Одағайдың түрлері.
А.Байтұрсынов одағайды бірнеше түрге бөлген:
1. Ілезік одоғай: лап, шап, жұлт, зып, сып, күмп, дүрс, күрс, мырс.тырс, дүңк.
2. Еліктеу одағай: шыр-шыр, быр-быр, сықыр-сықыр, пыс-пыс, қарқ-қарқ.
3. Шақырыс одағай: Әй!Аттан!Алаш! күс-күс! құру-құру!
Жекіргенде: тек! тәйт! қой!, түйеге: шөк, жылқыға: құрр!, сиырға: өк!өк!, итке: кет!, мысыққа: бырс!
Мейіріммен я жұмсақ раймен айтқанда,адамға қарағым!өкпем!сәулем! жаным! Айналайын! садағаң кетейін! құрбандығын болайын!
Мал турасында түйеге: шөк, жануар, шөк! Жылқыға құр, жануар, құр! Сиырға әукім, әукім!
Күйзелгенде:ух!, ах!, ай (жаным-ай), қуанғанда: алақай! Қойшы!, жақтырмағанда: апырым –ау!, жаным-ау!, жарықтық-ау!, шіркін-ау!, отағасы-ау!, ойбай-ау! , күйінгенде: апырым-ай!, құдай-ай!, ойбай-ай!, сыйынғанда: а, құдай!а, аруақ! я бабам пәленше!, таңырқағанда:пай-пай!, апырым-ай!ах! шіркін-ай!,ах!, өкінгенде: қап!, ах!, қайғырғанда: ух!, опық жегенде: әтеген-ай!, кіжінгенде: әттең!, әттең ғана! ұнатқанда: әйа! қостағанда: ой, пәлі!, сүсінгенде: бәрекелді! жарайды! Алғыс бергенде: көп жаса! жасың ұзақ болсын! қарғағанда: құдай ұрсын! аруақ атсын! ант соқсын!.
Одағайларды білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөледі.
Көңіл-күй одағайлары. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне кекесіндей, сұрай, бұйыра айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі. – Па, шіркін! Өмір болсаң, бол осындай! – Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай,бай!..жүрмісің жай(Б.М.).
Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайларға: Алақай!Ура!Пах-пах! Бәрекелді! ОҺо!
Жағымсыз эмоцияны білдіретіндерге: Әттеген-ай!, Әттең! Қап! Тәйірі! Пішту!
Әрі жағымды әрі жағымсыз эмоцияны білдіретіндерге:
Пай-пай!Бәлі!Ту!
Достарыңызбен бөлісу: |