Морфология



Pdf көрінісі
бет1016/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

МИДЫҢ ДАМУЫ 

 

Мидың  жұлыннан  бөлініп,  жүйке  жүйесінің  негізгі  орталық  мүшесі 



ретінде  қалыптасуына,  эволюциялық  даму  нəтижесінде  организмнің  жеке 

бөліктерінің,  ішкі  мүшелер  мен  тамырлар  жүйелерінің  үйлесімді  қызмет 

атқаруын 

қамтамасыз 

ететін 

сезімтал, 

аралық 

жəне 


қозғалтқыш 

орталықтардың  көптеп  жетілуі  өз  септігін  тигізді.  Бастапқы  кезде  мидың 

бастамасы  жүйке  түтігінің  алдыңғы  жағында  өсінді  төмпек  ретінде 

қалыптасты.  Жұлынның  алдыңғы  жағындағы  ми  бөліктері:  сопақша  ми, 

артқы  ми,  ортаңғы  ми,  аралық  ми  жұлынмен  бірге  жүйке  түтігінің 

эпихордальды бөлігінен, ал соңғы ми оның прехордальды бөлігінен дамиды. 

Ми  бастамасының  дамуына  бірден-бір  себепкер  —  жануарлар 

организміндегі  сезім  мүшелерінің  (көру,  иіс  сезімі)  жетілуі.  Жүйке  түтігінің 

алдында қалыптасқан ми бастамасын біріншілік ми — деп атайды. Түтікше 

біріншілік  ми  кейіннен,  оның  сыртында  пайда  болған  көлденең  сай  арқылы 




463 

 

екі бөлімге бөлінді. Олардың аддыңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды. Сөйтіп, 



біріншілік  ми  көпіршікті  мига  айналады.  Оның  алдыңғы  бөлімі  біріншілік 

алдыңғы ми, орталық бөлімі ортаңғы ми, ал артқы бөлімі біріншілік артқы ми 

- деп аталады. 

Жануарлардың  филогенезі  мен  онтогенезіндегі  мидың  дамуы  бір 

жүйемен 

жүреді. 


Дамудың 

келесі 


кезеңдерінде 

үшкөпіршікті 

ми 

бескөпіршікті  миға  ауысады.  Біріншілік  алдыңғы  ми  жұп  алдыңғы  жəне 



тақартқы  бөліктерге  бөлініп,  алдыңғы  жұп  бөліктерден  соңғы  ми,  ал  артқы 

бөліктен  аралық  ми  қалыптасады.  Ортаңғы  бөлімінен  ортаңғы  ми  дамиды. 

Біріншілік  артқы  ми  екіге  болініп,  оның  алдынғы  бөлігінен  артқы  ми,  ал 

артқы  бөлігінен  сопақша  ми  қалыптасады.  Сүтқоректі  жануарлардан 

басқаларында  артқы  ми  тек  мишықтан  ғана  тұрады.  Сүтқоректілерде  үлкен 

ми  қыртысының  жетілуіне  байланысты,  мишықтың  төменгі  жағында  ми 

көпірі дамып қалыптасады. 

Төменгі  сатыдағы  жануарларда  аралық  ми  негізінен  гипоталамус  пен 

эпиталамустан  тұрады.  Гипоталамуста  жоғары  қыртысасты  вегетативті 

орталықтар  орналасады.  Ал  көру  томпегі  —  таламус,  тек  сүтқоректі 

жануарларда  дамып  жетіледі.  Таламустың  дамуы  да,  үлкен  ми  қыртысының 

қалыптасуына байланысты. 

Сөйтіп,  бескөпіршікті  мидан,  миға  тəн  оның  бес  тұрақта  бөлімдері 

дамып жетіледі. Мидың алдыңғы көпіршітінен: соңғы ми онық құрамында оң 

жəне сол ми жартышарлары — үлкен ми сыңарлары. жолақты дене, иіс миы 

жəне  аралық  ми,  ортаңғы  көпіршігінен:  ортаңғы  ми,  артқы  көпіршігінен: 

артқы  ми  жəне  сопақша  ми  дамиды.  Ми  көпіршіктерінің  қуыстары  дамып 

жетілген  мида:  ми  қарыншалары  мен  су  құбыры  өзегіне  айналады.  Соңғы 

мида:  оң  жəне  сол  бүйірлік  ми  қарыншалары,  аралық  мида:  үшінші  ми 

қарыншасы,  ортаңғы  мида  мидың  су  құбыры,  ромбы  тəрізді  мида:  төртінші 

ми  қарыншасы  дамиды.  Ми  қарыншаларының  куыстары  өзара  тесіктер 

арқылы  қатысып,  төртінші  ми  қарыншасының  қуысы  жұлынның  орталык 

өзегімен  жалғасып,  ми  мен  жұлындағы  сүйыктың  үздіксіз  алмасуын 

қамтамасыз етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет