Моөж тақырыбы: Кітапханалардағы мәліметтер базасына сипаттама жасау Орындаған: Смайл Самиға Тексерген



бет3/12
Дата28.02.2023
өлшемі422,31 Kb.
#70561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық жұмысымның тақырыбы – “Кітапхана бөлімінің мәліметтер базасын құру “.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі бір жоғары оқу орнының кітапханасындағы оқулықтар туралы толық, нақты мәліметтер жинастыру. Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, MS Ассess ортасында жұмыс жасай білу.
Жалпы, МББЖ-жаңа құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені,оны құрамын толықтыру,құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік.
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнелейтін мәліметтерді іріктеу,оларды реттеу,сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операцияны орындауға мүмкіндік береді:
1.Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
2.Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
3.Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
4.Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функциясы-мәліметтерді басқару.Мәліметтерді басқару ретінде,әдетте,мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсіндіріледі.
І МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕУ
1.1 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің
бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу,сонымен бірге мәтіндік
және графикалық құжаттар (суреттер,сызулар,фотосуреттер,географиялық карталар) ғана емес,жаһандық жүйе,дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады.Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы(МБ) дегеніміз – ол арнайы орталықтандырылған программалық басқарудағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты бір–біріне байланысқан және белгілі–бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. айтуға болады.
Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттық тез іздестіру мен сұрыптау,сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі.Мысалы:сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады.Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.Олардың бірқатарын келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет