Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет23/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri (1)

Бірлік түбі- тірлік.
-ік,- лес жұрнақтары арқылы етістіктер жасалады.
Көршілермен бірікті.
-дей жұрнағы арқылы бірдей сөзі бірде сын, бірде үстеу жасалады.
Екеуінің мәртебесі бірдей ме?
- еу жұрнағы арқылы белгісіздік есімдік жасалады.
Біреуден жіберген бір ауыз сөзің екеу болып елге жайылады.
- жатыс септігінің көнеленуі арқылы бірде сөзі біресе шылауымен қатар қолданылады, кейде мезгілді білдіріп үстеу болады.
Бірде бір жұмысты бар ықыласпен істейді, бірде жай қол ұшын ғана тигізеді.
- шығыс етістіктің көнеленуі арқылы үстеу қызметін атқарады.
Есікті бірден ашып үйге енді.
ә) қосарланып, болжалдық, шамалық мағынаны білдіреді.
Ошақ басында бірен-саран кісі жүр.
- бір санының әр түрлі сөздермен бірігуі арқылы жасалған сөздер біреу.
бірөңкей, біркелкі, бірсыдырғы, біртұтас, біртүрлі, бірқалыпты, бірталай, бірнеше, бірдеңе, біраз, біржолата, бірсыпыра, біршама, бірталай.
- бір сөзінің осылармен бірге тұрақты тіркес жасайтындарыда аз емес: бір ауыз сөз, бір сырлы, сегіз қырлы, бір сөзді, бір жасау, бір келеркелім, бір сабақ жіп, бір табан жақын, бір тал шаш, бір сөзіне, алуан, жола, жолата, қатар, қыдыру, сыпыра, талай, шама сияқты сөздерді қосып айту арқылы әр түрлі үстеу сөздер жасалған.
Бірінші взвод ұйқыны біржолата ұмытты (Ааманжолов). Ел ішінен мектеп ашу жөнінде бірқатар үгіт – насихаттар жүргізілді (Жансүгіров). Марков пристаннан бірталай жүкшіні әкеп қосты (Жансүгіров).
Бір сөзінің тілімізде тұрақты тіркестер құрамында қолданылу дағдысы да көптеп кездеседі.
Бір ауызды болса бітпейтін дәнеме жоқ (Ыбырай). Тілеген бір бет, өз дегенінен қайтпайтын жігіт (Мұқанов). Өмір бойы бір ішек болып, қатып қалған кер тұлпар да ытқып кетті (Ертегілер).
Осы сияқты бір сөзінің әр түрлі мақал – мәтелдер құрамында да бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығару, он екіде бір нұсқасы жоқ, бір шыбықпен айдау сияқты боп та кездеседі.
Реттік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі реттік сан есімдер белгілі заттар мен құбылыстардың орын тәртібі реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады.
Ұрысқа кіргеннің екінші күні еді. Ералы сол полктің қарауында үшінші ротада солдат болып істепті.
Реттік сан есімдер дара және күрделі есептік сан есімдерге -ыншы, -інші,-ншы, -нші қосымшасы қосылып айтылу арқылы жасалады. Сол себепті құрылысы жағынан дара және күрделі болып келе береді. Реттік сан есімдер заттар мен құбылыстардың орын тәртібін анықтау үшін қолданылатын сөздер болғанымен сөйлемде қолдану реттеріне қарай субстантивті мәнге ие болуына байланысты әр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формулаларды қабылдайтын, яғни, көптік, реттік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдайтын реттері бар.
Екінші бәйге оп-оңай, онан соң үшіншісі – күш сынасу (Сейфуллин). Мен біріншіні бітірдім, ол төртіншіде оқиды.
Сол сияқты, реттік сандар сөйлемде қолданылу мақсаттарына қарай түбір тұлға немесе шығыс септік жалғауының көнеруі арқылы қыстырма сөздер дәрежесінде қолданылады.
Бірінші, сіз ірі байлардың бірісіз (Мүсірепов).
Екіншіден, бергі жердің де жай – жапсары суреттелгенін көреміз (Ғабдуллин).
Үшіншіден, оны іздеп үстіне барудың ешбір қажеті жоқ.
Жинақтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракты сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады.Жинақтық сан есім -ау,-еу жұрнақтары арқылы жасалады.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.
Жинақтық сан есімдер субстантивтенгенде септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Колхозшылар жиналып,бұл екеуін қоршап алған.Екеуінің үйі қалаға көшкен,Үшеуінікі далаға көшкен.
Жинақтық сан есімдерден лексика-семантикалық,морфологиялық,синтаксистік тәсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалған.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудыру негізінде біреу сөзімен байланысты.Біреу жинақтық саны контексте қолдануда көбіне кісі,адам сияқты мағыналарды білдіру мақсатында есімдікке ауысқан.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,мал сұрап,біреуді алдап, біреуді арбап(Абай).
Жинақтық сан есімдерден -ла,-ле не -лап,-леп қосымшасы арқылы жаңа сөздер жасалады.
Біз үшеулеп жазғанбыз.Олар екеулеп оқыды.

Синтаксистік тәсіл арқылы жаңа сөздердің жинақтық сандардың қосарлануы арқылы жасалады.


Екеуден-екеу түнгі пароходтың тұмсығында ішіндегі сырларын ақтарысты(Жансүгіров).
Топтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі топтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың өз ара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Топтық сан есімдер дара не күрделі есептік сан есімдер мен болжалдық сандарға –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен қосымшасын қосып айту арқылы жасалады.Бұл қосымша грамматикалық сөз түрлендіруші форма ретінде шығыс септігінің жалғауы боп танылғанымен,қазіргі қазақ тілінің нормасында ондай негізгі септік жалғау мағынасынан алшақтап, топтық мәнді сан есімдер қатарына,яғни морфология-синтаксистік тәсіл арқылы сөз жасаушы қосымша қатарына ауысқан.
Оннан,жүзден қосақтап,Аямай-ақ қырады.Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырық-қырықтан үшке бөлдім(Момышұлы).
Болжалдық сан есімдер
Объективті өмірде зат,құбылыс атаулының барлық уақытта саны, мөлшері анық бола бермейді,сөйлеушіге заттардың саны нақтылы болмағанда оның шама, мөлшерін болжалдап қана айту тілде кең орын алады.Осыған байланысты тілде болжалдық сан есімдер қалыптасқан. Негізінен болжалдық сан есімдер тілімізде өте жиі қолданылады,оның жасалу мүмкіндігі де мол.
Қазақ тілінде сол сияқты басқа түркі тілдерінде болжалдық сан есім жасайтын өзіндік аффикс жоқ.Бірақ басқа сөз таптарының қосымшалары болжалдық сан есімде мүлде жоқ,жаңа мән алғаны сөзсіз.
«Қазақ тілі грамматикасында» болжалдық сан есімдердің морфологиялық және синтаксистік тәсіл арқылы жасалатыны көрсетілген(1967).Бұл еңбекте морфологиялық тәсіл арқылы болжалдық сандардың үш түрлі жолмен жасалатындығы көрсетіледі:
1)-ер жұрнағы арқылы жасалады.
Олар бірер күн аялдады.
2)-дай,-дей жұрнағы арқылы.
Іште қырық-елудей кітап,ішегі жоқ бір домбыра жатты.
3)-даған,-деген жұрнақ арқылы жасалады.
Ондаған мың қазақтар ата-мекендерінтастауға мәжбірболды.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер есептік сандардың өзара қосарлануы арқылы пайда болады деп көрсетіледі.
Оқудың біткеніне екі-үш күн болған еді.Аурухана бұл жерденқырық-елу километр.
Болжалдық мағына тілімізде сан есімдер мен астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты, сөздерінің тіркесе қолдануы арқылы да беріледі.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,Денесі биік жота, таудай басы(Сейфуллин).
Бөлшектік сан есімдер
Қазақ тіліндегі бөлшектік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіреді.
Шекарадан тек төрттің бірі ғана өтті.
Бөлшектік сан есімдер, негізінде таза математикалық ұғымдарға байланысты пайда болады да, тіркестегі сан есімдердің алғы компоненттеріне шығыс септік жалғаулары мен ілік септік жалғауларының үстемеленуі және соңғы компоненттеріне үшінші жақ тәуелдік жалғауларының қосылып айтылуы арқылы да беріледі.
Онда жарты миллиондай халық тұрады. Ол айына ширек сом да таппайды.
Сан есімдердің синтаксистік қызметі
Сан есімдер сөйлем ішінде анықтауыштың қызметін атқарады. Себебі : сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да,анықтайтын сөзінің алдында тұрады. Сөйлемде сан есімдермен қабыса, жанаса байланысатын сөздер ылғи сан есімдерден кейін орналасады. Бұл заңдылыққа тек жинақтық сандар бағынбайды.Сан есімдер субстантивтенген жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады.
Шолпан ол кезде төрт балалы әйел еді. Екеуі жүгіріп үйге кірді. Үшеуін үйіне Мария апай қонаққа шақырды. Қоймаға үш машина астық төгілді.
Бес жерде бес - жиырма бес.
Бақылау сұрақтары:
1.Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2.Сан есім және сандық ұғымды білдіретін сөздердің арақатынасы.
3.Сан есімнің зат есіммен тіркесімділігі.
4.Сан есімнің сын есіммен ұқсастылығы, ерекшелігі.
5.Сан есімнің мағыналық топтары.
6.Сан есімнің қызметі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы . – Астана . 2002.
2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі . – Алматы : Ана тілі. 1991 .
3. С.Исаев : Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты . – Алматы: Рауан, 1998.
4. Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы : Білім. 1967. 1 том.
5. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы.2005.
6. Н.Оралбаева.Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы.2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет