Қандауырша (ланцетник) эмбриогенезі
Қандауырша — денесінің ұзындығы 2-5 см, теңіздің жағаға жақындау
жерінде тіршілік етеұлпа, құрылысы тым қарапайым хордалы жануарлар
өкілі. Диаметрі 100-120 мкм жұмыртқа жасушасы
олиголецитті жəне гомолецитті овоцитке жатады. Ұрықтану кезінде
сперматозоид овоциттің анимальды полюсінен енеді. Кандауыршаның
ұрықтану процесі мен ұрықтың дамуы теңіздің ішінде, сыртқы сулы ортада
жүреді. Қандауырша зиготасы толық жəне біркелкі бөлшектенеді, бірінші он
бластомерлерінің бөлінуі синхронды жүреді. Бірінші бөлшектену сайы
меридианды бағытпен жүріп, ұрықты оң жəне сол бөліктерге, ал екінші сай
да меридианды бағытта біріншіге перпендикулярлы өтіп, ұрықты арқалық
(дорсальды) жəне құрсақтық (вентральды) бөліктерге бөледі. Үшінші сай
ұрықтың ортасымен ендік бағытта жүріп, оны алдыңғы жəне артқы
бөліктерге бөледі. Нəтижесінде 8 бластомерлер түзіледі. Бөлшектену процесі
жедел жүріп, ұрықтанғаннан кейінгі екі сағат ішінде пішіні шар тəрізді, іші
қуыс ұрық целобластулаға айналады. Целобластуланың қабырғасы —
бластодерманы бір қатарда орналасқан 1000 -нан аса бластомерлер құрайды.
Оның ішкі қуысы бластоцель — деп аталады.
Қандауырша ұрығында гаструляция процесі қынаптану арқылы жүреді.
Бластодерманың бір қабырғасы қарама-қарсы екінші қабырғасына қарай
майысып еніп, пішіні қынапқа ұқсас қапшық тəрізді екі қабат ұрық —
гаструлаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |