Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет21/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri (1)

Дәріс


Сан есім
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты.Дара, күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары. Есептік сан есім. Бір сөзінің ерекшеліктері. Реттік, жинақтық,топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер, мағыналары, жасалуы жалғаулармен түрленуі, синтаксистік қызметтері. Сан есімнің зерттелу жайында.
Дәріс жоспары:
1. Сан есім, оның лексика-семантикалық сипаты.
2. Сан есімнің морфологиялық сипаты.
3. Сан есімнің мағыналық топтары.
4. Сан есімнің синтаксистік қызметі.
Дәріс мақсаты: Студенттерге дербес лексика-грамматикалық категория ретінде қаралатын сөз табының бірі – сан есім жайлы теориялық мағлұмат беру.
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика – семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді. Мағыналық және қызметі сипатына қарай сан есімдер сын есімдерге ұқсас келеді. Ол ұқсастық: сын есімдер заттың түрлі сындық белгісін білдірсе, сан есімдер зат есімдермен тікелей байланысып, заттық ұғымның әртүрлі сандық сипатын білдіреді.Мысалы, қалың кітап – төрт кітап, әдемі қалам –он қалам. Сан есімдер де, сын есімдер сияқты, зат есіммен тікелей байланысады. Бірақ сан есімнің сын есімнен ерекшелігі:зат есіммен тіркеспей де қолданылады.Зат есіммен тіркесіп не тіркеспей жеке-дара қолдануы сан есімнің семантикасына да әсер етеді. Сан есімдердің жалпы сандық ұғымдардың (бір, бес, жеті) атауын білдіруі олардың зат есімсіз қолданысына байланысты. Ал кері жағдайда, яғни зат есіммен тіркескенде, олар жалпы сандық ұғымды емес, өзі тіркесетін заттың нақты, дәл санына қатысты мағынаны білдіреді. Бес-бес студент,201- екі жүз бірінші бөлме. Мұның алғашқыларында сандық мағына жалпы, абстрактілі болса, соңғыларында сан есімдер зат есіммен тіркесіп, заттың нақты санын білдіріп тұр.
Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы.
Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманым есітті. Жеті атасын білген ұл, жетті жұрттың қамын жер. Он төрт – он бес жасында –ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан. Жетінші тілек тілеңіз.
Осы сөйлемдердегі үш, жеті, он төрт – он бес, жетінші сан есімдері есім сөздердің санын, ретін, мөлшерін білдіріп, сандық белгісін анықтап тұр. Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп бөлуге болады.
Бірлік: 1,2,3,4,5,6,7,8,9
Ондық :10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90
Жүздік:100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900
Мыңдық:1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000, 7000, 8000, 9000
Миллион, миллиард сөздері түркі тілдеріне орыс тілдері арқылы енген. Қазақ тілінде қолданылатын түмен сөзі моңғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады.
Екі қызыл әскер шаршап – шалдығып келіп, бір –екі сағат дем алды.
Сан есімнің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесуі, қосарлануы, әр түрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан. Сан есім зат есіммен, заттанған сөздермен тіркесе келіп, оларды сан мөлшері жағынан айқындап, анықтауыш болады.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер бар:
- Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан.
- Көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ.
- Қалыңдық өлшемін білдіретін өздер: пышақ сырты, шынашақ, бармақ, екі елі.
- Қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, көш жер, ат шаптырым.
- Ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, кез, аршын, құлаш.
- Сан есімнің тура мағынасындағы сөздер:
- Жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым.
- Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы;
- екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар;
- төрттен бір мағынасында: ширек сөз;
- Уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқы сөз таптарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет