Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет56/61
Дата06.03.2023
өлшемі290,73 Kb.
#71985
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Императивтік одағайлар:Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданатын сөздер жатады. Адамға:Айда!, Ау!, Тәйт!, Сап-сап!, Марш!, Стоп!Жә!

Малға :Моһ-моһ!, шөре-шөре!,көс-көс!

  1. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер.Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу, сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағалейкум! Кеш жарық! Құп! Дат!

Бақылау сұрақтары:


1.Одағайлардың сөз табы ретіндегі ерекшеліктері.
2.Одағайлардың мағыналық топтары.
3.Одағайлардың қызметі.

Пайлаланылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. – Алматы.1959.
2. Қазақ тілінің грамматикасы.–Алматы.1967. 1 том.
3. Қазақ грамматикасы. –Астана 2002.
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1991.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы.2007.
6. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012
7. Байтұрсынов А. Тіл құрал. – Алматы : Сардар. 2009.

Дәріс


Шылау
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі. Жалғаулықтар, семантикалық мағыналары мен абстрактілі грамматикалық қызметтері, тілде пайда болу, даму жолдары. Салаластырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар. Ыңғайластық және талғаулықты салаластырғыш жалғаулықтар. Қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш болып сабақтастырғыш жалғаулықтардың бөлінуі. Септеуліктердің септік жалғауларын меңгеретін көмекші сөздер екендігі. Демеуліктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сұраулық демеуліктер, күшейткіш демеуліктер, нақтылық демеуліктер, шектік демеуліктер, болжалды демеуліктер. Бұлардың қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Зерттелу тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет