86
сүйірленеді де, бластопор тарылады. Дорсальды ернеу бластомерлері
белсенді бөлініп көбейеді де, ернеу жасушалары ұрықтың арқа жағына қарай
көшіп орын ауыстырып, дененің бастан құйрыққа дейінгі эктодерманың арқа
бөлігіндегі жасушаларға əсер етіп, біріншілік эктодерманың арқылық
бөлігінен жүйке пластинкасының түзілуіне ықпалын тигізеді. Жүйке
пластинкасы төмен қарай иіліп, оның екі қапталдағы жиектері жоғары
көтеріліп қосылып, жүйке түтігін жасайды.
Жүйке түтігімен тығыз байланысқан, оның екі бүйіріндегі ұзынынан
өтеұлпа жүйке буылтықтарынан ганглионды пластинкалар жетіледі. Ал
біріншілік эктодерманың жүйке пластинкасы жиектерімен шектескен шеттері
жоғары жүйке түтігінің үсұлпае көтеріліп, бір-бірімен қосылып бірігіп,
Достарыңызбен бөлісу: