Морфология



Pdf көрінісі
бет1009/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1005   1006   1007   1008   1009   1010   1011   1012   ...   1132
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 

 

Тірі организмдерге тəн қасиеттердің бірі — дененің тітіркенгіштігі, яғни 



оның  тітіркеністі  қабылдап,  оған  белгілі  дəрежеде  жауап  беру  қабілеттілігі. 

Жүйке  жүйесінің  жануарлар  организміндегі  қалыптасуы  мен  жетілуі  оның 

даму кезеңіндегі тітіркенгіштік қасиетіне тікелей байланысты. 

Жүйке  жүйесінің  филогенезі.  Біржасушалы  қарапайым  организмдерде 

тітіркеністерді  қабылдайтын  жəне  оларды  өткізетін  арнайы  құрылым 

болмайды.  Қарапайымдылар  қоршаған  ортадағы  өзгерістерді  денесінің 

сыртқы  бетімен  қабылдап  оларға  дене  қимылының  үйлесімсіз  өзгердімен 

жауап  қайтарады.  Жəңдіктердің  əсер  етуші  тітіркенгіштердің  белгілі  бір 

түріне  жауап  қайтару  реакциясын  таксис  —  деп  атайды.  Бұған  мысал 

ретіңде,  жасыл  эвгленаның  күн  сəулесіне,  инфузорияның  тұз  қышқылы 

ерітіндісіне  немесе  тұз  ерітінділеріне  кимыл-қозғалыс  түрінде  қайтаратын 




457 

 

жауабын келтіруге болады. Демек, бұл құбылыс аталған қаралайымдылардың 



дене 

құрылысында 

тітіркеністерді 

қабылдауға 

мамаңдана 

бастаған 

микроқурылымдардың  қалыптасып,  одан  əрі  жетілгендігінің  айғағы.  Атап 

айтқанда,  жасыл  эвгленадағы  көзше  мен  инфузория  цитоплазмасыңдағы 

өткізгіштікке  бейімделген  жіңішке  талшықтарды  осыңдай  кұрылымдарға 

жатқызуға болады. 

Көпжасушалы  қарапайым  жəндіктер  дене  құрылысында,  мысалы  тұщы 

су  гидрасында,  тітіркеністерді  қабылдау  (рецепторлық)  жəне  өткізу 

(эффекторлық)  қызметтерін  іске  асыратын  арнайы  жасушалардың  пайда 

болып,  қалыптасқандығын  айқын  байқауға  болады.  Бұларға  эпителий-

бұлшықет  жасушаларын  жатқызуға  болады.  Бұл  жасушалардың  сезімтал 

талшықшалармен  жабдықталған  сыртқы  рецепторлық  бөліктері  эктодерма 

жабыны  жасушаларының  ішінде,  ал  цитоплазмасында  жиырылғыш 

миофибрилла  — 

белоктық  жіпшелері  бар 

эффекторлық  бөліктері 

эктродерманың  астыңғы  жағында  орналасады.  Сөйтіп,  эпителий-бұлшық  ет 

жасушалары  рецепторлық  (қабылдағыш)  жəне  эффекторлық  (өткізгіш) 

бөліктерден  тұрады.  Бұл  жасушалардың,  рецепторлық  бөлігі  өзінің  сыртқы 

талшықшаларымен 

тітіркеністерді 

қабылдап, 

цитоплазмасы 

арқылы 


эпителий-бұлшық  ет  жасушасьшың  ішкі  эффекторлық  бөлігіне  өткізеді. 

Гидра денесінде эпителий бұлшық — ет жасушаларынан басқа, сезім мүшесі 

қызметін  атқаратын  жасушалар  да  кездеседі.  Оларға  сезімтал  жүйке 

жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) жатады. 

Эволюциялық 

дамудың 


нəтижесінде 

құрылысы 

күрделенген 

организмдерде  тітіркенгіштікті  іске  асырушы  жүйке  жасушалары  - 

нейроциттер  дененің  белгілі  бір  бөлігінде  топтаса  жинақталып,  болашақ 

қызметіне  байланысты  қалыптасады.  Нейроциттердің  топтасу  құбылысы 

дене  қимылы  біркелкі  үйлесімді  іске  асатын  кейбір  ішекқуыстыларда, 

мысалы, коралл полиптері мен медузаларда байқалады. 

Дене 

құрылысы 



бірбіліктілік 

жəне 


екіжақты 

симметриялық 

заңдылықтарына  сəйкес,  құрделене  дамыған  организмдерде  нейроциттердің 

топтасуы  айқын  көрінеді.  Аталған  жəндіктер  организмдерінде  нейроциттер 

топтасып, дененің ұзын бойын бойлай орналасқан жүйкелік бағандар түзеді. 

Нейроциттер бағанының алдыңғы ұшы дененің болашақ бас жағындағы сезім 

мүшелерінің  қызметін  қамтамасыз  ететін  жүтқыншақ  маңындағы  жүйкелік 

сақинаға айналады. Бұл жəндіктерде жүйкелік сақина жануарлардағы мидың 

қызметін атқарады. Орналасу орнына қарай жүйкелік сақина: жұтқыншақүсті 

жəне  жұтқыншақасты  жүйке  түйіндеріне  ажыратылады.  Жұтқыншақүсті 

жүйке  түйіні  дененің  бас  аумағындағы  сезім  мүшелерінің  (иіс  сезімі,  көру) 

қызметін үйлестіріп,  басқарып отырады.  Жұтқыншакасты жүйке  түйіні ішек 

түтігімен  тікелей  байланыста  дамиды.  Жүйке  жүйесінің  осындай  құрылысы 

насекомдарда  жақсы  жетілген.  Ал  олардағы  дене  сегменттерінің  пайда 

болуы,  тұтас  жүйке  бағанының  түйіндер  тізбегіне  ыдырауына  ықпалын 

тигізді.  Сөйтіп,  жүйке  бағаны  ішектің  төменгі  жағындағы  так  немесе  жұп 

құрсақтың  жүйке  түйіндері  тізбегіне  айналады.  Нейроциттер  жүйке 



458 

 

түйіндерінің  шеткі  жағында  орналасады.  Ал  олардың  орталығанда  жүйке 



талшықтары  жатады.  Насекомдардың  өзінде  жүйке  жүйесінің  орталық  жəне 

шеткі  бөлімдерін  ажыратуға  болады.  Жүйке  жүйесінің  орталық  бөліміне 

мидың  қызметін  атқаратын  жұтқыншақүсті  жүйке  түйіні  жəне  кұрсактың 

жүйке  түйіндері  тізбегін  жатқызады.  Ал  оның  шеткі  бөлімін  осы  аталған 

түйіндерден денеге таралатын жүйкелер мен жүйке талшықтары құрайды. 

Организмнің құрылысы күрделенген сайын нейроциттердің топтасу мен 

процесі  жүйке  жүйесі  құрылысының  күрделенуі  одан  əрі  жүреді.  Дене 

құрылысы жоғары құрылымды насекомдарда, мысалы, етке қонатын көк сұр 

шыбындарда,  құрсақтың  жүйке  түйіндері  бір-бірімен  бірігіп,  үлкен  бір 

көкірек  жүйке  түйініне  айналады.  Ал  жұтқыншақүсті  жүйке  түйіндері 

аталған  жəндіктерде  жақсы  жетілген.  Бір  айта  кететін  жайт,  жұтқыншақүсті 

жүйке  түйінінің  көру  бөлігі  ұшатын  насекомдарда,  ал  иістік  бөлігі  жерде 

тіршілік 

ететін 


жəндіктерде 

жақсы 


жетілген. 

Бұлармен 

қатар,  

жұтқыншақүсті  жүйке  түйінінде  орталық  жəне  оның  алдыңға  жағында 

орналасқан  саңырауқұлақ  тəрізді  денелер  болады.  Міне,  осы  денелерде 

насекомдардың күрделі инстинктерін (бал арасы,  құмырсқа т. б.) басқаратын 

аралық орталықтар орналасады. 

Хордалыларда жүйке жүйесі негізінен эктодермадан жəне мезенхимадан 

дамиды. Мысалы, хордалылардың ең қарапайым түрі  қандауыршада, жүйке 

жүйесінің орталық белімін  эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігі құрайды. 

Жүйке  түтігі  қандауырша  денесінің  басқа  біліктік  мүшелері  ішек  түтігі  мен 

хордадан  жоғары  орналасады..  Жүйке  түтігі  ұрықтық  дамудың  алғашқы 

кезеңінде  эктодерманың  орталық  бөлімінен  бөлінген  жүйке  пластинкасынан 

жетіледі. Жүйке пластинкасының екі жағы жоғары қарай иіліп, жүйке сайына 

айналады.  Оның  екі  жиегінде  жүйке  білеуліктері  қалыптасады.  Жүйке  сайы 

одан əрі жоғары иіліп, оның екі жиегі бір-бірімен жанасып,  ішінде орталық 

өзегі  бар  жүйке  түтігіне  ауысады.  Қандауырша  дамуының  соңыңда,  жүйке 

түгігі  жұлынға  айналады.  Жұлынның  орталық  өзегінің  ішкі  жағындағы 

қабаты  нейроцит  (нейрон)  денелерінен  құралған  сұр  заттан,  ал  оның  шеткі 

бетіндегі  қабаты  жүйке  талшықтарынан  түзілген  ақ  заттан  тұрады. 

Қандауыршаның  жүйке  жүйесі  денедегі  орналасу  орнына  қарай  орталық 

жəне шеткі бөлімдерге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұлын, ал 

шеткі  бөлімін  жұлыннан  дене  сегменттеріне  таралатын  жүйкелер,  жүйке 

талшықтары жəне жүйке ұштары құрайды. 

Хордалылар  типіне  жататын  басқа  омыртқалы  жануарлар,  дене 

құрылысының  құрделенуіне  сəйкес,  жүйке  жүйесі  құрылысында  да  күрделі 

өзгерістер  жүреді.  Омыртқалы  жануарлардың  даму  сатыларына  байланысты 

(балықтар, 

қосмекенділер, 

бауырымен 

жорғалаушылар, 

құстар, 


сүтқоректілер)  жүйке  жүйесінде  организм  қызметтерін  үйлестіруші, 

басқарушы  құрылымдар  жетіледі.  Жүйке  жүйесі  орталық  жəне  шеткі 

бөлімдерге  айқын  ажырайды.  Орталық  белімді  ми  мен  жұлын,  ал  шеткі 

бөлімді ми жəне жұлын жүйкелері мен вегетативті жүйкелер, олардың жүйке 

талшықтары  мен  ұштары  құрайды.  Жүйке  жүйесінің  орталық  бөлімінде 



459 

 

нейроцит  денелерінен  түзілген  сұр  зат  мидың  діңгекті  бөлімдері  мен 



жұлында  тереңде  жатады.  Аталған  мүшелердің  құрамында  жүйке  жүйесі 

жұмысында  маңызды  қызмет  атқаратын  торлы  құрылым  дамып  жетіледі. 

Ал  үлкен  ми  қыртысының  дамуы  құстарда,  əсіресе,  сүтқоректілерде  жоғары 

деңгейге  көтеріледі.  Жұлын  мен  ми  сүйығының  айналымын  қамтамасыз 

ететін  жұлынның  орталық  өзегі  мен  ми  қарыншалары  жетіледі.  Жүйке 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1005   1006   1007   1008   1009   1010   1011   1012   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет