36 — сурет. Тауық жұмыртқасының ұрық табақшасы (дискобластула)
А — бөлшектенудің соңғы кезеңі, Б - дискобластула. 1 - бластомерлер, 2 - эктодерма,
3 - бластоцель, 4 - сарыуыз.
37 — сурет. Тауық ұрығының гаструляциясы А — ұрық қалқаншасыңдағы
жасушалар ағыны, Б — хордомезодерма өскінінің пайда
болуы (Кнорре бойынша)
1 — эктодерма, 2 — болашақ жүйке пластинқасының материалы, 3 — болашақ
хорданың материалы, 4 — біріншілік түйін, 5 — біріншілік шқңқыр, 6 — біріншілік
жолақ, 7 — біріншілік сай, 8 — хорда, 9 — мезодерма. Қара жебелер (стрелкалар)
эктодерма құрамындағы жасушалар ағындарының бағыттарын, ал пунктирлі жебелер
мезодерма құрамындағы жасушалар ағындарының бағыттарын көрсеткен.
Гаструляцияның бірінші кезеңінде көпқабатты ұрық табақшасының
жасушалары екіге жарылып, қос қабатты гаструлаға айналады. Оның сыртқы
бластомерлер қабаты — эктодерма, ішкі жасушалар қабаты — энтодерма.
Екінші кезеңде ұрық қалқаншасынын жасушалары белсеңді көбейіп, оның екі
қапталындағы жасушалар ағыны ұрыктың болашақ қүйрығы бағытында екі
жақтан артқа қарай жылжиды.
Жасушалар ағындары ұрық қалқаншасының артқы жиегінде бір-бірімен
тоғысып қосылады да, ұрық қалқаншасының ортасымен алға қарай жылжи
көшіп, ұрық денесінің білігі бойымен ұзынынан орналасқан жұмыр
жасушалар жиынтығы — біріншілік жолақты түзеді. Біріншілік жолақтың
89
алдыңғы үшы дөңгелене жуандай қалыңдап, біріншілік түйінді құрайды.
Біріншілік жолақ пен біріншілік түйін жасушалары ұрық қалқаншасының
астыңғы беұлпадегі қуысқа (гастроцельге) қарай көшуі нəтижесінде,
біріншілік жолақ орнында біріншілік сай, ал біріншілік түйін орнында
Достарыңызбен бөлісу: |