алланто-хорион қабатын түзеді. Қан тамырлары күшті жетілген алланто-
хорионның бүрлері жатыр қабырғасындағы кірмелермен байланысып, ұрық
жолдасының (плацентаның) ұрықтық бөлігін құрайды.
Сірқабық (сероза) — бауырымен жорғалаушылар мен құстар ұрығының
сыртқы ұрық қабығы. Ол қорғаныс жəне газ алмасу қызметтерін аткарады.
Сірқабық
ұрықтантыс
эктодерма
мен
мезо-дерманың
париетальды
жапырағынан түзілген, қағанақ қатпарларының қосылуынан пайда болады.
Бүрліқабық (хорион) — құрсақта дамитын сүткоректілер ұрығы мен
енесінің организмдері арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеұлпа
ұрықжолдасын (плацента) жасауға қатысып, қорғаныс қызмеұлпа атқаратын
сыртқы ұрық қабығы. Бүрліқабық та, қағанақ қатпарларының қосылуы
нəтижесінде түзіліп, сыртқы ұрыктантыс эктодерма мен ішкі мезодерманың
париетальды жапырағынан дамиды. Оның қуысында хорион сұйығы болады.
Хорионның ішкі беұлпадегі мезодерманың париетальды жапырағы мен
аллантоистын сыртқы қабаты — мезодерманың висцеральды жапырағы
бірігіп, қан тамырлары жақсы жетілген алланто-хорион қабатын түзеді.
Алланто-хорионның бүрлері жатырдың кілегейлі қабығындағы кірмелерге
(крипталарға) еніп байланысып, əр түрлі жануарларда құрылысы түрліше
ұрықжолдасын (плацентаны) жасауға қатысады.
Ұрықжолдас (плацента) — алланто-хорион бүрлері (ұрықтық бөлік)
мен жатырдың кілегейді қабығының (енелік бөлік) байланысынан құрылып,
плаценталы сүтқоректілер ұрығының (іштөлінің) толық дамуын қамтамасыз
83
етеұлпа уақытша мүше. Ол жоғарыда аталған ұрықтық жəне енелік
бөліктерден ұрғашы жануардың буаздығы кезінде ғана түзіліп, іштөлі мен
ене организмдері арасында жүреұлпа зат алмасуды, экскреторлық (ұрық
үшін), механиқалық жəне иммундыбиологиялық қорганыстарды іс жүзіне
асырады. Сонымен қатар, ұрықжолдас ішкі секреция безінін қызмеұлпа
атқарады. Ол өзінен хориондық гонадогропин, прогестерон жəне төлді туар
алдында ене организмін желіндетеұлпа соматомаммотропи гормондарын
бөледі. Плацента ұрыктың дамуына қатерлі де зиянды заттарды, залалды
микроорганизмдерді епесіпің организмінен ұрыққа өткізбей, тосқауылдық
қызмет те атқарады. Алланто-хорион бурлерінін бүрліқабықтың сыртқы
беұлпаде орналасу сипатына карай плацентаның төрт түрі ажыратылады:
1. Шашыранды (диффузды) ұрықжолдас алланто-хорион бүрлері
хорионның сыртқы беұлпаде біркелкі шашырап орналасып, жатырдың
кілегейді қабығындағы кірмелермен байланыс түзеді. Бұндай плацента биеде,
інгенде, мегежінде, мəшіде (ұрғашы есек) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |