Морфология



Pdf көрінісі
бет254/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Сезімтал  жүйке  ұштары  немесе  рецепторлар  (лат.  receptor  — 

қабылдағыш, 

қабылдайтын) 

сезімтал 

нейроциттер 

дендриттерінің 

тітіркеністерді  қабылдауға  маманданған  соңғы  ұштары.  Олар  жануарлар 

организмінің  əр  түрлі  ішкі  мүшелерінен  жəне  қоршаған  сыртқы  ортадан 

келетін  тітіркеністер  энергиясын  қабылдап,  жүйкелік  қозуға  айналдыруға 



148 

 

бейімделген. Сезімтал жүйке үштарының организмдегі орналасу орындарына 



жəне  қабылданатын  тітіркендіргіштер  табиғатына  байланысты  рецепторлар: 

экстерорецепторлар, проприорецепторлар жəне интерорецепторлар болып үш 

топқа  бөлінеді.  Экстерорецепторлар  (лат.  exter  —  сыртқы  жəне  рецептор) 

тітіркеністерді сыртқы ортадан, проприорецепторлар (лат. proprius — өзіндік, 

меншікті жəне рецептор) тірек-қимыл аппаратынан (бұлшық еттерден, қаңқа 

сүйектерінен,  буындардан),  интерорецепторлар  (лат.  interior  —  ішкі  жəне 

рецептор)  ішкі  мүшелерден  қабылдайды.  Жануарлар  денесіндегі  сезімтал 

жүйке  үштары  арнайы  маманданудың  нəтижесінде  тек  өздеріне  тəн 

тітіркендіргіштер  əсерлерін  ғана  қабылдайды.  Осыған  сəйкес  олар: 

механорецепторлар 

(механикалық 

тітіркеністерді), 

терморецепторлар 

(ыстық, 


суықт.б. 

температуралық 

тітіркеністерді), 

барорецепторлар 

(қысымдық  тітіркеністерді),  хеморецепторлар  (химиялық  тітіркеністерді), 

фоторецепторлар 

(жарық 

сəулелерін, 

заттардың 

түрі-түсін) 

болып 

ажыратылады. 



Дендриттердің 

соңғы 


ұштарының 

құрылысына 

байланысты 

рецепторлар:  жалаңаш  сезімтал  жүйке  ұштары  жəне  қапталған  сезімтал 

жүйке ұштары болып екі топқа бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет