Қапталған сезімтал жүйке ұштары да, сезімтал нейроциттер
дендриттерінің соңғы тармақтары. Бірақ, жүйке ұштары жалаңаш емес. Олар
арнайы сезгіш қабықтармен немесе қапшықтармен қапталған. Қапталған
сезімтал жүйке ұштары өз кезегінде: қапшықталмаған жəне қапшықталған
рецепторлар болып екіге бөлінеді.
Қапталған қапшықталмаған рецепторларда сезімтал нейроциттер
дендриттерінің
соңғы
жүйке
ұштары
сыртынан
арнайы
сезімтал
эпителиоцитермен немесе глиоциттермен қапталған. Бұндай рецепторларға
сезгіш тегіршіктерді (Меркел дискісі) жатқызуға болады. Терінің көпқабатты
жалпақ эпителийі жасушаларының араларындағы дендриттердің сезімтал
жүйке ұштары сыртынан ерекше сезгіш глиялық жасушалармен қапталып,
қысымдық тітіркеністерді қабылдайды. Сезгіш тетіршіктер шошқаның
жалпақ тұмсығында көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |