“Ия-ия” мәнімен анықталады.
Гуманистік үлгінің негізгі ұстанымдарының бірі-бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі.Алайда, мұндағы теңдік білімдер мен тәжірибенің бірдейлігі не өзара теңдей құндылығында емес, әрбір қатынас мүшелерінің дүниені тануға деген шектеусіз мүмкіндіктерге құқылы болуында.Осы жағдайды жол-жоба етіп ұстанған ұлы педагог Я.А.Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп тектен-тек ұрандамаған.Мектептегі педагогикалық қызметтің сапалық өлшем бастауы-Адам және оның уақыт және кеңістіктегі өзіне өзі бағыттаған ұнамды қозғалыс әрекеті
Гуманистік парадигма “субьект-субьект” өрнегіне сай қатынастарды қалыптастырады.Ұстаз бен шәкірт бірлікті іс-әрекет мақсаттарын, мазмұнын нақтылайды, өзара қызметтестік пен жұптасқан шығармашыл ізденіске кірісумен оқу-үйретім формасы мен бағалау өлшемдерін таңдайды.Педагогикалық ықпал “нысанының” қалпындағы нақтамалық өзгерістер іріктеу, таңдастыру мен тәлімдік ажырата бөлшектеу құралы бола алмайды.Төмен үлгерім көрсеткіштері адам сапасы жөнінде пікір айтуға негіз бермейді, олар тек кәсіби жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалаудың алғашқы деңгейі қызметін атқарады.Бағалау өлшемдері аймағы енді тұлғалардың қатынастар кеңістігіне өтеді.
Гуманистік парадигмада адамға, балаға деген мейір-махаббат кәсібиліктің басты нышаны, осыдан да педагогикалық өркениеттен орындалған әдебиеттердің авторлары “Баланы қалайша түсініп, сүйу қажет?” сұрағына ежелден жауып іздестіруде.
Мейір-махаббат әрбір адамның шығармашыл қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім ұялатады, ал шыдамдылық (телеранттық) педагог даналығына кепілдік береді.Бұған мысал-И.Г.Песталоцци, Я.Корчак, К.Н.Вентцель, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б өмірі мен педагогикалық қызметі.
Гуманистік парадигма өкілдеріне тән қасиет-педагогикалық көзқарас, пікірлерінің әрқилылығы.Осы үлгі шеңберінде саналуан тәлім жобалары бірлікті жасап, іске асырылуды.Бұлардың бәрінің басын бір тұтастыққа келтіруші күш-адам өмірінің бірегей кезеңі ретінде қабылданған бала мен балалық шаққа деген құндылықты қатынас және тәлім дамуын мектептің басты міндеті болатынын басшылыққа алу.
Гуманистік парадигма аймағында іске асырылып жатқан әрбір тәлімдік жүйе шығармашыл ізденіске түсіп, өзіндік оқу-үйретім мен тәрбие мазмұнын, әдістерін, құрал-жабдықтарын табуда.Тұлғалық бағыт шәкірттің де, ұстаздың да еркіндігі мен шығармашылдығын арқау етеді.
Қазақстан Республикасының тәлімдік кеңістігіне 1991-жылдан бастап министірліктің бұйрығымен емес, жер-жердегі мұғалімдердің ынта-ықласы арқасында енді.Біздің ел үшін бұл өте көкейкесті, себебі-аталмыш парадигма мәдениет, тәлім және табиғаттың бірегей туындысы-адамды ардақтайды.
Қоғамда әрбір адамның өзіне сай өзіндік бағамы қалыптаспағанша, Қорқыт, Әл-фараби, Ясауи, Абай, Шәкәрім және т.б сомдаған қазақтың гуманистік философиясы мен демократиялық қоғам құндылықтарын игермегенше, бұл парадигма біз үшін уақытша құбылыс болып қала бермек.Ерте ме, кеш пе Қазақстан мектебі өз түлектерінің жоғары ақыл-зерделік мүмкіндіктерін қамсыздандырушы білімдік парадигмаға қайта оралу ықтималдығы баршылық.Дегенмен, шындық біреу: уақытшадан тұрақты еш нәрсе болуы мүмкін емес! Осы пікірге жүгінетін болсақ, гуманистік парадигма біздің қызметіміз үшін әлі де талай он жылдықтар қызмет етуі заңдылықты педагогикалық құбылыс.