Морфология


Миелинсіз  жүйке  талшығын



Pdf көрінісі
бет251/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Миелинсіз  жүйке  талшығын  біліктік  цилиндр  мен  оны  сыртынан 

қаптап  тұрған  бір  қабат  нейролеммоциттер  құрайды.  Миелинді  жүйке 

талшығына  қарағанда  миелинсіз  жүйке  талшығы  жіңішке  болып  келеді. 

Миелинсіз  жүйке  талшықтарының  орташа  диаметрі  0,5-2  мкм  -  дей  болады. 

Олар  жүйке  толқындарын  0,6-0,8  м/сек.  жылдамдықпен  өткізеді.  Біліктік 

цилиндр  (нейроциттің  өсіндісі:  дендрит,  аксон)  өте  жіңішке      құрылым.  Ол 

нейролеммамен 

қапталған 

нейроплазмадан 

жəне 


оның 

ішіндегі 

нейрофиламенттер  мен  нейротүтікшелерден  құралған  нейрофибриллалардан 

тұрады. Біліктік цилиндрдің орташа диаметрі 15 — 40 нм тең. Бір миелинсіз 

жүйке  талшығының  ішінде,  əдетте,  бірнеше  біліктік  цилиндр  болады. 

Оларды 


қаптап 

жатқан 


леммоциттердің 

плазмолеммалары 

білікті 

цилиндрлерді  сыртынан  орау  кезінде бір-біріне  тығыз  жанасып,  қабатталған 

жарғақтық  құрылымды  құрайды.  Бұл  құрылым  мезаксон  —  деп  аталады. 

Миелинсіз 

жүйке 

талшығының 



сыртқы 

қабығын 


құрайтын 

нейролеммоциттер 

өте 

жұқа 


болғандықтан,  олардың  цитоплазмасы 

көрінбейді.  Тек,  олардың  ұзынша  келген  ядролары  ғана  анық  көрінеді. 

Нейролеммоциттердің  ядролары  біліктік  цилиндрдің  сыртында  бір  қатарда 

орналасады. 



 

74 — сурет. Миелинсіз (үлпектсіз) жүйке талшығы (Кахал бойынша). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет