464
сезімтал нейроциттер өсіңділерінен (дендриттерден, аксондардан) түзілген
жүйке талшықтары құрайды. Сезімтал нейроциттің дендриті мен аксоны,
оның денесінен бірігіп басталады да, біраз аралықтан соң, Т əрпі секілді екіге
ажырайды. Нейроциттер дендриттері түйіннен шығып, жұлынның аралас
жүйкелері құрамында шетке қарай бағытталып, тері сезімі рецепторларында,
ал ми жүйкелері құрамындағы сезімтал жүйке талшықтары бастың терісінің
рецепторларында аяқталады. Нейроциттер аксондары жұлынның дорсальды
сезімтал
түбіршігін
түзіп,
жұлынға
енеді.
Ганглийдегі
сезімтал
нейроциттердің денелері сыртынан бір қабат глия жасушаларымен қоршалып
жатады. Бұларды мантий глиоциттері — деп атайды. Глиоциттердің
дөңгелекше келген ядролары нейроцит денесінің сыртында бір қатарда
орналасады. Өз кезегінде глиальды қабық сыртынан жіңішке талшықты
дəнекер ұлпалық қабықпен қапталған. Дəнекер ұлпалық қабықтың
жасушалары ядроларының пішіні сопақ болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: