Морфология



Pdf көрінісі
бет1015/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1011   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Микроглия  жасушалары  дамудың  соңғы  кезеңдеріне  қарай  орталық 

жүйке  жүйесі  мүшелерінде  мезенхимадан  қалыптасады.  Олар  ми  мен 

жұлынға  қан 

тамырлары 

арқылы 

келеді. 


Микроглия 

жасушалары 

нейроциттерді  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етумен  қатар,  қорғаныс 

қызметін де атқарады. 

 

ЖҰЛЫННЫҢ ДАМУЫ 

 

Жұлын  эктодермадан  калыптасқан  жүйке  түтігінің  эпихордальды 



бөлігінен  дамиды.  Жүйке  түтігін  құрайтын  эктодермоциттердің  даму 

процестері,  оның  қабырғасының  əр  түрлі  бөліктерінде  түрліше  жүреді. 

Жүйке  түтігі  қабырғасының  дорсальды  жəне  вентральды  екі  бүйіріндегі 

жасушалар  белсенді  түрде  көбейіп,  жедел  қалындай  бастайды.  Осының 

нəтижесінде 

жүйке 


түтігінің 

дорсальды 

оң 

жəне 


сол 

бүйірлік 

пластинкаларынан дорсальды оң жəне сол сезімтал бөлімдер, ал оң жəне сол 

төменгі  негізгі  пластинкаларынан  вентральды  оң  жəне  сол  қозғалтқыш 

бөлімдер  дамып  жетіледі.  Дорсальды  бүйір  бөлімдерге  жұлынның  жүйке 

ганглийлеріндегі  сезімтал  нейроциттер  аксондарынан  түзілген  сезімтал 

дорсальды  оң  жəне  сол  түбіршіктер  енеді.  Ал  жүйке  түтігінің  вентральды 

қозғалтқыш бөлімдерінен оң жəне сол вентральды түбіршіктер шығады. Олар 

қозғалтқыш  жүйке  талшықтарынан  тұрады.  Жүйке  түтігінің  аталған  дор-

сальды жəне вентральды бөлімдері аралығындағы қабырғалары — дорсальды 




462 

 

жабын  жəне  вентральды  жүйке  түгігі  түбінің  пластинкалары  жұқа  күйінде 



сақталады. 

Жүйке  түтігінің  жоғарыда  айтылған  бөлімдерінен  жануарлардың 

тіршілік  жағдайына  байланысты,  жұлынның  ақ  жəне  сұр  заттары  əр  түрлі 

арақатынаста бір-бірінен айқын ажырап жетіле бастайды. 

Балықтардағы  тұлға  бұлшық  еттерінің  күшті  жетілуіне  байланысты, 

қозғалтқыш  орталықтары  жинақталған  сұр  заттың  вентральды  бағандары 

жақсы  дамыған.  Балықтардың  сулы  ортадағы  қозғалысында  құйрыктың 

қозғалыс мүшесі ретіндегі маңызы өте зор. Сондықтан, олардың жұлынында 

құйрық бөлімі де жақсы жетілген. 

Құрлықтағы  жануарлардың  қаңқа  бұлшық  еттерімен  қатар,  тері  сезімі 

рецепторлары  да  жоғары  деңгейде  дамиды.  Осыған  байланысты  олардың 

жұлынындағы  сұр  заттың  біркелкі  қалыптасуы,  оның  ішінде  вентральды 

бағандармен  (қозғалтқыш)  қатар,  сезімтал  дорсальды  бағандардың  дамуы 

жəне  торлы  құрылымның  жетілуі  белсенді  жүреді.  Сонымен  катар, 

тітіркеністерді  өткізу  қызметін  атқаратын  ақ  заттың  қалыптасың  дамуы  да, 

жоғары дəрежеде жүреді. 

Құрлық  жануарлары  құйрықтарының  қозғалыс  мүшесі  қызметінен 

айырылып,  олардын  тіршілік  сипатына  қарай  əр  түрлі  дəрежеде  редукцияға   

шалдығуына  байланысты,  жұлын  құрылысында  да  бірқатар  өзгерістер 

байқалады.  Мысалы,  құйрықты  үй  жануарларында  жұлын  1-3  -інші  құйрық 

омыртқасына  дейін  созылатын  болса,  құйрығы  жетілмеген  адамда  1-2  -інші 

бел омыртқасына дейін ғана созылады. Ал ұшатын құйрықсыз жарғанаттарда 

жұлын  9  көкірек  омыртқалары  тұсында  аяқталады.  Демек,  жануарлар 

денесіндегі  құйрықтың  жетілуі  мен  жұлынның  дамуы  арасында  тікелей 

байланыс  байқалады.  Жұлынның  дамуына  жануарлардың  қимыл-қозғалыс 

түрлері,  қаңка  бұлшық  еттері  мен  тері  сезімінің  жетілу  деңгейлері  өз 

ыкпалын тигізеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1011   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет