Морфология


 — сурет. Көкбауырдың құрылысы (Элленбергер жəне Траутман бойынша)



Pdf көрінісі
бет1004/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1000   1001   1002   1003   1004   1005   1006   1007   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

199 — сурет. Көкбауырдың құрылысы (Элленбергер жəне Траутман бойынша). 

а — көкбауыр қапшығы, 6 — перделіктер (трабекулалар), в — перделік артериясы, 

г — перделік венасы, д — лимфа түйіншесінің акшыл орталығы, е – орталык 

артерия, ж — қызыл жұмсак (пульпа), з — тамырлы перделік қынап. 

 

Көкбауырдың ақ жұмсағы пішіні дөңгелек немесе сопақ келген ақшыл-



сұр  түсті,  орталық  артерияның  сыртын  коршай  орналаскан  ұсақ  лимфа 

түйіншелерінің  жиынтығы.  Лимфа  түйіншелері  лимфа  түйінінің  аттас 

түйіншелеріне  сəйкес  келеді.  Орта  есеппен  ақжумсактың  үлесіне  жануарлар 

көкбауырларының 1/5 бөлігі, яғни 20% -ы тиеді. 

 Лимфа  түйіншесін  орталық  артерия  адвентициясында,  оны  айнала 

орналаскан  Т  —  жəне  В  —  лимфоциттер,  плазмоциттер,  макрофагтар 

құрайды.  Түйіншені  сыртынан  жалпақ  пішінді  ретикулоциттер  қаптап 

жатады.  Орталық  артерия  лимфа  түйіншесінің  орталығынан  тыс,  бір  шетіне 

жақындау  орналасады.  Лимфа  түйіншесі  бір-бірінен  анық  ажыратылатын 

төрт аймақтан тұрады. Олар: 1) периартериальды аймақ немесе Т — аймақ; 2) 

көбею  орталығы;  3)  жапқыш  (мантий)  аймағы;  4)  жиекті  (маргинальды) 

аймақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1000   1001   1002   1003   1004   1005   1006   1007   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет