Морфология


баулары  немесе  жұмсақ  баулар



Pdf көрінісі
бет1006/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1002   1003   1004   1005   1006   1007   1008   1009   ...   1132
баулары  немесе  жұмсақ  баулар  —  деп  атайды.  Бұлар  лимфа  түйініндегі 

бозғылтша  бауларға  сəйкес  келеді.  Жұмсақ  бауларда  плазмоциттер 

толықжетіліп,  моноциттерден  макрофатар  дамиды.  Көкбауыр  бауларының 

аралықтарында  қызыл  жұмсақтың  екінші  бөлігі  қанға  толған  вена 

қойнаулары орналасады. 

Көкбауырдағы  қанайналым.  Көкбауырды  артерия  қанымен  көкбауыр 

артериясы  қамтамасыз  етеді.  Ол  көкбауырға  қақпа  арқылы  еніп,  перделік 

артерияларына  тарамдалады.  Олар  перделіктер  боймен  көкбауыр  ішіне 

таралып, жұмсақтық артерияларына тарамдады. Олардан лимфа түйіншелері 

арқылы  өтетін  орталық  артериялар  таралады.  Орталық  артериялар  лимфа 

түйіншелерінен  шыққан  бойда  бірнеше  тармақтарға  бөлініп,  шашақты 

артериолаларға,  олар  өз  кезегінде  сопақша  артериолаларға  (гильзалар) 

тарамдалады. 

Бұлардың 

эндотелиоцитері  цитоплазмасында  жиырылу 

қызметін  атқаратын  микрофиламенттер  болады.  Сондықтан,  сопақша 

артериолалар  қанның  ағысып  реттеп  отыратын  қысқыштың  (сфинктердің) 

қызметін  атқарады.  Сопақша  артериолалар-вена  қойнауларына  ашылатын 

қан капиллярларына тарамдалады. Бұлар қан капиллярларының түйықталған 

түрі.  Кейбір  қан  капиллярлары  іікелей  ретикулалы  үлпаға  барып  ашылады. 

Бүларды  капиллярлардың  түйықталмаған  ашық  түрі  —  деп  атайды.  Вена 

қойнауларының 

диаметрі 

12-40 

мкм. 


Қабырғасын 

астарлайтын 

эңдотелиоциттер  үзілмелі  негіздік  жарғақта  орналасады.  Бірақ,  перициттер 

болмайды.  Вена  қойнауларынан  қан  веналарға  жиналып,  олар  бір-бірімен 

қосылып,  перделік  веналарға  айналады.  Перделік  веналардың  қабырғасында 

ет  қабығы  болмайды,  ол  тек  эндотелийден  тұрады.  Перделік  веналар 

перделіктермен  қақпаға  қарай  бағытталып,  өз  кезегінде  бір-бірімен  бірігіп, 

көкбауыр  венасын  түзеді.  Көкбауыр  венасы  қақпа  арқылы  вена  қанын  алып 

шығып, қақпалық венаға қосылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1002   1003   1004   1005   1006   1007   1008   1009   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет