Морфология


 — сурет. Пластинкалық денешік (Фатер-Пачини денешігі). Клар бойынша



Pdf көрінісі
бет259/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   1132
76 — сурет. Пластинкалық денешік (Фатер-Пачини денешігі). Клар бойынша 

1 — сыртқы қапшық (дəнекер ұлпалық қапшык), 2 — ішкі бадана 

(глиялыққабык), жүйке талшығының сезімтал жүйке ұшы 

 

Басқа  денешіктердің  құрылысы  да  пластинкалық  денешік  құрылысына 



ұқсас. Жүйке-ет ұршығы бұлшық ет талщықтарындағы сезімтал нейроциттер 

дендриттерінің  соңғы  тармақтары.  Сезімтал  жүйке  ұштары  бұлшық  ет 

талшығын  сыртынан  ұршық  тəрізді  шырмап,  сыртынан  дəнекер  ұлпасы 

қапшығымен қапталған. 



Қозғалтқыш  жүйке  ұштары  немесе  эффекторлар  (лат.  effector  -

орындағыш, 

орындайтын, 

əсер 


ететін) 

қозғалтқыш 

нейроциттер 

аксондарының  орындаушы  мүшелерде  (ішкі  мүшелер  мен  қан  жəне  лимфа 

тамырлары  қабырғаларындағы  етті  қабықтар  мен  қабаттар,  бұлшық  еттер, 

бездер)  аяқталып,  олардың  қызметтеріне  əсер  ететін  соңғы  ұштары. 

Эффекторлар  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  мен  бездер  паренхимасында 

жалаңаш  жүйке  ұштары  түрінде  орналасады.  Ал,  көлденең  жолақты  ет 

ұлпаларында  эффекторлар  бұлшық  ет  талшықтарымен  жүйке-ет  синапсын 

(жанасу  арқылы  байланыс)  түзеді.  Эффекторлы  (қозғалтқыш)  нейроцит 

аксоны  ет  талшықтарына  жақындап  келіп,  сыртқы  глиялық  қабығынан 

арылып, бірнеше соңғы тармақтарға (терминалдарға) таралады. Терминалдар 

ет талшықтарының плазмолеммасын талшық ішіне қарай ығыстыра үңгілене 

еніп,  ет  талшығы  плазмолеммасымен  түйісе  жанасады  да,  жүйке  ет 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет