Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата02.03.2017
өлшемі20,38 Mb.
#5134
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

332

сүйеніп,  философиялық  талдау  жасауға  талаптандық.  Ескерте 
кетейік,  Абайдың  кара  (философиялык /қалам  иесі/)  сөздеріне 
Мұхтар  Әуезов  өзі  айтатын  «эдебиет  тарихшысы»  сапасында 
талдау  берген 
(Қараңыз:  20  т.  217-229  бб.).
  Бұл  турасында
төменде  Мұхтар  Әуезовтің  талдау,  тұжырым  ойын  келтіріп 
отырмыз. «Енді ең алдымен, осы қара сөздің қалыңтобын тақырып 
мазмұндарына қарай, арнаулы жіктерге боле отырып тексеріп, танып 
көрейік»-дейді ғалым-жазушы 
(Мүхтар Әуезов «Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлы»  (1845-1904).  (Монография)  атты  гылыми 
еңбегінің арнайы тацырыбының бірі
 -  
«Абайдың цара сөздері»).
«Жалпы алғанда, - деп бастайды талдауын Мұхтар Әуезов, - 
«Абайдың осы қара сөзі дейтін мұралары көркем прозаның өзіне 
бөлек, бір алуаны болып калыптанады. Бұлар сюжетп шығармалар 
емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелігі, мемуары да емес. 
Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы  шығармалар Абайдың өзі 
тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, 
ойшылдық  жэне  көбінше  адамгершілік,  мораль  мәселелеріне
арналған өсиет, толғау тэрізді» 
(Сонда, 218-21966.).
Абай  қара  сөздерінін  «стильдік»,  «мазмұндық»  жақтарын 
қарастыра отырып, Мүхтар Әуезов өзінің жаңашыл пікірін «бір алуан 
көркем  сөздің түрі» деп бағалаиды бүларды.  Өз тарапымыздан 
айтатынымыз,  Абай  қара  сөздерін  «адамгершілік  моральдық 
мэселелермен» гана шектемей, бұлардын мұнда баршылығы еш 
күмән  келтірмейді.  Абайдың  қара  сөзін  мазмұнына  орай 
философиялык  деп  атап,  бұның  «моральдықпен»  сабақтасып, 
байланысып жатқанын ескеріп қана қоймай, философиялығын да
айту өте  қажет.  «Моральдықтан» да терең,  қазақ ғылымы үшін 
тұлғалы тың да, жаңа мәселесі: таным мен ойлау мәдениеті. Қоғам 
мен сырт дүние, бұган деген адамнын санғилы қатынастары туралы 
Абайдың диалектикалық тұтастыққа  мегзейтін  философиялык
ойлары барын ескеруіміз гылыми қажеттілік.
Абайдың кара сөздерінің жеке-дара эрбіріне тоқтап, талдау
жасаган Мүхтар Әуезов Абай элемі тыңын көтеріп, себебі Абай
333

әлемінің іргетасын қалап, шаңырағын көтергендердің ең көрнектісі, 
бірегейі—ол Мұхтар Әуезов гүламаның өзі. Бұған қоса ең табысты 
шығармашылығымен, ғылыми ізденістерімен әлем жұртшылығына 
танымал болған жазушы,  эрі  ғалым, эрі тарихшы, әрі этнограф 
сапасындағы бірден-бір ғұлама оқымысты.
«Бұл шығармаларда — қара сөздер туралы жалпы ойын Мұхтар 
Әуезов әрі жалғастырады: Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, 
жүзбе-жүз кездесуцегі мэслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз 
тэрізденеді...
Осыдан, соңғы қара сөздер жайындағы айқын байқалатын бір 
өзгешелік Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы 
окушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. 
Онысы -  анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді 
қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын 
жаңа сөзбен таратады» 
(Сонда,  219 б.).
  Абай өз ойларын «жаңа 
сөзбен» таратады деген Мұхтар Әуезовтің философиялық жэне 
ғылыми тұжырым ойы Абай философиясы жүйесін қара сөздері 
арқылы танып, біліп, жан-жақты меңгеріп барып, философиялық сөз 
деп қабылдауға, бағалауға мүмкіндік тудырады. Бұл мүмкіндікті 
жасайтын Мүхтар Әуезовтің Абай қара сөздеріне арнайы берген -  
«жаңа сөз» деген жаңа түжырым ойы.
Абайдың өлең создерінің қара (философиялық/қалам иесі/) 
сөздерімен сабақтастығын, байланысын сөз ете отырып, Мүхтар 
Әуезов тағы бір философиялық ойлыққа бастайтын өте қажетті 
ғылыми-теориялық,  эдістем елік  мэні  бар  қағидалы  пікірді 
түйіндеген. Бүл түста біздің ойымызша, Мүхтар Әуезов өлең сөзін 
қара создерімен сабақтастығын айта отырып, айырмашылығын да 
ескерген. Сәл ғана айырмашылық демей, заңдылыққа айналатын 
айырмашылық  екенін  терең талдамаса  да,  осы  тұрғыдан  ақыл 
береді. Абай «өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы окушы мен
тыңдаушыларына үнемі түсінікп оолмаитындаи көреді»-деи келіп, 
Мүхтар Әуезов: «Абай еңді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын 
ойларының бірталайын «жаңа сөзбен» таратад ы »-дейді 
(Сонда,
334

219
 6,).Ғалым-жазушы Абайдың өлең сөзінің қай себеппен «үнемі 
түсінікті болмайтынын» жетік ашпайды. Бірақ, өлең сөздерінде 
айтылатын ойларының «бірталайын жаңа сөзбен таратады» деп, 
Мұхтар  Әуезов  ойдың  жетіспеген  кемтігін  толықтыра түсетін 
сияқты.  Дэл  осы  сәтте  ескеретін бір жайт -  ол  Мұхтар Әуезов 
шығармашылығында Абайды ң өлең сөздері мен қара сөздерінің ара 
қатынасы мен танымдық деңгейде алатын орын салмағы.
Мұхтар  Әуезовтің  Абайға  арналған  245  беттен  тұратын
монографиясының тек 13 беті ғана ұлы ойшыл философтың қара 
сөздеріне  арналған.  Бұл  жай  көп  ойға  қалдырады.  Бұған  коса, 
Мұхгар Әуезов Абайдың қара сөздері туралы қайшылықты пікірлер 
ұсынады.  Мэселен,  жоғарыда  «жаңа  сөз»  жөніндегі  ойына 
токтадық. Ғыл ым и-теориял ы қ маңызы бар қағиданы ұсына отырып, 
сөйтсе де Абайдың философиялык (қара) сөздерінің танымдық, 
логикалық мазмұндылығын ескермейтін жаңылыс пікір де ұсынады.
«Жэне  өлеңнен  қара  сөздерді төменірек түсіретін тағы  бір 
өзгеш елік  бар.  Онысьг.  дін  тұтынушылыр  мен  би-болыс, 
атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз сыншы, жазушы болған қалпын, 
Абай қара сөздерде біраз жеңілейтіп ашуын азайтыңқырап алады. 
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар, тіпп көп болса, қара 
сөздерінде аз көрінеді. Бірнеше басып аиткан ащы, сыншыл пікірлер 
болғанымен, көпшілік қара сөздер орташа шындықгы орташа халде 
таратады.  Бұнда жалпы байқалатын күй, осы тындаушылармен
Абайтату мэжіліс құрғандай болады...
Осы себептен болу керек, қара сөз ой тереңдігі жағанан да көп
өлең сөздерден  таязырақ,  сәл  ғана  шындықтардың  өріс-өрісін 
байқатқандай болады» — дейді Мұхтар Әуезов 
(Сонда,  220-221 
бб.).
  Абайдың  кара  сөздерінің  ғылыми  да,  философиялык  та 
маңыздылығын  төмендететін  М ұхтар  Әуезовтің  «орташа 
шындықты  орташа  халде  таратады»  деуі.  Сірә,  ұлы  философ 
ақынның көз жанарын алатын, «жүректі қозғайтын», баста «миды 
оятатын», өңкей жалғанмен «шынныңбетін бояйтындарды» әшкере
335

ететін, әлеуметтік «пысықшалардың» не түрлі «куы мен сұмдарын» 
өлтіре сынайтын өлең сөздерінің қамауынан шыға алмаған қара 
сөздері тым қарапайым, жұпыны көрінетін сияқты. Себебі, кара 
сөздер  философия  дәреж есіне  көтеріле  алмаған.  Әдебиет
мәселелерін  зерттеуші  көзімен  қарағанда,  қара  сөздер  «оңаи 
ұғымдар» болып көрінуі мүмкін. Мұхтар Әуезовтің «Абай—философ 
емес» деуінің сыры да осыған байланысты болар. Абайдың өлең 
жэне қара сөздерін мұқият оқып, талдап, тексеріп барып, бұлардың 
біртұтастығын,  аж ы раты лмас  байланы сы н,  мазмұнды лы қ 
ұқсасты ғы н ескерсек: екеуі де ұлы ойшылдың қаламынан туды гой. 
Сөздерініңбірін артықсанап, екіншісін кеміте, менсінбегендей мінез 
білдірсек, эрине, Абай шығармашылығы философиялык мэдениетін 
ескерусіз  қалдыруға  жол  ашады  ғой.  Осы  жағдайларды  оймен 
сараптап барып, «Абай қара сөздері -  философиялыққа айналсашы»
— деп, жаңа ғылыми мәселені  қоюға тарихи да, теориялык негіз 
бар. Немесе «Философиялык трактат» -  деп атасақ. Бұл жағдайда 
Абай  ф илософ иясы ны ң  тарихи  жэне  ұлтты қ  тамы рлары н 
қарастырсақ, «трактат» дэстүрлі әлемдік философияда орын тепкен. 
Ал қазақ құлағы Абай айтқандай:
Шүу дегенде  цүлагың тосацсиды,
Өскен  соң  мүндай  сөзді  бүрын  көрмей,
  -  дегендейін, 
«философия»,  «трактат»  т.б.  жүздеген  логикалық  абстракция 
деңгейіндегі мыңдаған тілдерде айтылатын үғымдар (категориялар 
/қалам  иесі/)  қазақтың  қоғамдық  санасы нда  жэне  ғылыми 
қолданыста терең тамырларын жібермеген. Философия тарихына, 
ш ыққан  тегін е,  атқараты н   қы зм етін е  қарасақ,  ойлы ққа, 
ақылдылыққа, парасатгылыққатәрбиелеп, бейімдейді.
Абайдың философиялык (қара) сөздерінің логикалық жэне 
танымдық  заңдылық дэрежесіне  жоғарылауының  сыры,  біздің 
пайымдауымызша,  бұлардың  мазмүндылық  мәнінде.  Мүның 
себебін, иэ себебін үшкіл мен ғылым түтастығы жан-жақты ашып, 
негіздеп талдайды. Философиялык сөздерінде Абай өлең сөзінен
336

казак қоғамы, бұның дамуы, халқыныңтіршілігіне сай шаруашылық, 
тұрмыстық,  салт-дәстүрлік,  рухани  ерекш еліктерін  және 
мемлекеттік кұрылымын «ел бағу»- (Бірінші сөзінде /қалам иесі/)
деп тұжырымдаған.
Қазақ қоғамының саяси-элеуметгік даму ерекшеліктері -  «ел
бағу» деген философиял ық түтастық дәрежедегі мэселе төңірегенде 
топтасқан. Қырық бес философиялық сөздерін қамтитын бастама 
да,  басты  да  негізгі  түйін-тұжырым  мэселе  «ел  бағу».  Ал 
танымдық, логикалықжағынан қарастырсақ, элемдік философияның 
ең биік шыңы, жарқын тұлғасы -  диалектика. Абайдың өлең жэне 
философиялық  (қара)  сөздеріне  тэн  басты  қасиет  -   жадағай 
(стихиалды) диалектика. Бүл болса, қазақшалап айтсақ, даналарға 
біткен тереңіне бет қоятын, тереңнен толғайтын, қарапайымнан 
ерекшеленіп, дараланған, күнделік жайдан тереңірек жатқан табиғи 
дарыны, зерде-санаты (интеллекті), яғни нәтижелі еңбекқорлығы, 
шығармашылығы, ойлылығы. «Сондықтан кейбір қара сөздерінде 
бүрынғы  өлеңінде  айтылатын  ойлар  қарапайым,  жеңіл,  оңай 
үғымдармен қайтадан айтылады. Бүл жөніңде Абай өзінің көпшілік 
оқушы, тындаушысымен әңгімелеседі жэне де сол эңгіменің үстіңде 
адамгершілік  мәселелерінен:  эділет,  ақтық,  турашылдық, 
шындықты сүйгіштік, ғылымға қүмарлық, еңбекті бағалағыштық 
сиякты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық, сипатгың 
жауы  болаты н,  аярлы қ,  ж алған ш ы лы қ,  бэле  құмарлық,
мақтаншақтық  мансапқорлық,  өсекші-өтірікшілік,  еріншектік, 
арамтамақтықсияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол 
жайларды тындушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын 
алдымен  ойлайды.  Айтпақ  сөздері  мен  ойларын  мысалдармен 
келтіреді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тындаушысына 
сүрақтар  береді.  Өзі  онымен  жауаптасып,  әңгімелескен  кісі
тәрізденіп отырады.» 
(20т., 2196.).
Әлемдік философия мэселелерімен сабакгасып, байланысып
жатқан  Абайдың  «қара  сөздерін»  «қарапайым,  жеңіл,  оңаи
гөрі тер ең ір ек  сыры бар  әл еум еттік -ф и л ософ и ял ы қ  м әсел ел ер ді:
337

ұғымдармен»  шектесек,  бұлардың  философиялык  деңгейдегі 
тақырыбы  мен  мазмұндылығы  байқалмай,  танымдык  және 
логикалык  мүмкіндіктері  қолданыссыз,  жабулы  қазан  күйінде
қалады ғой. Абайдың өз қаламынан шыккан қырық бес сөздері -  
өз  алдына  жатқан  заман  болмысы  тарихы,  эрі  логикасы.  Ал
осылардың оіреуінде де «қара сөз» деген ұғымды кездестірмеисіз. 
Абайдыңозі болса «қара сөз» емес, «нақлия», «ғақлия», көбінесе 
соңғы ұғымды жиі қоладанады. Абай әуел баста Бірінші сөзін ғана 
емес, барлық қырық бесінің мақсатын анықтағанда, Абай ойына, 
не айтқанына, тагы да құлақ артайықшы. «Ақыры ойладым: осы 
ойыма келген нәрселерді ақ қағазға жаза берейін, ақ қагаз бен қара
сияны ермек қылаиын, кімде-кім ішінен керекті сөзтапса, жазып 
алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, оз созім өзімдікі дедім де, ақыры 
осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.» 
(Сонда, 
9 6 б.).
 «Қара сөз» дегенніңтіпті ешбір нұксаны байқалмайды. Әр 
созін оқып, келесісіне ауысқан сайын философиялыкқатұнып тұрған 
қалың ойдың орманына тап боласыз.  Мәселен,  «терең ғылым», 
«терең ой», «ғақлия» (оймен, ақылмен /қалам иесі/), «ғақыл көзімен» 
(даналық козімен /қалам иесі/) деген ұғымдар мағынасы, мазмұны 
жағынан жақын да, ұқсас, терең философиялык ойлылықка бастап, 
ынталандыратын  логикалық  абстракциялар.  Грек  түсінігіндегі 
«философия»  дегені  ойлылыққа,  ақылдылыққа,  даналыққа 
құштарлық,  сүйіспенш ілік  «ғақлия»  деген  арабты ң  созіне 
жанастығын танытпай ма?! Сонымен, «қара соз» жэне «ғақлия» 
деген создердің үгымдық мэніне келсек, сірэ, соңғысы философияға 
жақынырақ емес пе?! Егер де «философия» деген грек сөзі әлемдік 
қолданысқа ие болса, неге Абай сөзін философиялык деп атамасқа?! 
«Ғақлия» бұган қарсы болмас.
Ұлы Абайдың дана ойын жүдетпей, «қарапайым, жеңілдің» 
қамауында үстау қиянат болар. «Ага туыстың» қас-қабағы астында 
қысылып,  қымтырылып  өскен  Абай  сөзіне  әлемдік философия
деңгеиіне шығуына мүмкіндік туцыру -  қазақ гыл ымының өскелең, 
Абай аруағы алдындагы ұлттық борышы.
338
>

Қазақ халқыныңтәуелсіздікке қолы жеткен заманда бүгінгі буын 
Абайдың шығармаларын мұқият оқып, «тереңіне бет» қойса—Абай 
таңғажайы п түлға екеніне көзі жетер еді. Университет, академиялық 
айтыстарға түспеген, бірақ Абай қырдың алпауыт жуандарымен, 
патша әкімшіл ігінің ұрда-жық жергілікті «бүлдіргіш әкімдерімен» 
тікелей жиырма жыл бойы  қоғамдық, саяси-әлеуметтік қызмет 
бабы н да жүріп, осылармен не түрлі тартысқа түсіп, өмірін күрес 
үстінде өткізді. Бұл туралы тағы да қайталай кетсек, Абай былай 
деп жазған: «Бүл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік 
пе,  әйтеуір  бірталай  өмірімізді  өткіздік:  алыстық,  жүлыстық, 
айтыстық,  тартыстық,  әурешілікті  көре-көре  келдік.  Енді  жер 
ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылыпжүрген ісіміздің 
бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. 
Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба 
алмай  өзім  де  қайранмын» 
(Екі томдъщ  шывармалар жинаяы

Екінші  том

Аудармалар мен  қара  сөздер.  Алматы:  Жазушы
,
1986,  95  б.).
Таптық күрес жолына түспеді, қарулы көтеріліске шақырмады 
деп, Абайды жазғырушылар да болды.  Бірақ әділдік,  қүқықтық 
қоғам үшін күрес үстінде туған, осы күреспен шындалған Абайдың 
азатшыл, күрескер ойларының сырын ашып, ұғуға неге үмтылыс 
жасамасқа,  неге  айтпасқа?!  Осының  ең  жемісті  табысы  тағы
қайталасақ: Абай философиялык сөздері.
339

РЕДАКТОРЛАРДЫҢ 
БІРІНШІ  КІТАП  БОЙЫНША 
ЕСКЕРТПЕ  ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Біз ұсынып  отырған  осынау  күрделі  де,  түбегейлі  еңбек өз
қалыптасқан, машықтанған
та қарауға мәжбүрлеуде. 
.

Біріншіден, монография авторының қазақша жазу стилі бір 
жагынан оның Абай гүламага еліктеуін білдірсе, екінші жагынан 
заңғар  жазушы  М ұхтар  Ә уезовтің  ы қпалы на  ерекш е  ден 
қойгандығын  байқатады.  Бұл  еңбектің  аталуы,  мән-магынасы, 
мазмұн-бітімі түстарынан келетін болсақ, бұндай жагдайдыңөріс 
алуы түсінікті делік, бірак қазіргі қазақтілінің нормаларында бүл 
екі түрғыдан да өзгешелеу түстары барын ескермеске де болмайды. 
Соңдықтан да, редакторлық лауаз ымдарым ызды пайдаланып, біоаз
томпақтықтарды  заманауи тілдік талаптарга сэйкестендірдік, 
бірақ автор еншісі  — мазмұнынаеш нұқсан келтірмеуді кадагаладық.

Екіншіден,  марқұм  Ш ақанай  Әміржанұлы  бүл  еңбегін 
докторлык диссертация сапасында дайындаган еді (философиядан 
ба, элде социологиядан ба -  ол жагы біздерге беймәлім). Абайдың 
мүрасына катысты автордың ойлап тапкан социологиялық шифрлау
эдісін сактай отырып, осы әдістің Мұхтар Әуезовтіңтуындыларына
катысты  тұстарын  алып  тастадық.  Бұдан  еңбек  мазмүндық 
өзгеріске ұшыраған жоқ, тек оқылуы һэм кабылдануы жеңілдей 
түсті.  Біртүтас  құрылған  еңбекті  үшке  бөліп.  3  кітап  түпінле
аддык
оқу ауырлау.
тотал итарл ы қ жүйес і н і ң
ре
бойынан “мен-мұңдалап” көрініп-ақ тұрады, соңдықтан біздер оның 
пайымдаулары, сөзсаптагуларыныңбаршасымен келісе қоймаймыз.
340

МАЗМҮНЫ:
Сэбит М.Абай тылсымы философиялык сырсандық............ 3
Смагүлов Ж.Қ. Ұлылар үндестігінің үдесіне үңілген............5
Әубәкір Д.Ә.  Ғүламалар салған даңғыл жолға адалдық......12
Ысқақов М.Р. Өзекті өртеген өмір /Алғысөз орнына/..........23
Бүгінгі кезеңталаптары /Кіріспе орнына/...............................29
ЕКІНШ І  БӨЛІМ .
АБАЙ  Ф ИЛО СОФ ИЯСЫ
БІРІН Ш І  ТАРАУ.  АБАЙ  -   ФИЛОСОФ.
2.1.1  Абай философиясы -  жалған ба? шын б а ? ...................45
2.1.2 Абай философиясы. Ойлар..............................................72
2.1.3  Көзқарастық он бағыт -  жүйелікке жол........................83
ЕКІНШ І  ТАРАУ.
АБАЙ  ҮШ КІЛІ  -   ФИЛОСОФИЯЛЫК  ПА?
2.2.1  Үшкіл -  диалектикапық тұгастык................................. 117
2.2.2 Жүйе Абай философиясында бар ма?............................120
2.2.3  Жұмбақ  адам  сыры......................................................... 128
Ү Л ІН Ш І  ТАРАУ.
АДАМНЫҢ  ӨЗІНДІК  ЖАСАМПАЗДЫҚ  КҮШТЕРІ
2.3.1  Ғалым  мен ғылым -  Абай философиясы тірекгері.......159
2.3.2 Ғылым мен д ін ...............
2.3.3 Иман. Абайлыктүсінілуі.
184
193
2.3.4 Ислам ................................................................................ 202
2.3.5 Ислам мәдениетінің элемдік өркениетке
•  • 
203 
қосқан ипліктері туралы...........................................................
341

ТӨРТІНШІ  ТАРАУ.
АБАЙ  ЖҰМБАҚТЫҒЫ  -   ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕ.
2.4.1  Таным теориясы. Абай Үшкілі көзімен...........................205
2.4.2 Таным теориясы................................................................. 210
2.4.3 «Мен» менен «Менікі» жэне «Сенікі» -  
философиялык категориялар. Абайлық түсінілуі................... 227
2.4.4 Білмек заңдылыгы.......................... .................................. 235
2.4.5 Абайдың философиялык сөздері...................................... 244
БЕСІНШІ  ТАРАУ.  ҚАРА  СӨЗ  ЖҰМБАҚТЫҒЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҒЬШДА  МА?
2.5.1  Қара сөз философиялыққа айналса ше?.......................... 312
2.5.2 Мұхтар Әуезов Абай қара сөздері туралы
(Осы еңбектің алғашқы жариялау қорытындысы ретінде)  ... 330
Редакторлардың  1-ші кітап бойынша ескертпе 
тркырымдары..............................................................................
340
Мазмүны.......................................................................................
341
342

ӘБДІРАИЫМОВ
Шақанай  Әміржанүлы
Абай жүмбақтығы -
философиялык, мэселе
Екінші  кітабы

Басуга қол қойылды  4.07.2015 ж.
Пішімі 84x108. 
Vie. 
Шартты баспа табағы 21,5. 
Тарапымы 300  дана. Тапсырыс № 633.
«A-Полиграфия» ЖШС-де басылды. 
030012, Ақтөбе қаласы, Т.&

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет