90
сарыуыз қапшыгының қан тамырларымен сарыуыз жəне белоқтан кіндік
тамырлары арқылы жеткізіледі. Ішбалапан организмі мен сыртқы орта
арасындағы газ алмасуды жұмыртқа қауызына тығыз жанасып жатқан
несепқабық-сірқабық қан тамырлары қауыз тесіктері арқылы іс жүзіне
асырады. Эмбрион қаңқа сүйектерінің дамып өсуіне керекті кальций мен
фосфор тұздары қауыздан (ізбест қабық) қан арқылы аталған қабықтар қан
тамырлары, оларды ерітіп сорып, алып келеді. Инкубацияның 16-17 -
тəулігінде ұрық қағанақ сүйығын жұтып, қосымша қоректенеді. Ал,
эмбриогенездің 18 -19 -күндері несепқабық кеуіп, қан тамырлары істен
шыққаннан соң, балапан жұмыртқаның доғал ұшындағы ауалы камера
ауасымен өкпе арқылы дем алады. 20-21 күндері ауалы камерадағы ауа
құрамындағы оттегі таусылып, оның жетіспеуі мидағы тыныс алу
орталығына əсер етеді. Балапан қозғалып, тұмсығымен қауызды шоқып
жарып шығады.
Тауық балапанының эмбриондық дамуы бойынша Г.А. Шмидт пен
М.Н.Рогозиннің кезеңдік жіктеуі:
1. Ұрықтық кезең — бірінші 8 күн. Ұрықта бөлшектену, гаструляция,
гистогенез, органогенез процестері жүріп, дене құрылысы қалыптасады,
сарыуыздық қан айналым мен несепкабық жетіліп, олар қызмет атқара
бастайды.
2. Ішбалапаналды кезең — 8-13 – күндер. Ұрық қабыктары толық
жетіліп, сарыуыздық қан айналыммен қатар, ішбалапан қағанақ сүйығымен
де қоректенеді, тынысты несепқабық қан тамырлары арқылы алады.
3. Ішбалапан кезеңі — 13-20 - күндер. Балапанның денесі толық жетіліп
өседі. Қағанақ сұйығын жұтуға байланысты ас қорыту мүшелері жұмыс
жасай бастайды.
4. Жарып шығу кезеңі — 20-21 - күндер. Ішбалапан өкпесі арқылы
ауалы камера ауасымен дем алады. Камерадағы ауа таусылганнан кейін,
оттегінің жетіспеушілігі балапанның миындағы тыныс алу орталығына əсер
етіп, ішбалапан қозғалып, тұмсығымен шоқып, қауызды жарып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: