133
заттың тұздар құрамын жəне сүйек ұлпасындағы жалпы зат алмасуды
реттеуге қатысады. Тіршілігін тоқтатқан остеоциттерді остеокласттар сүйек
ұлпасындаға бөгде зат ретінде қармап, фагоцитоз арқылы ерітіп жояды.
Остеокласттар — диаметрі 90-100 мкм -дей көп ядролы ірі жасушалар.
Олар ескірген сүйек ұлпасы бөліктерін ерітіп жоюға маманданған,
моноциттерден жетілетін макрофагтар. Остеокласттар цитоплазмаларында
гидролиттік ферменттерге бай көптеген лизосомалар, митохондриялар жəне
Гольдж кешені болады. Сүйек ұлпасы жағындағы остеокласттардың
плазмолеммаларында фагоцитоз процесіне қажет ферменттерді бөлетін
өсінділері, ал цитоплазмаларында гидролиттік ферменттер жиналған
көптеген
көпіршіктер
болады.
Остеокласттардың
ядролары
еріту
ферменттерін бөлетін плазмолемма өсінділеріне қарама-қарсы жағындағы
цитоплазмаларында орналасады. Остеокласттар бұзылып, қайта кұрылып
немесе даму сатысындағы шеміршектер мен сүйектер аймақтарында көптеп
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: