осы ғұлама даналарымыздың қалдырған баға жетпес мүраларының
да пайдасы шексіз екені анық.
Жандос Қожахметұл ы CMAFVJIOB,
академик, Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекелік ун и верситетінің
қазак әдебиеті кафедрасынын профессоры,
филология ғыл ымдарының докторы.
11
ҒҰЛАМАЛАР САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА
АДАЛДЫҚ
Шақанай Әміржанұлы Әбдірайымовтың
«Абай жұмбақтығы — философиялық мәселе»
монографиялық еңбегіне сараптама-пікірлеме
Осьшау күрделі де ауқымды еңбекке сараптама жасау, пікірлеме
беру ойламаған, өзім күтпеген жағдайда орын алып отыр. Автордың
кім екенін естігенде жэне де монографиямен танысқан соң, бұл
эріптестерім жүктеген тапсырмадан бас тартуға болмайтынын
түсіндім, тіптен, соның үрдісінен шығуды өзіме парыз, мэртебе деп
оілдім.
¥лы бабамыз Абай жолын ғұлама ғалым-жазушымыз Мұхтар
Әуезов қандай жағдайда, қай заманда дүниеге әкеліп, қилы-қилы
заманауи қалтарыстарға, қылышынан қан тамған империялық
зобалаңға қарамастан, қазақ үшін өркениеттің даңғыл жолына
айналдырды емес пе. Біз бүгінгі егемендіктің арқасында, бейбіт
өмір түрғысынан еңді ғана түйсінуге мүршамыз келіп отырған жоқ
па: Мүхтар Әуезов осы қатерлі істе басын тігіп, абыройын тәлкекке
салып, өмірін жанпида еткенін жан-тәнімізбен сезінетіндей уақыт
жетюенін.
Қазақгың ел болып, жұрт санатында жай сакталып қана қалмай,
болашақ өркениет көкжиегіне қүлаш үруына бірден-бір алғышарт
— Абай бабамыздың даңгыл жолы: соның бағдарымен патшалық
отарлау дәуірінен де, кеңестік тар-қапас ғасырынан да халқымыз
әупірімдеп шықты-ау, әйтеуір. Ал, сол жолдың кеңестік замандағы
мызғымас темір-қазығы, шам-шырағы Мұхтар Әуезов болғандығы
баршамызға - зор мақтаныш, шоң абырой!
Ғұламаның «Абай» романы, «Абай жолы» роман-эпопеясын
жазғанымен ғана осынау үзын-сонар өркениетжолындағы еліміздің
рухани көш жүрісі тауысылмайтынан тағы бір мэрте қайран әріптес-
12
аға Шақанай Әбдірайымов дэлелдеп те, дәйектеп те көрсеткен
екен.
Халқымыздың екі ұлыларына ғылыми ізденістерінде,
зерггеулерінде жүгінбеген, калам тартпаған ақьш, жазушы, ғалым,
қайраткер жоктьщ қасы, бірак-та, осы еңбектің авторы тыңға түрен
салғандай, жаңашылдығымен, жаңғыртпалығымен, тосындығымен
ерекшеленіп, окыған адамды таң-тамаша күиге оөлеитіндігін
айтпасқа болмайды.
Иә, бэз-біреулер ойлауы не айтуы мүмкін: не жаңалық, қандай
бүкпе сыр, нендей Абай бабамыздың ашылмаған, осы күнге дейін
беймәлім қырлары бар-деп. Еңбекті оқи бастап, мән-мағынасына,
мазмұнына тереңдеген сайын, «Абай - терең тұңғиық!», «Абай -
мэңгілік тақьфьш!» деген
тұжырым
ойлардьщ ақиқатына көзің жеге
түседі екен.
Мен өзім әу бастан мамандығым бойынша математик едім.
Он жылдай философтармен араласып, ғылыми ізденуші болып жүріп,
2001 жылы Абай бабамыздың атындағы мемлекеттік
университетінде докторантурадан өтіп, 2006 жылы «ғылым және
техника» философиясы мамандығы бойынша «Ақпарат пен үйлесім
арақатысын ғылым жэне техника философиясының келелі мәселесі
ретінде қарастыру» тақырыбында докторлық диссертация
корғағанмьш: ғылыми кеңесшілерім философия ғ.д., профессор, ҚР
БҒМ ¥Ғ А академигі Ғарифолла Есім, философия ғ.д., профессор
Мұхтар Зиядаұлы Изотов. Мінеки, осы жэне Жабайхан Мүбәрәкұлы
Әбділдин, Зия Аташұлы Мұкашев, Мұрат Сәбит, Нығмет Аюпов,
Дәуренбек Құсайынов, Сергей Кольчигин, Акрамхан Қапышев т.б.
философтардың кұнарлы ортасында өзім де қалай философ болып
шыкканымды байқамай қалыппын. Бұны мен тэптіштеп айтып
отырғанымның себебі - ¥лы бабамыздын шапағаты менің өзімнің
де философ болуыма түрткі, қозғау күш болғандай... Дегенмен де,
солай бола тұрғанымен, мен осы философпын ба, элде жоқ па? -
деген сауалды өзім е де қатысты қоюым керек сияқты.
13
Шақанай Әбдірайымов туындысына қайта оралмас бұрын, осы
дилемма-сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл мәселенің осыңдай сипат
алуына себеп мына жайт: егер кімде-кім мені философ емес деп
дәлелдесе, оңда бабамыз Абай да философ емес, ал, егер-әки ондай
бірде-бір философ-маман табылмаса, яки мен еш дәлелдеусіз
философ екенмін, онда дэл солай ешқандай даусыз - Абай бабамыз
да философ! Осы арада килігуші біреу шығып, сұраса-ше: «эй,
философ болғандарыңа болайын, философия - ғылым ба өзі, элде
жоқпа?!».
Әлбетте, мэселе осылай диалектикалық логиканың силлогизм
әдісімен еш қиындықсыз шешіле салса ғой, онда Шақанай
Әбдірайымовтың аталмыш туындысының да қиыннан-қиыстырған,
үйлесті-қиюластырған, алыстан сермеп, бүкіл жан-тэні, ыстық
жүрегімен тербеп, тереңнен кеніштеген сипаты қажет болмас та
еді.
4
Әріптес ағамыздың қажырлылығына, қайтпас қайсарлығына
бас ие отырып, енді осы еңбекті сын таразысынан өткізіп бағайық.
Алдын ала ескерілуге тиіс тағы бір жайт—менің физика-математика
саласынан ғылым кандидаттығына дайындалу барысында өмірлік
рухани жан азыгым ретінде бойыма сіңірген мамандығым, яки
біліми-ғылыми кәсібім кибернетик болғандығым. Яғни, жүйе
үғымын аталмыш еңбекке қатысты талқылауда қос гылыми
түрғыдан келмекпін: бір жагы—философия түрғысынан, екінші жағы
— кибернетика тұрғысынан. Бүлай деуімде бір гэп барын айтып
қойған да артық болмас: «Жүйе» үгымын анықтауда, түсіндіруде
ғылымның кибернетика һәм синергетика салаларынын басқаларда
бір көп жағдайда ескеріле бермейтін түсы бар, оны ғылымда
«мезоскопиялық» деп атайды. Қарапайым сөзбен айтсақ, жүйе
болудың жэй ғана көптеген қүрауыш элементтерден түруынан
солардың басын бірегей үғымға түтастырудан басқа аса маңызды
түсы. жүйе өзін қүрайтын кұрауыштарының сипаттарын,
қасиеттерін, іс-эрекеттерін өз бойына сіңірумен қатар, оған сол
кұрауыштарының ешқайсысында байқалмайтын, тіггген болмайтын
14
жаңа сипаттың не қадір-қасиетпң немесе ерекше іс-эрекетпң пайда
болып, жүйені бүтіндей жаңаша ерекшелейтіндей болуы. Тағы да
маңызды деуге келерлік талап — қарастырылмақ жүйенің
құрастырылу (егер жүйе жасанды, адам қолынан шыққан болса)
немесе табиғи бар болу, жүйе болуының арнайы қағидалары.
Мінеки, Абай бабамыздың мұрасында, жалпы тіршілік
болмысында философиялық жүйенің болған-болмағанын осындай
талаптар үрдісінен қарастыру лэзім. Енді аталмыш еңбектен
үзінділер ала отырып ({...} - үзінді белгілеуі), сараптамалық
талдауды жалғайык.
{Абайдың-«ақыл», «қайрат», «жүрек», «ой-сана», «ғылым»,
«білім», «білмек», «білсем», «ниеттеніп білмекке» т.б. ғылыми-
теориялық қағидалар төңірегіне шоғырланып, түтасып, бірігіп Абай
жұмбақтығының сырын үғуға мүмкіндік береді}
(Монографтның
1-ші кітабы, 75 б.).
Яғни, қағидалық жағынан «философиялық
мәселе» жеткілікті мөлшерде бай деуге болады. Кей мамандар
бүларды философиялық қүрауыштар емес қой - деуі мүмкін.
Шынтуайтында, адам, адамзат, қоғам тіршілігініңболмысы неден
қүралады? - деп, сүрақ қойсақ. Дэл жоғарыдағы қағидалық
үғымдардан (шын мәнінде еңбекте ол 8-ден әлдеқайда көп!). Ал,
«болмыс» дегеніңіз—нағыз философиялық категория да, қағида да
жэне де «ой-сана» ұғымымен бірге философия ғылымының ең
негізгі зерттеу дүниесі — пэндік нысаны.
{Абай философиясының
ж үй есін зерттеп, талдаудың
теориялық негізі — Үшкіл деп қабылдап, осы түрғыдан Абай
«жұмбактығын» түсінуге көмектесетін ғылыми-теориялық, эрі
эдістем елік бағыттарын да анықтаған болар едік. Демек,
ізден ісім ізді эрі үиымдастырушы, эрі мазмүнын қүратын
қағидаларын түжы ры мдап, түсін уге бетбұры с жасауға
көмектесетінтүтастыққағида-«Үшкіл»}
(Монографияның 1-ші
кітабы, 125 б.).
Бүл «Үшкіл» қағидасы туралы идеяның алғашқы
авторы Ақжан Машанов (Машани) екені баршаға мәлім, Шақанай
Әбдірайымов осы идеяны эрі карай дамытып, өте орынды һэм
15
нәтижелі қолданған, сондықтан «Үшкіл»
Абай философиясын
қағидалық жағынан күшейте түскен.
Мұхтар Әуезовтың 20 томдық жинағының 20-шы томының 54
бетінен автор келтірген үзіңді: {«Абай енді өзінің коғамдық, тарихтық
жолын ұзақ өріске қарай ұлғайтып алып кетеді. Өзі де ғылымды
зерттей бастайды. Сонымен, 1884 жылдары жасы кырыкка таман
ілінгенде, - деп, ғалым-жазушы ойын эрі жалғастырады, - ол
дүниеден көп мағлұматы бар кісі болады. Әр нэрсе туралы
гылыми
философияга
сүйенген арнаулы көзқарасы, сыны бар қырағы озғын
азамат болып, жекеленіп шыға бастайды...»}
(Монографияның 1-
ші кітабы, 125 б.).
Осы үзіндіде жэне төменде Мұхтар Әуезовтің
«Абайда философиялық система жоқ» дегені жай ғана секем ретінде
астыртын айтылғаны туралы Шақанай Әбдірайымовтьщ ойымен
толықгай келісемін, тіптен, гүлама-жазушының неге солай еткендігі
көкірегі ашық, ой-санасы зерделі адамға айдан-анық түсінікті ғой,
тек кейбір абайтанушы деген мамандардың соны түйсінбеуі таң
қалдырады. Осы Гордий түйінін шешіп-тарқатушы — биік
интеллектті автор.
|
{«Абай Үшкілі» ұлы ойшыл философиясында жүйе (система)
бар деген ойды негіздеп, Мүхтар Әуезовггің «Абайда философиялык
система жоқ» деген секемін сейілтіп: «жоқ емес, жүйе бар» деген
түжырымды қуаттауға ақыл қосады. Сонда, Абай философиясы
әлемдік философия дэстүрлі қағидаларымен байланысьш қазақтьщ:
«Оты», «Жері», «Суы», «Ауасы», яғни көне грекгердің дүние пайда
болуы мен күрылымының алғаш бастамасы, «алғаш себептілігі»
сырын ашуға бағытталған қағидаларының логикалық жалғасы
ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Мүнымен бірге Абай
философиясы коне гректердің аңғырт, мифтен аса алмаған
көзқарасынан тереңірек жатыр. Абай ғалым ретінде өз заманының
гылыми-техникалық жепстіктерінен хабардар екенін, түсінігі бар
ғалым екенін де аңғартады, оған электр қуаты (электрон), зауыт,
фабрика жөнінде философиялық сөздерінде келтірген деректері куэ.
Мэселен, үш миллион халқы бар ірі қалалар, жер шарын үш айналып
16
шыққан жиһанкездер туралы айтқаны, элем ақпарат қүралдарынағ
тым шалғай жатса да, деректі, негізді пікірді жоғары бағалаіггынын
бұларды ғалым көзімен қабылдап, қатты дәріптейтінін танытадь
емес пе?!}
(Осында, 1366.).
Қазақсаһарасыныңжайғанаойшыль
деп жүргеніміз осылайша, «Абай философиясы»—«Абай- философ)
тұғырында
{Сонда, Абай ғылымы тілімен айтсақ, зерде, санат (интеллект)
«адамдықтың орыны»
қамал
құрал.}
(Осында
б.).
Абай бабамыздың заманында «интеллект» ұғым ы бүгінгі мән-
мағынасында болмайты н, соған қарамастан, дананың
шығармаларында соның дэл мағынасын білдіретін ұғымдар
молынан болғанын көрсетеді автор, ал бұл Абайды
философия
олимпіне
көтереді: жэй ғана өз заманының емес — болашақ
философия олимпінеі
{Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын мұқият оқып барып,
«мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдап» ойшыл даналардың
шығармашылыгы арнасы «Үшкіл» мен ғылым екенін түсіндіру,
дәл ел ді н егізд еу мақсаты нда «интеллект», «ойшыл»,
«шығармашылық» қағидалары туралы ойымызды ұсындық. Ал
бұлар болса, Абай философиясы жүйесін негіздейтін келесі
мэселелер - ғылым мен дін екенін қуаттайды}
(Осында, 149 6.).
Демек, Абай бабамыз дін, діншілдік сенім-наным үғымдарына
ғылым түрғысынан - философия түрғысынан келе алған, яғни дінді
адами дүниетаным деп білген.
{Сократ хаким айтты деп, Абай дүние (материя) туралы өз
ойын тұжырымдайды. Бүл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың
жетпейді, келісті көрімдігіне һэм қандай лайықты жарастықты
законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмай-түгынын көресің.
Бүлардың бэріне танғажайып қапасың һэм ақылың жетпейді, осының
бэрі де кез к£лі ең^ііціене^
Рырирден жаралған ба, яки бүлардың
иесі, бір өліпеусііаддаі ақьвд
ақылменен болмаса, бүлайша
бүл хи сабы ^ өішіеуі^іойжетпейгүғын дүние эрбір түрлі керекке
I
атындағы
ғылыми
II
КІТАПХАНАС*-
17
бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып,
пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законга
қаратылып жаратылды, - дейді», - деп, Сократ болып философ Абай
өз ойын ұсынады
(Абай. Екінші том, 123-124 бб.).} (Осында,
150 бет).
Қазақ саһарасының Сократы—біздің Абай бабамыз, яғни
ежелгі фек ғүлама философтарының ортасынан ойып түрьгп орын
алған болар еді: осылайша, «Гректің тен дессіз 7 данасы»
құрамындағы көнекөз бабамыз Анахарсис данышпан Абайдың
тарихи прототипі іспеттес...
ай
{Абай философиясы жүйесін «ниеттеніп білуге» бет қойған
зерттеушілердің бірі Бақыт Ғабдуллин: «Абайдың философиялык
көзқарастарын сөз еткен кезде ойшыл ақынды тек философиялык
категориялардың төңірегінде телміріп, «сана» мен «материяның»,
«рух пен табиғаттың», «ойлау» мен «болмыстың» ара катынасын
калай шешті, түсінді, материалист пе, элде идеалист пе, немесе
таным теориясында ойлау мен сезімнің арасын қалай түсінді,
рационалист пе, элде сенсуалист пе деген кесімді сұрақ қойып, оған
кесімді жауап талап ету қажет бола қояр ма екен?}
(Осында, 155
б.).
Әлбетте, бұндай сұрақ қою - орынсыз. Дегенмен де, ғылымда
да кербез мінез кірпияз адамдар болады ғой-орынды-орынсызына
қарамай, сұрақ қоя беретін: ондай сұрақ қойылса, тартынатын несі
бар - «иә, Абай герменевтик-ғалым, көнеше - Сократшыл, Батысша
- Кантшыл данышпан философ.
(Сол кездесуде Абайдың сүйенгені эл-Фараби ілімі болған.
Екінші жағынан миссионердің алдына Лев Толстойдың пікірін
тартқан. Бұл өзі сол кезде, онан бергі кезде халық арасына жайылып,
аңызға айналған. Сонан бірер мысал. Миссионер Абайға: «Сіздің
«Дүние бір тарының қауызына сияды» дегендеріңіз ақылға
симайтын нәрсе ғой», - деген. Сонда Абайдың берген жауабы: - Сіз
бен біз мынау жарық дүниені көріп отырмыз. Аспандағы Ай мен
Күнді, жүлдыздарды көріп отырмыз. Осы көруде көздің қарашық
қылауы тарының қауызымен мөлшерлес деуге болады. Демек,
көздің зередей қарашығында осынша әлемді сиғызатын тэңірім
18
шебердің ісіне шек келтіруге бола ма? - деп жауап берген. Бұл сөз
эл-Фарабидің жарық сэуле жөніндегі қағидасында бар. Абай
даналығының қадамын аңғарған миссионер оны үгһтеуцің орнына
онан тағылым алуға айналған. Осы оқиға сол кездегі халық арасына
кеңінен тараған. Абайдың даналық дәрежесі бұрынғысынан да
жоғары көтерілген», - дейді ғұлама ғалым
(Ақжан Машанов. Әл-
Фараби жәнеАбай. Алматы: Қазақстан, 1994, 94 б
.).}
(Осында,
160 б.).
Әл-Фараби ғұламаның эңгіме өзегі болып отырған
қағидасын Абай бабамыз біліп, түсініп немесе білмей, өзінше
түйсініп қайталап отырса, бұл дегеніңіз Абай ғалымдығының
бүлтартпас дэлелі. Ғ. Есім «Абай хакім» деген еңбегінде эр хакім
- ғалым деген баба сөзін жаңғыртады, бірақ бабамызға философ-
ғалым деген атақты қимайды, сонда философ болмағанда қай
саланың ғалымы деп шешкен екен абайтанушымыз?.. Ш.
Әбдірайымовтыңосы еңбегі болмағанда, абайтануымыз осылай
жартыкеш, дүдәмал қалпында қалар ма еді, ойпырмай, қайтер еді?!
{Ұсынып отырған еңбегіміздің екі бөлімінде қаралған,
талданған, зерттелген м эселелерді қорытындылай келіп
айтпағымыз: Абай шығармашылығының ең тұтқалы, еңтағдырлы
және тұлғалы қағидасы - ел бағу мен ой бағу мәселелері. Бұлар
болса, диалектикалық қарама-қарсылықтар түтастығы мен
ажыратылмас бірл ігі. Ел бағу—ең алдыменен адамның өзін бағуцан
аяқтанады. Ел болсын, мемлекет болсын, жеке-дара адам болсын
өз ойын бақпай елді бағу қиынға түседі.}
(Осында, 259 б.).
Бұдан
бүгінгіше айтқанда, «Абай - саясаттанушы, ел басқарушылыққа
лайық» деген қорытынды шығады.
{Абай сөзіне оте мүқият болу қажет. Қазақ сөзіне өрелік, өрістік,
жүйелік сипат беріп, мүны философиялық сыннан өткізіп -
«үстаргқан» ақын, философ, ғалым Абай еді. ¥лы ойшыл қазақ сөзін
не түрлі «мисыз», «ақылсыз», «ойсыз», «білімсіз», «надан», «ку тілді»
ақымақтардан азат етіп, тазартуға бар өмірін сарп етгі.}
(Осында,
262 б.).
Ал, бүдан бүгінгіше айтқанда, «Абай — герменевтик
философ-ғапым» деген қорытынды шыгады.
19
{«Абайдың жүзжылдығын өткізу үшін арнайы комиссия
қүрылды. Абай дастаны ертеден әдебиет, өнер саласынан орын
алып келгені мәлім. Сонымен қатар, академия Абайдың басқа
саладағы еңбектерін еске алды. Абай шығармасы әдебиет
шеңберіне сыймайды. Оныңойшыл философ екені мэлім. Және де
табиғатдүниесіне көзқарастары көрсетілуі керекдеген пікірболды.
Осы кейінгі мәселе жөнінде маған баяндама жасау, мақала жазу
тапсырылды»
(Ақжан Машанов. Әл-Фараби ж эне Абай.
Алматы: Қазаңстан, 1994, 72 б.).
Менің ұғып, білуімше, Абай
философ иясы жүйесін зертгеуде жаңашыл ой төңкерісін жасаған
гүлама ғалым, ол - Ақжан Машанов. Сол төңкерісшіл ойы - «Абай
Үшкілі» - ізд ен ісім ізд ің басты , жетекш і деген бағытын
қалыптастыратын теориясы да, логиксы да. Абай сөзін
философиялык деп қабылдауға ақыл қосатын келесі төңкерісшіл
ойы -«А бай шығармасы әдебиет шеңберіне сыймайды»- деген
қағидалы пкірі.}
(Осында, 272-273 бб.).
Бүл екі үзіндіден шығатын
тұжырым: Абай заманауи Томас Кунше талдасақ, «ғылыми-
парадигмалдық революция» жасаушы, демек, Абайдың философ-
ғалымдығы хақ.
{Абай ең адцымен сөзді ң танымдық, логикалық сипатын айптай
ма?! Сондықтан да Абай сөзі, өзі айтатын, өзі үсынатын: «жүрегі
айна», «көкірегі көзді», «көңілі ояу», «жан жарығы», «жан қуаты»
бар адамға арналған емес пе?! Абай сөзінің ішкі философиялык сыры
да осында гой.}
(Осында, 276-277 бб.).
Сөз қасиетін үғынуда, өз
халқының тарихын, тіршілік болмысын, бүгіні мен болашағын
зерделеудеА бай бабамы з батыстық Жаңа заман ғұлама-
философтары деп жүрген X. Г адамер,М. Фуко, Р.Дж. Коллингвуд,
К.Р. Поппер, И. Лакатос, Л. Лауцан, Т. Кун, П. Фейерабеңд, Р. Карнап,
У Куайн, Э. Гуссерль сыңцы ғалымдырдан еш кем соқпайды, тіптен
солардың баршасының синтезі деуге боларлық.
{Үлы Абайдың дана ойын жүдетпей, «қарапайым, жеңілдің»
қамауы нда үстау қиянат болар. «Аға іуыстың» қас-кабағы астында
қысылып, қымтырылып өскен Абай сөзіне элемдік философия
20
деңгеиіне шығуына мүмкіндік тудыру - қазак ғылымының өскелең,
Абай аруағы алдындағы ұлттық борышы.}
(Осында, 282-28366.).
Жоғарыдағы түсіндірме-талдау осы узіндіде айтылған ұлттық
борышымызды нақтылай түсіп, бағыт-бағдарын да көрсетеді.
Сонымен, сарапшылық ойымызды қорыта келе, жинақтап
айтпағымыз:
Философияның сонау Аристотель анықтаған екі бағыты бар
емес п е - диалектика һэм метафизика. Шақанай Әміржанұлының
осынау ұланғайыр еңбегінде диалектика, диалектикалық логика
саласынан Абай бабамыз нағыз философ-ғалым болып шыққанына
шүюршілік дегендеиін, көңшіміз маркдиып, төоеміз көкке оір елі ғана
жетпей қалғандай сезінуцеміз; сөйтсек, Абай бабамыз метафизик-
философ деп атауға да тұрарлық тұлға екен! Ал, метафизика
философияның идеалистік бағытын туындатқаны белгілі. Несі бар
- Гегельді, «эй, ол идеалист» деп, балағаттаған маманды көзіміз
көрсе—бұйырмасын, керісінше, Батыстағылартүгілі, кешегі Кеңес
Одағы философ-ғалымдары, идеологтары оның аягын жерге
тигізбей, философтардың философы, ғалымдардың ғалымы дегендей
қурметтеді ғой-Ленинің де, Марксің де солардың ішінде!
1 алдап отырган еңоекп жэне оның оасты мәселесін сараптауда
біз жоғарыда жоспар ретінде айтқан «мезоскопиялық» ұғымы
Достарыңызбен бөлісу: |