Морфология



Pdf көрінісі
бет1012/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1008   1009   1010   1011   1012   1013   1014   1015   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

соңғы  пластинкамен  (lamina  terminalis)  бітеліп 

тұйықталады. 

Жүйке  түтіннің  жоғарғы  екі  жиегіндегі  білеуліктер  —  мезодерма 

сомитінің  сегменттеріне  сəйкес  бөліктерге  бөлініп,  олардан  болашақ 

омыртқалар 

санына 


байланысты 

жұп 


жұлындық 

жүйке 


түйіндері 

(ганглийлер) түзіледі. 

Ұрықтық даму кезеңінде жүйке түтігі ұрық қаңқасы қызметін атқаратын 

хорданың  жоғарғы  жағында  қалыптасып,  орналасу  орнына  қарай: 



хордаүстілік  (эпихордальды)  жəне  хордаалдылық  (прехордальды) 

бөліктерге бөлінеді. 

Эктодермадан  қалыптасқан  жүйке  түтігінің  қабырғасы  алғашқы  кезде 

бір  қабат  эктодермоцит  жасушаларынан  тұрады.  Кейінірек,  болашақ 

қызметтеріне  байланысты  эктодермоциттерден:  нейробласт  жəне  глиобласт 

жасушалары  жетіледі.  Нейробласттардан  жүйке  жүйесі  мүшелерінің 

құрылымдық  жəне  функциональды  бірлігі  нейроциттер  (нейрондар),  ал 



глиобласттардан  жүйкелік  глияның  (нейроглия)  макроглиялары  дамиды. 

Макроглиядан  өз  кезегінде  жүйкелік  глияның  үш  түрі  қалыптасады.  Олар: 

эпендимоциттер, астроциттер жəне олигодендроглиоциттер. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1008   1009   1010   1011   1012   1013   1014   1015   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет