі
(компоненті) болуы; 4) атауыштық мағынасынан басқа коннотативтік
компоненттері болуы.
Алайда микротопонимдерге ғана тән ӛзіндік ерекшеліктері бар. Орыс
микротопонимикасына тән ерекшеліктері мен ӛзгешеліктері, орыс
ғалымдарының пікірінше, тӛмендегідей: а) микротпонимдердің басым
кӛпшілігі семантикалық уәжділікке ие; ә) микротопонимдер ұзақ уақыт
«сақталмайды»; б) морфологиялық және фонетикалық варианттарға,
дублеттерге ие; в) сӛз тіркестері құрамында жиі қолданатындығы; г)
диалект (говормен) байланыстылығы; д) аса кӛп емес адамдарға (қауымға)
мәлімділігі т.б. [5, 18 б.].
Микротопонимдерге тән тағы бір басты ӛзгешелігі – белгілі бір аса
кӛлемді емес (шектеулі) аймақтың (аудан, ауыл, ауыл іші немесе маңайы)
микротопонимдік жүйесінде болуы. Осыған байланысты микротопоним
шартты түрде азғана адамдарға мәлім, уәжділігі жергілікті тұрғындарға
ғана белгілі және ұсақ нысан (объект) атауы ретінде карталарда
белгіленбеген. Микротопонимдердің осындай сипаттары кіші аймақ
(аудан) топонимдерге, яғни аудан аймақтық топонимиялық жүйе
бірліктеріне тән деп айта аламыз.
Сонымен, аймақтық топонимиялық жүйе ретіндегі географиялық
атаулардың қалыптасу үдерісінде (процесінде) және олардың қазіргі
тұрақтылығында заңдылық түрінде кездесетін және қайталанып тұратын
ерекшеліктер, белгілер, ӛзгешеліктер кешенді түрде қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |