Ш.А.Амоношвилидің гуманды тұғалық технологиясы. Ресей білім акедемиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименталды мектебінде қызметтестік педагогикасын зерттеп іске асырды. Оның педагогикалық қызметтерінің бірегейлі жетістігінен «Өмір мектебі» атты технологиясы мектеп тәжірибесіне қосылған елеулі жаналық болды.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағдары келесі ережелермен анықталады:
бала өз бойында өзі таңдап, қызмет жасайтын болашақ өмірлік бағытын сақтайды.
Осыдан, бала Табиғат пен Ғарыштың ең құнды өнімі ретінде танылып, солардың аса маңызды сипаттарын - қуаттылық пен шексіздігінің иегері болуына жәрдемдесу;Баланың біртұтас психологиясы үш қасиеттен: дамуға деген құмарлық, есеюге құштарлық пен еркіндіктен құралатынын есте сақтау-тұлғалық бағытты тәрбиенің ізгі мақсаты.
Тұлғаға тән аса маңызды ептіліктер мен қабілеттер және оларға сәйкес пәндер не сабақтар: танымдық ізденіс; жазба-сөз әрекеттер; лингвистикалық сезім; жоғары математикалық ұғымдарды саналы түсіну; әсемдікке жету; іс-әрекетті жоспарлау; өжеттілік пен шыдамдылық; ортақтасу; шет тілін білу; шахмат; рухани өмір; қоршаған орта әдемілігін сезіну.
Аталған білімдер мен ептіліктер әдістемелер мен әдістемелік тәсілдердің арнайы мазмұны жәрдемімен қалыптасады. Олар:
отбасы педагогикасының қуатын пайдалану, ата-аналар сембіліктері, кәрілікті қастерлеу, ата-ананы ардақтау;
үдерістерді заттандыру тәсілдері, балалардың әдеби шығармашылығы.
Ш.А.Амонашвили технологиясында басты мән бала іс-әрекетін бағалауға аударылады. Баға қолдану өте шектеулі, себебі баға - бұл «кемісті педагогиканың тіреуіші»; сандық баға орнына – сапалы баға, мінездеме, нәтижелер, өзіндік талдау мен өзіндік бағалауға үйрету.
Сабақ Ш.А.Амонашвили тағылымында - бала өмірінің жетекші формасы (тек оқыту, ұқтыру, үйрету үдерісі емес), ол өз ішіне баланың өз бетінше пайда болатын да, әдейі ұйымдастырылатын да өмір құбылыстарын қамтиды (сабақ-шығармашылдық, сабақ-ойын, сабақ-нақты мезеттегі өмір).
-адамгершілікті-гуманистік (феноменологиялық), яғни педагогикалық үлгінің бағыты:адамды мәдениеттің басты өрнегі ретінде танып, тәлім-тәрбие қызметінің бірегей субьекті деп қабылдауы.