Төменгі жақ сүйек (нижняя челюстная кость) — mandibula — ауыз
қуысы төменгі бөлігінің сүйектік негізін құрайтын жұп сүйек. Оң жəне сол
төменгі жақ сүйектердің аралығында сүйекаралык немесе жақаралық кеңістік
қалады. Оң жəне сол төменгі жақ сүйектер жылқы мен шошқада бір-бірмен
тұтаса байланысып кетеді, ал күйісті жануарлар мен итте шеміршек арқылы
байланысады. Төменгі жақ сүйекті сүйек денесі жəне жақ сүйек бұтағы
құрайды.
Төменгі жақ сүйектің денесі (corpus mandibulae) тұмсық (pars incisiva)
жəне азутістік (pars molaris) бөліктерінен тұрады. Оң жəне сол төменгі жақ
сүйектердің тұмсық бөліктері бір-бірімен байланысып, альвеолалар
доғасын (arcus alveolaris) түзеді. Оның сыртқы дөңес келген ерін беті (facies
labialis) жəне ішкі ойыс келген тілдік беті (facies linqualis) болады. Альвеола
доғасының тұмсық бөлігінде күрек тістер, ал азутістік бөлігінде азу тістер
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |