328
ретінде өз халқының әдебиет тілінің қазынасын барынша
пайдаланады; фольклорда, поэзияда қалыптасқан көркем сөз
мәдениетінің жақсы үлгілерін: әр халықгың ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиетінің үлгі нүсқаларын іске жаратады. Сонымен қатар, үлт
жазушыларының қай романы болса да орыс жэне дүниежүзі
классиктерінің, алдыңғы қатарлы орыс кеңес жазушыларының
жақсы дәстүрлерінен алған үлгінің жемісі деп білуіміз керек» деп,
ойын түйіндеген Мүхтар Әуезов
(Сонда, 352 6.).
«Ұлтгық қазьгаа» теориясы Мүхтар Әуезов түсінігі бойыңша,
ұлттықтілдіңсарқылмас рухани байлығы, эрі ғылыми-теориялық
арнасы. Осы себепті бүның ғылыми-әдістемелік те құралы екеніне
көзімізді ашып, бүған деген сенімімізді бекіте түседі.
Төменде келтіріп отырған үлы Абайдың поэзия тілімен
түйіндеген «мақтау» деген философиялық деңгейдегі ойымен
Мүхтар Әуезовтің «құлдық психологиясы», немесе «жальшу,
жағыну психологиясы» туралы пікірімен тікелей сабақтастыгын
танытады:
Абұйыр, атақ сол жанда -
Кімді көп жүрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Көп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмаса?
Жоқ-барды шатпай ма,
Көптіц өзі оңбаса?
Мақтау -жел сөз жанга қас,
Қоіиеметшіл іиыгарган.
Бір мақтаса, боқтамас
Ел табылса, құмарлан, -
329
деп, оар жан-дүниесімен тебірене сезініп, тереңнен толғаитын
ойшылдың сөздері, кімге де болсын: «Әуелі, өзіңе үңіле қарашы?
Өзіңе озің: мен кіммін? - деп, «ойлы көзбен тағы, тағы қарашы?
Ойланшы?» - дел, кдмқор болып тұрган жоқ па? Иә, «көп мактауын»
таппайтын ба? Әлде «тэңірі атканы ма?» Немесе «ед» табатын,
жер танитын қамқоршы ма? Бұлардың кай-қайсысы болмасын адам
ісімен мшезшен табылатынын ескертш, сақтандырып тұрган жоқ
па?! Санғилы қылықтарға толы адам психологиясы пернелерін
тартқан шакта адам күй-сезімі симфониясын тыңдап тұрғандай
сезім, сезімдер қамауында боласың.
Мұхтар Әуезов «құлдык психологиясы» туралы ойын шағын
гана «Шыншыл, тэкаппар акын» деген мақаласында толғайды.
Макала ақын Сәкен Сейфуллин шығармашылығының жиырма
жылдық жолына арналған. Сонда «тәкаппарлық» деген қарапайым
казак сөзін халык психологиясы сырын ашатын танымдық,
логикапык күрал сапасында, ойлаудың түрі ретінде үсынады.
Карапайым «тэкаппарлык» атты казак сөзіне тарихи мән беріп, бұған
философиял ық мазмүн жүктеген.
Мұхтар Әуезов ой байлыгы мақападан ізденіске, ізденістен
зерттеуге, зергтеуден түлгапы ойга, әсіресе үлы Абайдың тарихи
түлға бітіміне ауысқан сайын айрыкша байкалады. Сонымен
карапайым казак сөзі ганымның келесі бір баспалдагы болып,
логикалық ойлаудың қүралына айналады. Көрнекті қазақ ақыиы
Сэкен Сейфуллиннің кісілік тұлгасынан диалектика тілінде айтсақ,
жекеде жалпылык көрінісі аркылы казак халкының ұлттык жэне
үлтжандылық қасиеттерін сөз сткен Мүхтар Әуезов.
Философиялык ойлылыққатәрбиелейтін Мұхтар Әуезовтін
сөзін толыгырак келтірейік. Міне, сол ойы: «Ең әуелі тәкаппарлык
дегенге тоқгасақ: бүл сөз казак кұлагына тосаң тиетін, өзінІң нэрлі
жақсы магынасынан айрылган сөз еді. Оның тарихи себебі дс бар
еді:
ОТАРКҮНІОШАРЫЛА БАСҚАНҚҮЛДҺІҚКҮНІБОЛАТЫН
330
(/қалам иесі/). Құлдық психологиясын елге мінез етіп басқалар:
хан,төре, би, болыс, чиновник-тілмаш, ескішіл, байшыл үлтшылдар
етіп еді. Жальтну мен жағыну үстінде де өз күндерін кешіп еді.
Адамның шын адам мүсінін көрсететін, өз басын «өзгеден кем
емеспіндеңмін» деген сенім, санаға жеткізетін, қадірлі сипат -
тэкаппарлық- аналар (отарлау саясаты /калам иесі/) түсында сөнген,
солған еді. Ол, тіпті, айыпты мінез, шам сөздің мағьшасында қальш
еді. Октябрь революциясы, Ленин жолы бізді, міне, мақгандыратын,
тәкаппарландыратын күнге жеткізіп, одақгық сүбе елінің бірі етті»
(17т., 4 7 б.)
деп, Ленинге деген үлы МүхтарӘуезовтіңсенімі зор
еді.
Патшалық Ресей орнатқан «қүлдық психологиясынан» азат егп
деп сендірген кеңес заманына Мүхтар Әуезовтің өзі үлкен үміт
аргқан. «Ленин жолы» заманы «қүлдық күнін» қайта орнатады деп
ойлады ма үлы дана.
1937-1954 жылдары қазақгың оқыған, білімді мамандары, білікті
дейтін 67 мың ғалымдары
(Қараңыз: «Егеменді Қазақстан»1996
жыл, 5 шіпде)
«үлтшылдық», «халық жауы» айдарымен аяусыз
қьірғынға үшырады. Бүган кім кінәлі? КПСС биліктен тайды. КСРО
құлады. Бүгінде жауапкершілікті ешкім де мойнына алмайды.
Кешірімі жоқ қылмысты жасаған жендетгердің өзі тақган қуылды.
Қ азіргі, болаш ақтағы үрпақтар үлтты қ тарихы мы зды ң
жазықсыздардың қанына боялган осы бір шерге, «Елім-айға» толы
қара жамылған беттерін үмытпаса екен, қайғылы күндер
кайтал анбаска барлық адамдық, рухани күштерін жүмылдырса екен
деп тшеиміз.
Ұлы Мұхтар Әуезовтей дана да: «қанды шеңгелден қүгылдым
ба, жоқ па? - деген күдік ешкімнің де көзі жетпейтін жүрегінің ең
түпкірінде сақталған болар. Абай аитқандай:
Бір күшті көп тентекті жыга алмай жүр,
Іште жалын deptп болып, шыга алмай жүр,
- деген ақыл
331
азабы мен жан азабын Мұхтар Эуезов те басынан кешті емес пе?
Сөз болып отырган галым-жазушының мақаласы 1936 жылы
жазылған. «Құлдық психология», «құлдык кун», элі де болса казак
халқын шырмауынан шығаргысы келмейді. Себебі баршылық,
тоқшылық, жақсы өмірді өзімізден күтпей біреуден күтудеміз.
«Жалыну мен жағыну» психологиясына енді өзіміздің тәуелсіз
мемлекетіміздің шенеуніктері душар етіп отыр ғой. Үлкен саясат
маңында жүргендер бұган не айтар екен? Тарих жүктеп отырган
осы бір дэуірлік мәселеге үлтжандылықпен қарап, елге билігін
жүргізіп отырган шенеуніктік мемлекет, Абай армандаган күнге
қүлақ артса:
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойлан толганып.
«Жұртым» деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып,
-
»
иә, осының тагдырлы мәнін қазіргі қазактың үлы мен кыздары
тереңнен толгап ұғуга тырысса? Сонда, мүмкін, «өзге жұрттан
үялмайтын кунге жетер ме едік?» деген «арманға жакындай түспес
пе едік?» деген үміттер жетелер ме еді? Бірақ, үміт ой эркімді
мазалайтыны, жетелейтіні сөзсіз.
К өпұлтты со ц и ал и стік м эд ен и еттің қалы птасуы ны н
теориялықта, идеологиялық та өлшемі, әрг шектейтін шебі деп
есептесек акиқатка жақындай түсеміз. Себебі, «үлттық түр»
үлттық мәдениетті дамытудың қүралы емес, керісінше, кеңестік
мэдениеттің сырт пішінін гана сылап-сипайтын саяси алдамшы
одақгық бояуы. Әдеби-көркем, ғылыми шыгарма болсын анатілінде
жазылганымен,бүлардың ішкі жан дүниесін, тіпті, ақыл-ойын
«социалиспк (реализм) мазмүн» биледі, жүріс-түрысына дейін қалт
еткізбей бақылап, бағып отырды емес пе?
« ¥ л т т ы қ түр» мен « со ц и ал и стік м азм үн» - ж алган
и деологи ялы қ бояулар. Б ұлар болса ұ лтты қты ң да,
332
ұлтжандылықгың
да өңін де, түсін де мүлдем өзгертіп, бара-бара
көзін жойып: «кеңес адамы», «кеңес халқы» атты даурықпа,
жасанды қалыпқа салмақшы еді. Мұхтар Әуезов өзінің жеке
шығармаларында «аға ұлт», «Москва- ең биік таразы» деген табыну
психологиясының «жайқаң-қайқаң» қылығымен де таныстырады.
Бұл турасында Мұхтар Әуезов не айтар екен, танысалық:
«Мысалы біздің туысқан елдер эдебиетінің шығармаларында
Москва ең биік таразы қазы есепті танылар еді. Мұнда жеңістің
бағасы, талантгың танылуы, эділдің ақгалуы, қатенің жазалануы,
дұрыстың ұстемдік алуы, даулар шешілуі, қиялдар іске асуы - бэрі
де бір Москвада жай табады»(7$
т., 402 б.).
Сонымен, Москвада
кеңестіктің атымен нені ақгау, нені даттау, кімге ат-шапан - осының
бәрін КПСС Саяси Бюросы шешетін.
Москва «биік таразы» болып, көпұлтты кеңес мәдениетіне
шешімін де, үкімін де шығаратын бірден-бір орталық болса, атса
оғы, шапса қылышы болған КПСС-тің «таптық», «партиялық» атты
қағидалар, эрі қалып көзқарастық өлшемдері «творчестволық» деп
саналатын мәселелердің қандайын болсын қырағылықпен
қадағалап, бағып отырды. Осының сарынын, идеологиялық қысымы
құрсауының салған іздерін Мұхтар Әуезовтің отызыншы жылдары
жазған мақалаларынан аңғаруға болады. Мэселен, 1937 жылы
жазылған «Тарих путевкасын берген адам» деген мақаласы. Сол
кезде В К П (б)-нің Қазақстан бойынш а бірінш і хатшысы
Л.И.Мирзоянның кабинетінде (1933 жылы /қалам иесі/) мэдениет
майданына арналған мэжілістен алған әсері туралы пікірін: «Мирзоян
бір жолы драма театрында «Арқалық» пъесасын көрді. Артистердің
өнерін жақсы багалады, «жалпы театр мен эдебиет бір беткей
қалмасын. Құр ғана қазақ ескілігі басымдап жүрмесін.
Оның ішінде қостарлығын қостап, сүйерлігін сүю керек.
Сынсыз,талғаусыз бас шұлғи беру жол емес. Екінші, әсіресе
алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінен, классик мәдениетінен үлгі
333
алуды ойлаңдар. Өз үлгілеріңді Қазақстан көлемінде ғана
қалдырмай, Одақ майданына алып шыгыңдар. Өз күшгеріңді
танытарлық шыгармалар туғызыңдар» - деп түшндеген оиын
Мүхтар Әуезов
(17 т., 79 6.).
Сырт қарағанда, барлығы қамтылған
сияқгы, ал оидың қан тамырын «қазак ескшігі» деп, «орыс классик
мәдениетінен үлгі» деп, қазақ мәдениетінен үлгі аларлық ештеңе
жоқтай мәдениет пен әдебиет салаларында «орталық», «таптык»
үстемдігі идеясы насихатталып, қуатталады жэне де КПСС
жағынан тікелей қолдау ала бастады. Партиялық үстемдік қысымы
үдеуінің алғаш қадамдары міне -осындай. Алда канды қылышын
жалаңдатып, репрессиясы күпп түрды ғои.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы - 1997 жылдың мамыр
айының 31 -і, соңгы сенбісі, түңғыш рет - Қазақстан Президент»
Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін қүрбандарын еске алу күні» деп
жарияланды. Еске алу күніне байланысты Республика Президенті
Нүрсүлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына арнаған Үндеуі
(Қараңыз: «Егемендік Қаза^стан». Үлттық қогамдық-саяси
газет. №105(21570). 31 мамыр, сенбі, 1997 жыл)
алпыс жыл
бойы архив қойнауында сақталған, жан түршігелік деректермен
таныстырады: 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес
Одағында 40 миллион адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған.
Халыққа қарсы жасалған қылмыстың басқа да айғақтарын
келтіргенде: қазақтардың 42 пайызы аш тықтан қырылып,
миллионная астам адам ауып кеткен. Ал, біздің елге бір миллион
209 мың адам жер аударылды. Осының барлығының нәтижесінде
қазақгар өзінің туған топырағында аз үлтқа айналды.
Ү ндеу: «Келешек күндеріміздің бэрі жарық, бэрі - жақсылык
болғай!» - деп, қазіргі, болашақ үрпақтарды да халқының, елінің
тәуелсіздігін, жерінің түтастығын сақгауға шақырады.
Абай шығармаларының (өлең жэне философиялық сөздерінің)
ғылыми-теориялық жэне әдістемелік негізі М үхтар Әуезов
334
ұсынаіын «Абайдың тікелей халықтығы» мен «Абайдың ұлттық
қазына» жасауы туралы қағидалары.
Екі дана ойшылдың әлемдік тарихи тұлғалар деңгейіне
көтерілуінің сыры - туған халқыныңтарихи түлғабітімініңбатырлық
мінезін дүниежүзі халықгарына таныстыруында болар.
Қандай да халықгың тарихи тұлға бітіміщң жасампаздығы,
даналыгы мен батырлықмінезін қалыптастыратын да, өміржолына
қамдайтын да, бары мен жоғына іздеу салып, қамқоршы болатын
ф
да, бұның ұлттық жэне ұлтжандылық қасиеттері. Қандай да
халықгың үлттыгы мен ұлтжандылығы сыры неде? деп сұрақ қойып,
жауап берсек. Мұхтар Әуезовтің ойымен түйіндесек: қандай да
халыктың -ең «жанды», «үздік», «ұлы» бітім тұлғасы.
М ұхтар Ә уезовтің отызынш ы жылдары аяқтана
бастаған«тұлға» мен «бітім» қағидасы КПСС-тің «мүлтіксіз
данышпандығы» заманындағы қазақ халқыньщ тарихи тұлға бітімі
қапыптасуының азапгы, қайшылықгы жолын ғылым мен мәдениег
салаларында бейнеленуі (танылуы, логикалық қорытылуы,
түжырымдалуы /қалам иесі/) тарихымен таныстырады
¥лы Мұхтар Әуезов «тұлға» теориясы «түр-тұлғамен пьеса»
деген абстрактіліктен, алғашқы қарапайым түсініктен, күрделікке
бастайтын ұғым, ягни, нақтылыққа үнемі, үздіксіз жоғарлайтын
танымдьщ, әрі логикалық (ойлау) үдерісі екенін ғылыми-теориялық
деңгейде жан-жақы талдаған. Ғалым-жазуш ының толық
шығармапар жинағының он жепнші, он сегізінші, он тоғызыншы,
жиырмасыншы томдарына қысқа шолу беруіміздің де мақсаты -
диалектика тек қана даму теориясы ғана емес, эрі таным және
логика теориясы .
Осы
заңды лы қ М ұхтар Әуезов
шығармашылығында бой көрсетеді деген ойды айрықша бөліп,
талдап таныстыру еді.
«Түлға» ұғымы теориялық жэне әдістемелік қызметін Мүхтар
Әуезовтің шығармаларына тікелей сүиеніп, философиялықтүргыдан
335
«ниеттеніп білмекке» ұмтылыс жасадық. Осыған байланысты
Мұхтар Әуезов ойлы көзімен қарап, мұның қалыптасуы тарихьгаа
қысқа шолу жасауды дұрыс көрдік. Ганым мен логика мәселелерін
тұжырымдауға арнапған ғалым-жазушының төменде келтіріп
огырган ауқымды философиялык ойына көңіл аударалык.
Мүхтар Әуезов «...жазушының шығарушылық еңбек жолын
бірнеш е саты деп түсіну керек» деген көркем танымның
диалекгикалык жольш анықгаудан бастайды. Бұдан соң жазушының
шығармашылық жолының танымдық жэне логикалық міндетін
анықтағанда жазушы «ең алдымен өмірді тану, білуге міндетп» -
дейді. Шығарушылық қызметтің танымдық жэне логикапық
міндетін былай деп түсіндіреді: «Сол өмір болмысын алғашқы
кезекте жазушы логикакалық ұғым тілімен ғана түсіне таниды.
Өмірді танымай, танығанын іштей меңгеріп алмай жазушының
ш ығаруш ылық шабытЫ тумайды . Ж еке жазуш ы өмірмен
байланыса отырыл, сол өмірді терең тани жүріп, жазушылық еңбекке
кіріседі. Алғашқы сатыда ол, көбінше, ынталы зерттеуші қалпында
болады. Осыдан кейін туатын екінші сатыда, жазушы еңбегі, сол
ақылмен, біліммен танылғанын суретпен бейнелеуге ауысады» деп
түйін ойын тұжырымдаған
(20 т., 405 6).
Қазақ ғылымы мен мәдениеті қызметі аяқтануы, басталуы
тарихы, ғылыми жетістіктеріне жету неден басталып, немен
тынады? деген сұрақтың жауабын анықтайтын болсақ, галым-
жазушы Мұхтар Әуезовтің өз сөзімен айстақ: «өмір болмысын..
логикалық ұғым тілімен» танып, ойлау арқылы тани, қорыта білу
деген сөз. Мэселен, бұған айғақ:
«ТҮЛҒА»
ұғымын «бірнеше
сатыдан» тұраты нды ғы н, яғни диалектикалы к логиканың
қарапайымнан күрделіге, абсграктіпіктен нақгылыққа жогарылауъі,
бұл түста түлға ұғым ының қалыптасуы, Мұхтар Әуезов талауында,
түсінуінде үздіксіз, үзіліссіз өсіп, өніп, дамып отыратын тарихи
336
үдеріс деп саналады. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы арқылы
«түлға» ұғымыньщ танылуы, логикалық меңгерілу і тарихын қысқа
қайталап шыққанда, бұның диалектикалық жолы: өмірдегі,
тіршіліктегі өткен тарихи жолын қорландырып, байытып ойша
қайталап шығу деген. «Тұлға» мен «бітім» - қандай да халықтың
тарихи дамуының айнасы, дұрысы мен бұрысы, түзуі мен қисығын
көрсететін айнасы.
Социализмнің жасампаздық қасиетіне сенген Мұхтар Әуезов
ш
КГІСС-ті «прогресшіл» күш деп санаса да төменде келтіріп отырған
пікірі қогамтану мэселелерін тұлга қағидасы халықтың тарихи
түлғасы мен бітімі төңірегіне топтастырғанын байқаймыз. «Әрине,
халықтың тұрмыс қалпы да, оның өмірлік мүдде, талап-тілектері
де өзгеріп, өсті, ұлттык тэн қасиетгер замандар бөгегін бүзып өтіп,
өзінің ең асыл сырлары мен гүлдерін ашты, жаңа сипат, жақсы
дәстүрлермен байыды, үлттық бейнесі көркейе түсті. Бірақ одан
үлт келбеті, үлт түлғасы солғын тартқан жоқ, жайнай түсті» деп,
түлға өзгеріп, үнемі дамып өсіп, өніп отыратын объективті үдеріс
екенін Мүхтар Әуезов ерекше бөліп отыр емес пе?!
(Сонда, 416
6.).
Абайдың әлемдік тарихи түлға бітімін талдау барысында
қалыптасқан түлға үғымының ғылыми-теориялық жэне әдістемелік
мэні туралы Мүхтар Өуезовтщ қорытынды ойын оқырман назарына
үсынайық.
«Абайдьщ бар өмірін баян ету бір сөзге сыймайды», - дейді
Мүхтар Әуезов. Үзак өмірінде Абайдьщ азамат арманынан туған,
талан-тартысынан туған ақындық, даналық қалып-қасиетінен туған
бірнеше өреп-өреп кезендерін бәліп атап көрмекпіз.
Бүл ерекше қалпында Абайдьщ ақындығы да, бас тірлігі де,
өмірдегі жол тартысы да, тарихтын елеулі үлгілі жемісі де түгел
танылады.
АБАЙДЫҢАБАЙЛЫҚ БіТІМ КЕСКТНІН, ТАРИХГЬЩ
ТҮЛҒАСЫН ТАНЫТҚАН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР
337
Осындай қасиеттері Абайды жас жігіт шагынан өлер кезіне
шейін эр алуан болып айқындалып шығып отырады»
(18 т., 35-36
бб.)
Л
•*■■■■
■"
- Я
Мұхтар Әуезов Абайдың тарихи тұлға бітімін толыктыра түсу
мақсатымен бұның эр қырын (абстрактілікті /қалам иесі/)
бейнелейтін, баяндайтын ерекшеліктерінщ жеке-дара, эрқайсының
мазмұнын ашқан. Міне, төменде солар: «Жекелеп санасақ, жас
кезіндегі өмірлік, азаматтық
ең бірінші ерекшелігі:
«Әкенің ұлы
болмай халықгың үлы боламын» деген тартысьшда, «Әкенің баласы
адамның дұшпаны, адам баласы - бауырың» деген ой Абайдың
сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын... Абай
жасьгада әкеден қол үзгенде ел үшін, ел көшіне, тарих көшіне соны
қоныс, тың өрістабу үшін қол үзген, сол үшін кеткен. Ол кетуі -
үстем тап әкімдерімен кетісуі еді. Бұл бірінші үлкен ерекшелігі
еді.Осыны ісінде де, өлең еңбегінде де арман етті.
Екінші ерекіиелігі:
жуан бел надан, содыр ру басылардан бөліне
кеткен бетінде бірден хальщты, халықтың мұңын тапты. Сол
халыктың жоғын берер жаңалықты іздеді. Жеке қазақ тарихы мен
топырагынан іздеген жоқ, үлгілі көрші елдер, өнерлі орыс халкынан
іздеді... Сонымен, бірінші ерекшелігіне екінші қасиег қосты. Абайды
танудың, толъпсгырудың айнымас айқы н жолы осы еді.
Үшінші ерекшелігі:
қос қанатган биікті мегзеген ақындығын,
бұрынғы қазақ ақындарының ешқайсысы шығармаған әлеуметтік
үлы тартыс, тарихтық тартыс құралына айналдырды.
Төртінші ерекшелігі:
өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты
жэне бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып
өсер ақынды тәрбиеледі. Қазақгың жаңа әдебиетінің, классик
әдебиетінің іргесін өзі қалап тұрғызып, сол әдебиетке басшы,
халыққа қамқор, қайраткер болды» дейді
(Сонда, 36 б.).
Бесінші ерекіиепігі
деп толыктыратыпымыз: Абай қазақ сөзінін
жеке-дара эдебиеттік қана мэртебесіне емес, философиялық
338
деңгейге көтеріп, жеткізді. Қазақсөзініңтанымдықжэне логикалық
мүмкіндікгерін байыта, тереңдете, жетілдіре түсті.
Мұхтар Әуезовтің Абай туралы жазған еңбектері көп: «Абай
елінде өткізілген мереке» (1945 жыл) деген журналистік репортаж
сияқгы мақаласьшан бастап «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» (1845-
1904) атты 50-ші жылдары баспадан толық басылып шықкан
I
монографиясы мен мақалаларында, зерттеулері мен еңбектерінде
Абайды тану, Абайтану ілімінің мәселелеріне арналған. Осылардың
ішінде Абай туралы бастама да, ғылым тұғырының ең биік
нысанасы- Абайдың тарихи тұлға бітімінің ең жанды деген
диалектика тілінде, ойлаудың абстрактіліктен нақтылыққа
көтерілуінің ұзақ жэне қауіп-қатерге толы тарихи жолы, жоғарыда
келтіріп отырган ой талғанысы: «Абай еңбектерінің биік нысанасы»
деген зерттеуін тыгылып, сығылып, ұшуға дайындық, ой мұхитына
ұзақ сапардың бастамасы деуге болады. Үлы Мұхтар Әуезовтің
осы аталған шығармасында Абайдың сомдалган тарихи тұлға бітімі
қазақ халқының да тарихи тұлға бітімін зерттеп танудың теориялық
жэне эдістемелік негізі. Абай мен Мұхтар Әуезовтің халқының
ұлттык, елдік пен ұлтжандылық қасиегтері туралы толғаган ойлары
бүгінгі күннің де айшықты мәселесі. F асырлар бойы армандаған
тәуелсіздік кұсы қолымызға келіп қонды. Халықтығымыз бен
елдігімізді қорғайтын күшке де иелік қолымызда: тәуелсіз қазақ
мемлекегі іргетасын капал жатыр халқымыз. Міне, осындай тарихи
жауапты кезеңде әлеуметтік жэне рухани жүдеушілік тамыры ең
алдымен ұлттық пен ұлтжандылық каситтеріміздін дэрменсіздігінен,
көбімізде осылардың жоқтыгынан белең беріп отыр.
Абай мен Мұхтар Әуезов мұра етіп қалдырған ұлтгық пен
ұлтжандылык қасиеттердің ұйытқысы, тірегі болатын қагидалары
элі де көрксм сөзді жағалап, осынын шеңберінен шыга алмай, саяси-
элеуметтік эсерліктін, белсенділіктің тұгырынан көрінуге шама-
шарқы жетсе де, күші мәнсіз нэрселерге жұмсалатын сияқгы. Сол
339
ұйытқы, сол тірек - Абай айтқан, бүгінгі үрпаққа аманат, өсиет етіп
тапсырган: «Қалың елі», «Қазағы», «Қайран жұрты» көбімізге элі
де«жумбақ» сияқты, себебі бұның сырын ашып, мэнін ұгуга
философиялық биіктен ой жүгіртіп, эуре болмаймыз. ¥лы Абай
айтқандай:
Қайгысыздың бәрі асау,
Бізге онан пайда, -
деп, қазіргі жастарга, еліміздің болашагына:
«Менің жүмбақгығым - сенің келешегің, ойлан, ойлан?» деп, өтініп
түрған жоқ па?! Кінэні біреуге итере салатын заман оралмасқа
кеткен сияқты. Тарихтың ауыр жүгі енді өз арқамызда, салмағы
тіземізді бүктіріп, желкемізден түйіп, түмсығымызбен жер
жырттырмақшы.
«XXI гасыр, дайынбысың?!»-
деп, есігімізді
айқара аш ы п, өктем деп босағам ы зды аттап , тө р ім ізге
жайгаспақшы!
340
РЕДАКТОРЛАРДЫҢ БІРІНШІ КІТАП
БОЙЫНША ЕСКЕРТПЕ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Біз ұсынып отырған осынау күрделі де, түбегейлі еңбек өз
бойымызда қалыпгасқан, машықганған, дағдылы болып үлгерген
көзқарастарымызды қайта қарауға мэжбүрлеуде.
- Біріншіден, монография авторының қазақша жазу стилі бір
жагынан оның Абай гүламаға еліктеуін білдірсе, екінші жағынан
■
>
заңғар жазушы М ұхтар Ә уезовтің ықпалына ерекше ден
қойғандығын байқатады. Бүл еңбектің аталуы, мэн-мағьшаеы,
мазмүн-бітімі түстарынан келетін болсақ, бұндай жағдайдың өріс
алуы түсінікті делік, бірақ қазіргі қазақ тілінің нормаларында бүл
екі тұрғыдан да өзгешелеу тұстары барын ескермеске де болмайды.
Сондықган да, редакторлық лауазымдарымызды пайдаланып, біраз
«томпақтықгарды» заманауи тілдік талаптарға сәйкестендірдік,
бірақ автор еншіеі - мазмұнына еш нүқсан келтірмеуді қадағаладық.
- Екіншіден, марқұм Шақанай Әміржанүлы бүл еңбегін
докторлық диссертация сапасында дайындаған еді (философиядан
ба, элде социологиядан ба - ол жағы біздерге беймәлім). Абайдьщ
м үрасына қатысгы автордың ойлап талқан социол огиял ық шифрлау
әдісін сақгай отырып, осы эдісгің Мүхтар Әуезовтің туындыларына
қатысты тұстарын алып тастадық. Бұдан еңбек мазмұндық
өзгерісғ^е ұшыраган жоқ, тек оқылуы һэм қабылдануы жеңілдей
түсті. Біртұтас құрылган еңбекті үшке боліп, 3 кітап түрінде
жариял ауга дайындағанда да осы қагиданы қаперге алдық: түтастай
оку ауырлау.
- Үшіншіден, автордың КСРО, КОКП тоталитарлық жүйесінің
эсіре кертартпалық сипатынан әбден жерінгендігі еңбектің он
бойынан «мен-мүңдалап» көрініп-ақтүрады, сондықган біздер оның
пайым даулары, сөз саптауларының баршасымен келісе қоймаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |