Дентинді сүйек ұлпасы — жануарлар тісінің дентин қабатын құрайды.
Дентинді сүйек ұлпасының остеоциттері жасушаарлық зат — сүйек
пластинкаларынан тыс орналасады. Сүйек ұлпасына олардың тек өсінділері
кіріп жатады.
Сүйек ұлпаларының жасушаларына остеобласттар, остеоциттер жəне
остео-класттар жатады.
Остеобласттар — пішіні цилиндр тəрізді, диаметрі 15-20 мкм, ірі
ядросында 1-2 ядрошық орналасқан жас сүйек жасушасы. Цитоплазмасында
белоктарды синтездеуге белсенді қатысатын органеллалар (гранулалы
эндоплазмалық тор, Гольдж кешені, митохондриялар) жақсы жетілген жəне
минералдық зат алмасуда маңызды роль атқаратын РНҚ, белсенді
ферменттер,
оның
ішінде
сілтілі
фосфатазалар
көптеп
кездеседі.
Остеобласттар бөлініп көбеймейді. Олар негізінен жасушааралық затты
(сүйек
апатиті
сіңірілген
коллаген
талшықтары—
оссеин
мен
оссеомукоидты) түзеді. Толық пісіп жетілген остеобласттар жасушааралық
затты түзу процесін тоқтатып, өздері жасаған жасушааралық заттың
аралығында қалып, остеоциттерге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |