Морфология



Pdf көрінісі
бет129/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

 

1. Эпителий-хориоиды ұрықжолдас алланто-хорион бүрлерін қаптаған 

эпителий  ұлпасы  жатырдың  кілегейлі  қабығы  кірмелерінің  (бездерінің) 

эпителийімен жанасу арқылы байланысады. Жатыр эндометрийінің эпителий 



84 

 

қабаты  бұзылмай,  оның  тұтастығы  толық  сақталады.  Туғаннан  кейін 



бүрліқабық бүрлері жатыр эндометрийінен оңай ажырайды. Бұңдаи плацента 

биеде, мəшіде, інгенде, мегежінде болады 



2.  Дəнекерлі-хорионды  (десмо-хорнонды)  ұрықжолдас    алланто-

хорионның  эпителий  ұлпасымен  қапталған  бүрлері  жатыр  кірмесі  кілегейлі 

қабығының 

эпителий 

қабатын 

бузып, 


оның 

өзіндік 


тақташасына 

(пластинкасына)  еніп,  дəнекер  ұлпасымен  тікелей  байланысады.  Туғаннан 

кейін, бүрлер кірмелерден ажыраған кездегі зақымдалған жатырдың кілегейлі 

қабығы  сүйелшелеріндегі  эпителий  қабаты  жедел  қалпына  келеді. 

Плацентаның  бұл  түрі  күйісті  жануарларға  тəн.  Инфекциялық  ауруларға, 

мысалы, бруцеллезге шалдыққан малдарда төлді туғаннан соң, шудың түспей 

қалуы  жиі  кездеседі.  Хорион  бүрлері  микроорганизмдердің  əсерінен өрбіген 

қабыну процесі нəтижесінде дəнекер ұлпасына жабысып қалады. Сондықтан, 

күйіс  қайтаратын  жануарлардың  шуы  түспеген  жағдайда,  ауырған  малдан 

ауруды  мал  маманына  жұқтырып  алмау  үшін,  мал  дəрігерлік  көмекті  аса 

сақтықпен көрсеткен жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет