Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға



бет4/14
Дата16.12.2023
өлшемі77,01 Kb.
#140040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырыбы: Орта ғасыр Қазақстан мәдениеті мен өнері
Дін, күнтізбе, тіл және жазу.


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Моңғол-түрік кезеңі.

  2. Дін.

  3. Күнтізбе.

  4. Жазу.

  5. Арабеска.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
VI ғасырдың ортасында барлық Орталық Азия территориясы Түрік қағанатының қол астында кірген. Ал XIII ғасырда Түрік империясы ыдырап, олардың орнына Шыңғысхан бастаған моңғолдар тайпасы келеді. Осы моңғолдардың кезеңімен қатар Қазақстан көшпенді өмірінің жаңа кезеңі қалыптасады.
Тәңір діні сақ тайпаларының натурфилософиялық көзқарастарынан қалыптаса келіп ежелгі түркілердің дүниетанымдық көзқарастарының негізіне айналды. Мәңгілік көк аспан-Тенгри-Орталық Азияның ежелгі көшепенді халқының дүниеге деген көзқарасы. Оның негізінде дүние үш бөліктен тұрады. Жоғарғы әлемде-құдайлар, әруақтар, ортаңғы әлемде-адамдар мен жануарлар, ал төменгі әлемде балықтар, жыландар немесе жаман әруақтар мекені деп есептеген.
Тенгри-әлемнің жаратушысы ер адамның рәмізімен сипатталған және адамдардың немесе мемлекеттің тағдырын шешуші қызметін де атқарған..
Аспан әлемінің барлық денелері: Күн, Ай, жұлдыздар қасиетті деп саналған. Ежелгі түркілер күннің алғашқы сәулесіне де табынған. Хан тағына отырғызу сияқты салтанатты шаралардың өзі күннің қозғалысымен байланысты дамыған, яғни ханды ақ киізге отырғызып күннің бағытымен тоғыз рет айналған.
Ал құдай ана образы Ұмай-отбасының, балалардың жебеушісі және өнердің қорғаушысы саналған. Ұмай ана образы көбінесе бесік басында бала тербетіп, оның тыныштығы мен жын-шайтандардан қорғайтын күш ретінде ескерілген. Бірақ қажетті ер мінез танытып садағы мен оғын алып қарсы тұратын да болған.
Орталық Азияның көшпенділерінің тенгрилік немесе мүшел атты өзіндік күнтізбелік жүйесі болған. Күнтізбелік жүйе өз алдына уақыт пен кеңістіктің мағлұматтық көзі, сонымен қатар мәдениеттің генетикалық-құрылымдық коды саналады. Тенгрилік күнтізбе бүгінгі қолданыстағы әлемдегі ең күрделі күнтізбелік жүйе саналады. Себебі Күн мен Айдың қозғалысынан бөлек ол Юпитердің Күнді айналуының 12 жалдық мерзімін және Сатурнның 30 жылдық мерзімін қамтыған. 1926 жылы Қазақ советтік социалисттік республикасы мүшелмен есептеу формасын ысырып ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға тыйым салады. Уақытты есептеу советтік - григорян күнтізбесіне көшті де ХХ ғасырдың аяғында мүшелдік есептеу ілімі жайлы тек шалдар ғана мағлұмат бере алды. Бірақ орталық – азияның күнтізберік жүйесі жоғалып кеткен жоқ, ол әлемдік мәдениеттердің ұштасу кезеңінде «жапондық», «қытайлық» немесе «шығыстық» деген атпен белгілі болып кете берді. Осыған байланысты қазіргі жастар оны осы аттарымен біліп жүр.
Атақты Жібек жолы адам баласының тарихындағы орны ерекше ескерткіштерінің біріне айналды. Жер бетінің күре тамыры секілді жайылған Жібек жолы өз бойындағы халықтардың әлеуметтік, дүниетанымдық көзқарастарына, өмірлеріне өзгеріс енгізіп отырды. Жібек жолы Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырған көпір іспеттес қызмет атқарды. Жібек жолы тек тауар алмастыратын экономикалық жол емес сонымен қатар түрлі діни көзқарастарды тасымалдаушы, яғни орта ғасырлық Қазақстанға түрлі діндердің енуіне ықпал етті. Жібек жолының арқасында кең байтақ жазық даламызда манихейлік, буддизм, хрестиан діндері және ислам келді.


Қорытынды сұрақтар:
1. Тәңір дінінің маңызын және оның көшпенділердің дүниетанымдық көзқарастарына әсерін сипаттаңыз.
2. Түркілердің негізгі тотемдік табынушылық нышаны не болып табылады?
3. Манихейліктің негізгі ұстанымы не?
4. Қазақстандағы буддизм ескерткіштерін атаңыз.
5. Қазақстандағы ислам дінінің ұлттық ерекшелігін атаңыз.

4

№8
дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет