Жалаңаш сезімтал жүйке ұштары — сезімтал нейроциттер
дендриттерінің ешқандай қабықпен қапталмаған жалаңаш соңғы тармақтары.
Олар көбіне эпителий жəне дəнекер ұлпаларында кездеседі. Аталмыш
рецепторлар, əсіресе, сиырдың жəне қойдың қаңсарлары мен жылқы ернінің
эпидермистері
эпителиоциттерінің
аралықтарында,
тері
түктері
фолликулдарының айналасындағы дəнекер ұлпасында көптеп орналасады.
Жалаңаш сезімтал жүйке ұштары өздері жүйкелендіретін кұрылымдарды
сыртынан шырмай қаптап жатады. Олардың пішіндері жекеленген тармақтар,
шумақ немесе ілмек тəрізді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |