Морфология



Pdf көрінісі
бет306/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   1132
Ерекшеліктері.  Жылқыда  тісше  өсіндінің  дорсальды  беті  жалпақ 

келеді.  Жоталық  қыры  каудальды  бағытта  екіге  ажырап,  каудальды  буын 

өсінділерімен жалғасып кетеді. 

Сиырда,  қойда,  ешкіде  тісше  өсіндінің  пішіні  іші  куыс  жартылай 

цилиндірге  ұқсас.  Жоталық  қыр  шығыңқы  төртбұрышты  жалпақ  болып 

келеді. 



170 

 

Шошқада  тісше  өсінді  конус  тəрізді.  Жұқа  жалпақ  жоталық  қырдың 

артқы жағы көтеріңкі келеді. 

Итте тісше өсінді жіңішке цилиндр тəріздес. Жоталық қыр краниальды 

бағытта  тісше  өсінді  деңгейіне  дейін  созылып,  ал  артқы  бағытта  каудальды 

буын  өсінділеріне  қосылып  кетеді.  Алдыңғы  омыртқааралық  тесіктің 

орнында омыртқааралық ойық (incisura intervertebralis) болады. 

Ортаңғы  мойын  омыртқаларға  үшінші,  төртінші  жəне  бесінші  мойын 

омыртқалары  жатады.  Олардың  кұрылысы  бір-біріне  ұқсас.  Омыртқа  басы, 

краниальды буын өсіндісі жақсы жетілген. Екі бүйірінде қан тамырлары мен 

жүйкелерге  арналған  көлденең  тесіктер  болады.  Көлденең  өсінділері 

қосарланып,  өз  кезеңінде:  жоғарғы  көлденең  жəне  төменгі  қабырғалық 

(қабырға қалдығы) өсінділерге ажырап тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет