Морфология


 — сурет. Мультиполярлы нейроцит



Pdf көрінісі
бет247/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

72 — сурет. Мультиполярлы нейроцит 

1 — нейроцит денесі (перикарион), 2 — нейроцит өсінділері, 3 — нейроцит ядросы, 

4 — ядрошық, 5 — базофилді зат. 

 

 



Жүйкелік глия 

Жүйкелік  глия  (нейроглия)  —  нейроциттер  үшін  тіректік, 

қоректендіру,  оқшаулау,  бөлінділер  бөлу  жəне  қорғаныс  қызметтерін 

атқаратын  жүйке  ұлпасының  жасушалары.  Жүйкелік  глия  өз  кезегінде 

макроглия  жəне  микроглия  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Макроглия 

жасушалары  (глиоциттері)  жүйке  түтігі  нейроциттерімен  қатар  дамиды. 

Макроглияга эпендимоциттер, астрошптер жəне олигодендроциттер жатады. 

Микроглия —  жүйке  ұлпасында  қорғаныс  қызметін атқаратын  макрофагтар. 

Ол мезенхимадан дамитын ішкі орта ұлпасының өкілі. 

Эпендимоциттер — жүйке жүйесі мүшелерінде шекаралық орын алып, 

ми  қарыншалары  мен  жүлын  өзегінің  ішкі  бетін  астарлайтын  жүйкелік  глия 

жасушалары.  Олардың  пішікі  текше  немесе  призма  тəрізді  болып  келеді. 

Эпендимоциттің  ми  жəне  жұлын  қуыстарына  қараған  бетінде  кірпікшелері 

болады,  ал  оның  қарама-қарсы  жүйке  ұлпасына  қараған  жағындағы  бетінен 

шығатын  ұзын  осінділері  нейроциттер  үшін  тіректік  қызмет  атқарады. 




145 

 

Сонымен қатар, аталған өсінділер жүйке жүйесі мүшелерінің қан тамырлары 



маңында  жəне  жүйке  мүшелерінің  сыртқы  бетінде,  жүйке  ұлпасын  басқа 

ұлпалардан оқшаулайтын шекаралық жарғақтарды түзуге қатысады. 

Эпендимоглиоциттер  жүйке  мушелері  куыстарына  немесе  қанғаа  эр 

түрлі белсенді заттар бөлу арқылы секреторлық қузмет те атқарады.      

 

Астроциттер құрылысына байланысты протоплазмалық (қыска сəулелі) 

жəне  талшықты  (ұзын  сəулелі)  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Протоплазмалық 

астроцитгердің  өсіңділері  қысқа  жəне  тармақталып  жатады.  Ядроларының 

хроматины  аз,  цитоплазмасында  митохондриялар  көптеп  кездеседі.  Бірақ, 

эндоплазмалық  тор  мен  рибосомалар  нашар  жетілген.  Протоплазмалық 

астроциттер  негізінен  орталық  жүйке  жүйесі  мүшелерінең  сұр  затыңда 

орналасып,  олардағы  зат  алмасуға  қатысады  жəне  шекаралық  оқшаулау 

қызметін атқарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет