телофрагмалар мен мезофрагмалар кұрылымдарын титин жəне небулин
белоктары құрайды. Телофрагма (Z сызығы) миосимпластқа көлденең
орналасып, миофибриллалардың кұрылымдық бірлігі — саркомерлерді
шектеп, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Телофрагманы кұрайтын белоктар
молекулаларының торы миосимпласт сарколеммасымен байланысып,
миофибриллалар үшін тіректік қызмет атқарады. Телофрагманың қалындығы
100 нм. Миофибрилланың көрші екі телофрагма аралығындағы саркомердің
қақ ортасында мезофрагма (М - сызығы) орналасады. Мезофрагма да
жоғарыда аталған белоктардан түзілген. Бұлар да тіректік қызмет атқарады.
Мезофрагмадан телофрагмаға қарай миозин миофиламенті, ал телофрагмадан
мезофрагмаға қарай актин миофиламенті бағытталып кездесіп, бір-біріне
жанаса кіріп, біраз аралықта параллельді орналасып, кірмелер түзеді.
I*
Миофибриллаларды құрайтын миозин мен актин филаментерінің өзара
орналасу орындары ерекше. Диаметрі 10 нм, үзындығы 1,5 мкм əр бір миозин
филаментін, диаметрі 5 нм, ұзыңдығы 1 мкм алты актин филаменті қоршап
жатады. Тек миозин филаментінен құралған М сызығының екі жағындағы
ақшыл аймақты Н жолақ - деп атайды.
139
Телофрагма аймағында миосимпласт сарколеммасы ішке қарай
Қатпарлана еніп, көлденең түтікшелер (Т- түгікшелерді) түзеді. Олардың
құамына негіздік жарғак кірмейді. Актин миофиламенттері - изотропты (I)
Достарыңызбен бөлісу: |